Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Класс ұжымына мінездеме беру үлгісі




1. Кластағы оқушылар туралы жалпы түсінік жəне оның қалыптасу тарихы (оқушылар саны, олардың ішіндегі ұлдары мен қыздары, жас мөлшері, кластан класқа көшпей қалғандар саны, кластың басқа класпен қарым-қатынасы, класс жетекшісінің ауысуы т.б.)

2. Класс ұжымының жетекшісі жəне ұйымдастырушысы:

а) Кластың ұйымдастырушы орталығы, белсенділігі, староста жəне оның жұмысы. Кластағы белсенді оқушылардың мінездемелері (олардың сана сезімінің деңгейі, инициативасы), өзбетімен еңбек ету мен қайсарлылығы, өздеріне жəне басқаларға талап қоя білуі, достарының арасында беделді болуы, ұйымдастыру қабілеттері достарына деген қамқорлық, қоғамға деген көзқарастар.

ə) Класс ұжымындағы басқа да сайланбаған «лидерлердің» саны, олардың мінезі мен класс ұжымына əсері, олардың тигізетін əсерінің себептері, кластағы «шетке шығып қалғандар» саны, шетке шығарудың себебі жəне оны анықтау жолдары, оларға жолдастарының қарым-қатынасы.

б) Ұжым ішіндегі қарым-қатынас (кластың ұйымшылдық деңгейі, жеке топтарға бөлінуі немесе оның болмауы, олардың ішкі деңгейі мен кластың жалпы жұмысына қызығушылық деңгейі, алма-кезек талап қоя білудің, жолдастық қамқорлықтың, сыйластықтың көрінуі), өзара сын. Ұлдар мен қыздардың арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктері. Жолдастық жəне достық қарым-қатынастың жеке ұжым арасында пайда болуы.

в) Класс жетекшісінің жеке бас жəне оның класқа əсері (білімділігі, оқушы психологиясын білуі, мəдениеті, ұйымдастырушылық қабілеті жəне олардың қызығуларын білуі т.б.) Класс жетекшінің класс оқушыларына қатынасы, оның оқушылар арасындағы беделі.

3. Ұжымдық жұмыстың мазмұны мен сипаты:

а) Оқу əрекеті (жалпы оқу үлгерімі мен тəртіп, кластың жоғары оқу үлгерім үшін күресі, жеке оқушылардың оқу үлгерімін қадағалау. Оларға деген класс жетекшінің, класс белсенділерінің, ұжымның талабы, өзара көмек, оның формасы мен ұйымдастырылуы, оқу əрекетіндегі кластың тəртібі (сабақта жəне үй тапсырмасын орындағанда, оқу жұмыстарындағы зиянды нəрселер шпаргалкалар, көшіріп алулар, жасырын көмек).

ə) Оқудан тыс кластың өмірі. Саяси жаңалықтарға, өнерге, əдебиетке, спортқа, коллекция жинауға деген қызығулар. Осы қызығулардың пайда болу формалары (оқу конференциялары, театрға, киноға бару, КВН, диспут өткізу, т.б.), класс оқушыларының мектеп өміріне араласуы.

б) Қоғамдық пайдалы жұмыс жəне оның кластан тыс өмірдегі орны, еңбектің түрлері жəне оның орындалуында қоғамдық еңбекке деген саналы тəртіптің пайда болуы.

4. Жалпы қорытынды. Класс оқушыларының дамуының деңгейі.

Тəртіптілік сипаты. Ұжым өміріндегі кемшіліктер жəне оларды жою жолдары.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных