Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Жеке тұлғаның танымдық процестерін зерттеу




1.1.Тест. «Мен кіммін?» мына бес фигураның (шаршы, тіктөртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелек, қисық сызық) өзіңе ұнағанын немесе қалағаныңды таңда.

1) Егер сен шаршыны тандаған болсаң. Сен өте еңбекқор және ісіңді сонына дейін жеткізгенді ұнататын жансың. Саған ең ауыр, ең қиын жұмысты сеніммен тапсыруға болады.Сенің жақсы жақтарың: дәлдік, ұқыптылық, жауапкершілік, сақшылдық. Сен бүкіл жерде тәртіпті жақсы көресің, сенің бөлмеңде барлығы өз орындарында жатады. Сен ашық-шашық болып жүргенді ұнатпай, күнделік жазып жүргенді ұнатасың.

 

 

 

2) Егер сен тіктөртбұрышты тандаған болсаң. Сен өте ұшқалақ мінездісің. Сенің көңіл-күйің және қалауың күніне бірнеше рет өзгеруі мүмкін.Сен өзіңе не керектігін де білмейсің. Бірақ сонымен қатар сен білімге құштарсың, кітап оқығанды, жаңа бір нәрсені ұғынғанды ұнатасың. Шешім қабылдауға батылдық жетпейді.

Кеңес: шешім қабылдап үйренгенің жөн болар.

3) Егер сен үшбұрышты тандаған болсаң. Мүмкін сен жаныңдағы адамдар арасында көшбасшы боларсың. Сен басшы болғанды және өзіңе назар аудартқанды ұнатасың.Сонымен қатар сен еңбекқор әрі өз өзіңе сенімің мол жансың.

Кеңес: менменшіл, кекшіл болудан сақтан. Ондай қасиеттердің сенде тууын болдыртпа!

4) Егер сен дөңгелекті тандаған болсаң. Сен өте мейірімді жансың. Сен талас-тартыс, дау-дамай бар жерлерден айналып өткенді жөн көресің. Сонымен қатар сенде дос-жарандарың көп және олармен сөйлесіп, көңіл бөліскеннен сенің жаның рахаттанады. Алайда саған шешім қабылдап үйрену керек, себебі сен әдетте басқалардың айтқанына келісіп, өз ойынды айтпай жүре бересің! Басқалардың сені басынуына жол бермеуге тырыс.

5) Егер сен қисық сызықты тандаған болсаң. Сен – шығармашыл адамсың. Саған не бір қызықты, толғандыратын оқиға ойлап тапқан, сурет салған, бір нәрселерден бір нәрсе құрастырған ұнайды, бір сөзбен айтқанда сен жаңа бір заттар ойлап тапқанды ұнатасың.Сенің қиялың өте жақсы дамыған. Бірақ, сен ұстамсыз, әрі шыдамсызсың. Жаңа бір нәрсеге қызығушылық туған кезде, сен ескі ісіңді соңына дейін жеткізбей тастайсың. Сол себептен саған шамалы ұстамдылық қажет.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных