Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Поэтому в период такого исторического перелома, ожесточенной классовой борьбы являются особенно ответственными и роковыми политические ошибки каждого общественного работника. 48 страница




Қолды қардан оқ үзді,

Ордаға байрақ байлатпай.

Өлер – өмір, сөз қалар,

Молаға қойған сайғақтай, –

деген өлеңнің астарында ақындық ой мен қайраттың қайрақтан өткен ұшқындарының жарқылы бар.

Алаш ақиықтарының ішінде соңына аңызға бергісіз естеліктер қалдырған кейіпкер тұлғалардың бірі де бірегейі осы Мағжан Жұмабаев пен Сәкен Сейфуллин. Әсіресе, бірінші және екінші тергеудің арасындағы аңыздар шындыққа барынша пара-пар. Сол аңыздардың арасынан сенімді зергер Шерияздан Елеукеновтің ақынның жары Зылиха Жұмабаеваның естелігімен тиянақтаған бір-екі деректі келтіреміз. Концлагерьде Мағжан айдауылдағыларға сауатсыздықты жою дәрісін береді. Петербургтің зиялы тұқымы Иван Иванович Фетисовтың ақылымен медфельшерлік мамандықты игереді. Медициналық техникумның бағдарламасына сәйкес қажетті кітаптарды И.И.Фетисовтің үйінен (Васильев аралы, 20 орам, №15 үй, 10 пәтер) Зылиха Жұмабаева жеткізіп тұрады. Бұл білімнің өмірде қызығын көрмесе де, ой-сарасын тотықтырмай, жанып отыруға жанабы тиген.

Сондай-ақ Әлкей Марғұлан да лагерьге барып, өзек жалғайтын қолүздік беріп тұрыпты. Зылиханың тұрмысына сүйеу болыпты. Барлық қаражаты мен бұйымдарын ұрлатып алғанда Әлкей Марғұлан 25 сом көмек беріпті. Ол кездегі ақшаның құнына шаққанда қомақты қаржы. Өзі «қалпақ астында» жүріп халық жауына жолығуы – ерлік. Өкіл баласындай болған Әлекеңнен – Әлкей Марғұланнан бұл туралы сұрағанымызда: «Маған Ленинград пен Мәскеудің үлкен ғалымдары қорған болды. Солардың ақылымен «тереңге шөгіп жаттым», – деп қырылдай күлетін. Ал Мағжан екінші рет ұсталғанда тергеушілерге: «Маған досым әрі жанашырым Әлкей Марғұланов келіп тұрды. Ол шизофрениямен ауырып, жүйке ауруханасына түскен », – деп жазыпты. Ал тергеушілер Марғұланның тұсына: «Өлген», – деп белгі қойыпты. Шындығында Әлкей Марғұлан 1934 жылы Ленинградтағы студенттердің қозғалысына қатысып, соңынан тіміскі түскенде өзіне өзі қол жұмсап, ажалына әлгі тыңшының себепкер екенін көрсетіп, өсиет қалдырған. Жүйке ауруханасына сол жолы тіркелген. Әлгі «тіміскінің» аты-жөнін атап:

«Ол әлі тірі. Соны іздеп барып, қатты-қатты ұялтшы»,– деп сондай бір өкпелеген балаға тән аңқаулықпен кәдімгідей өтінетін.

Содан отыз тоғызыншы жылы ғана СССР ғылым академиясының Қазақстандағы бөлімшесі ашылғанда ұстаздарының тапсырмасымен «жарыққа шығып», академияның ғылыми жолдамасымен уақытша көмектесу үшін Алматыға келген.

Жақсылардың алақанының табын сезген ақынның қалайда еркіндік пен жарық дүниеге ұмтылысы өзінің нәтижесін берген. Сөйтіп, Мағжанға ресми түрде мұрсат беріліп, уақытша бостандыққа шыққан:

«ССР Одақтық Орталық Атқару Комитеті президумының 14/ІV – 1934 жылғы мәжілісінің № 72 хаттамасы. «34». ОГПУ коллегиясының 4/ ІV – 30 ж. күнгі үкімі бойынша 20/ VІ – 29 ж. күнгі қаулысымен 10 жыл концлагерге кесілген Мағжан Жұмабаевқа кешірім жасау туралы ұсыныс (№ П-443-41 іс) мақұлдансын. Концлагердегі тұтқындалу мерзімі жеті (7) жылға қысқартылсын. ССР Одағының ОАҚ-нің хатшысы үшін: А.Медведов. Көшірме Сивирлагка жіберілсін» (ҮІІ том, 441-бет).

Бұл Қаулы Мағжан тұтқында болған Свердловскідегі лагерге жіберіледі:

«ОГПУ-дің Свирлаг басқармасының ПВШ-сына Лодейное поле қаласы. 28 апрель. ССР ОАК-нің Призидумы мәжілісінің азамат Мағжан Жұмабаевтің № П-443-41 ісі туралы 1934 жылғы 14 сәуір күнгі № 72-91 қаулысының көшірмесі жолданып отыр. Анықтама: ОГПУ коллегиясының 26/ІV-34 жылғы қаулысы» (ҮІІ том, 440-бет)».

Осы томның 439-бетінде ОГПУ коллегиясының:

«ССР ОАК Президумының 14/ІV-1934ж. Қаулысы орындалуға жіберілсін»,– деп жазылған осы қатынаспен ҮІІІ том аяқталады.

Бұл Қаулы араға екі жыл салып барып күшіне енді. 1936 жылы 2-маусым күні айдаудан босатылды. Вязьма – Сызрань – Челябинскі арқылы Қызылжарға келді.

Аңду мен тіршіліктің мұқтаждығынан құтылмаған Мағжанды алда қысқа ғұмырдың күдікті күндері тосып тұрды. Қысқа жіптің күрмеуін шешу үшін Елбаев Халилдің көмегімен 20 күндік мұғалімдер курсына дәріс өтеді. Одан «саяси жағдайға байланысты» босатылады. Жұмабай Шаяхметовтің «қалпағының» астында қатаң бақылауға алынды. Жалпы Мағжанның өз еліндегі досы да, жалған жанашыры да, меншікті тіміскілері де көп болды. Ұшынған отыз жетіні былай қойғанда, сонау 1922 жылы өзге емес, Сабыр Шарипов Мағжан Жұмабаев пен Жұмағали Тілеулиннің Қызылжарда өткен қазақ зиялыларының кеңесінде аштарға көмектесу туралы сөйлеген сөздерін «ауырсынып», өзінің «естімегеніне» өкініп:

«Көпшілігі мәселені талқылауға дәрменсіз қазақ интеллигенциясы мен жаңадан тартылған коммунистерді қатыстырып Қазақ кеңесін өткізудің қандай қажеттігі бар? Қазақ кеңесін шақыруды кім шығарғанын білмеймін, алайда өткен жылы Орынборда бұл идеяны ұсынған «Бөкейханов бабай» дегенді естігемін»,– деп Губкомға арыз жазыпты.

Осы арыздың сыртына қарындашпен:

«Бұл фракцияда емес, кеңес те емес, тек орыс тілін білмейтін қызметкерлердің жиналысы ғана. Оларды үйірмеге ертіп келген Шарипов емес қой. Мен мұны үнемі жиналыс деп атаймын... Жиналыстың мақсаты: партияда жоқ көпшілікті тарту ма? Жұмабаевты да. Уәкілдің келуіне байланысты дайындалған», – деп («Алашорда қозғалысы», 3 том, 1-кітап, 105 - 106 бет) бұрыштама соғылыпты.

Әрине, жаны күйген жанашыры да жоқ емес еді. Мағжанның қанатының астынан түлеп ұшқан ақын, бауырына басып тәрбиелеген бауыры «кәдімгі Сәбит Мұқанов» болды. «Өмір мектебі» үштағанында оны қалаға әкеп, өзінің бөлмесіне жатқызып оқытқанын, аяқ киіміне дейін беріп, ақындық көркем әлеммен таныстырғанын, соған сай әр түрлі кештерге ат шанамен алып барып, алып қайтқан қолқанаты болғанын: «Мағжан буржузияшыл ақын еді. Менің кедейлерді жырлаған өлеңдерімдегі қарабайырлығымды сынайтын. Бірақ кедей табымды жырлаудан қайтпадым»,– деп «астарлай сынап» жазғаны арқылы біз де Мағжанның атын алғаш біліп едік. Бұл кеңестік кездегі шындықты жеткізудің әдеби тәсілі болатын. Мағжан түрмеде жатқан жылдардың ішінде, дәлірек айтсақ, 1931 жылы 15-мамырда соңғы нүктесін қойған «ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті» атты тарихи зерттеуінде С.Мұқанов:

«Ақындық жағынан келгенде Мағжан, әрине, қазақтың күшті ақындарына саналады. Қазақтың тілін байыту ретінде, әдебиетке жаңа түрлер енгізу ретінде Мағжанның еңбегі көп. Абайдан кейін тіл өнегесінде Мағжаннан асқан ақын қазақта жоқ... Мағжанға шейін өткен қазақ ақындары көбіне өлең үлгісін күншығыс елінен, әсіресе, араб, парсыдан алатын. Мағжан орыс мектептерінде оқып, көбіне Еуропа, оның ішінде, әсіресе, орыстың әдебиетін тез меншіктенді. Абай қазақ әдебиетіне Еуропа түрлерін шетпұшпақтап кіргізсе, Мағжан дендеп кіргізді. Еуропаның әдебиет түрлерімен қазақ оқушылары Мағжан арқылы толық танысты... Мағжан өлеңдерінде сыршылдық (лирика) жағы күшті келеді. Мағжанның өлеңдерін оқып отырғанда оның сол өлеңді жазып отырған уақыттағы жан жүйесінің құбылысы (душевное переживание), ішкі сезімнің толқыны көрініп тұрады. Мағжан өлеңінен құр ғана ұйқасқан сөздерді көрмейсің, ақынның ішіндегі әйгілейтін айнаны көресің. Сыршылдық жағынан Мағжан көп ақынға бәйге бермейді»,– деп жазды.

Кеңестік идеологияның тылсым түрмесінде жатып, ату жазасына кесіліп, одан он жылға концлагерьге жер аударылған ақынның шығармашылық жолына мұндай жоғары баға берген Сәбит Мұқановты Мағжан Жұмабаевқа қарсы қою, ұстазымыз Тұрсынбек Кәкішұлы айтқандай, «тіпті ұят» (Т.Кәкішұлы, К.Ахмет. Сәбит Мұқанов, А.Арда. 2005. 161-бет). Өзінің азаматтығын ол Мағжан Карелияда тұтқында жүргенде дәлелдеп, 1934 жылы қарашада хат жазып, онда әдебиеттегі маркстік талапты, таптық күресті мойындаса, онда социализмнің адасқан ақынды кешіре алатынын, осы сапарда бір жола тазарып келсе, жазушылар одағының есігі ашық екенін айтқан. Бұл жай хат емес, әдеби ортаға ресми шақыру еді. Араға арандатқан сөз араласпау үшін Сәбит Мұқанов бұл хатты орысша жазған. Мағжанға және 1933 жылы 21-ақпанда Мұхтарға жазылған хаттың түпнұсқасын бізге сексенінші жылдардың аясында Сәбеңнің шырақшысы боп жүрген тұста пікірлес досым Құлбек Ергөбек ұсынып еді.

«Мағжанға – Сәбиттен.

Мағжан! Мен жақын күндері сізбен бірге тұрған Әуелбеков деген жігітпен кездейсоқ кездесіп қалдым, түрмедегі кесімді уақытын бітіріп, үйіне қайтып келеді екен. Егер ол Сіздің адресіңізді дұрыс берсе, онда менің бұл хатымды аласыз. Бұған сіз алғашында таңданып та қаларсыз. Ол орынды да, өйткені сіз бен біз мүддесі мүлдем кереғар екі таптың өкіліміз. Алайда сіздің қазіргі жағдайыңызды бетіңізге баса айтқым келетіні мынау. Біздің өкіметтің жазалау саясаты адамды қанауды мақсат етпейді, қайта еңбек арқылы қайта тәрбиеленуге мүмкіндік береді.

Сіз жұмысшы табының алдында үлкен қателіктер жібердіңіз, оның идеясы мен мүддесіне қарсы шықтыңыз. Большевиктер: керек кезінде күш те қолдана алатынын үнемі айтып келді, айтып та жатыр, бірақ бұл зорлық күш өзіне ұнамайтынның бәрінің көзін жоя береді деген сөз емес. Буржуазия табымен жұмысшы табы татуласпайды, оны жояды – деген болатын Ленин. Алайда кейбір тұлғалар қайтадан түлеуі мүмкін. Ондай жағдай тарихта бірнеше рет қайталанған.

Сіз, біздің қазіргі сөз өнеріміздің ұлы шеберлерінің бірісіз. Қазақтың жазба әдебиеті тарихы дәуірлік маңызы бар туындыларды дүниеге әкелген үш ірі ақын мен жазушыны біледі, олар: феодалдық әдебиеттің шыңы – Абай, буржуазиялық әдебиеттің шыңы – Сіз және кеңестік әдебиеттің шыңы – Сәкен. Біздің сынымыз мұны әлденеше рет атап өтті.

Иә, Сіз, 1928 жылы «Тоқсанның тобыры» мен «Толғау» атты 2 өлең жаздыңыз. Бұл өлеңдеріңізде кеңестік идеологияға қарай қадам басуға тырысқаныңыз байқалады. Бұл шығармалардың негізгі құрылымын дұрыс түсінсем де, кейбір жағымды тұстарын бағалай алмағанымды мойындауға тиіспін. Біз сізді сол пікірімізбен үркітіп алдық па, әлде басқа себептері болды ма, бұл қадамыңызды одан әрі жалғастыра алмадыңыз.

Буржуазия табының жойылуы және оның мәдениетінің күнінің батқанын біз, коммунистер ғана емес, сол таптың өз өкілдері де мойындап отыр. Бұған ағылшынның буржуазияшыл жазушысы Уэллстің Сталин жолдаспен әңгімесі мысал бола алады (Бұл сұхбатты Сізге оқып шығуды өтінемін, «Большевик», № 17, 1934 ж.).

Кім де кім талқаны шыққан буржуазиялық мәдениетті қалпына келтіруге ұмтылып, өліп бара жатқан тапқа қызмет еткісі келсе, онда «құмды суарып, егін екпе» деген қазақ мәтелінің керін құшады. Сондықтан да әлемнің адал ниетті интеллигенттері пролетариаттың өсіп келе жатқан мәдениетіне шұғыл бет бұрып, оған үлес қосуға тілек білдіріп отыр. Сөйтіп адамдар өздерінің азаматтық парызын өтемек. Өйткені адамзат қоғамы оның бір бөлігінің екінші бөлігін қанаудан тек пролетариат диктатурасы арқылы құтқара алады. Біз, коммунистер, оларды қайта тәрбиелеуге бар күшімізді жұмсаймыз. Мысалы, Сіздің кешегі пікірлесіңіз Мұхтар Әуезов бүгін өзінің қателігін мойындап, кеңестік жолға түсті және ол жазушы коммунистермен бірдей партия мен үкіметтің қолдауына ие болып отыр.

Сталин жолдас жазушы Уэллспен сұхбатында: жекелеген адамдар субьективті түрде социализм идеясына қарсы шықпауы мүмкін, бірақ буржуазиялық диктатураның күшпен құлатылуын мойындамауы арқылы оның қорғаушысы болып шығады – деген болатын.

Сіздің кінәңізге пролетариат мемлекеті қашан кешірім жасайтынына қарамастан, мен сізге бір сұрақ қойғым келеді: болашақта сіздің ақындық қаламыңыз кімге қызмет етеді?

Сіз маған жауап береді деп сенемін.

Соңғы екі-үш жылда мен Қызыл профессура институтының әдебиет бөлімінде оқыдым. Қарашаның 20-да Алматыға тұрақты қызмет істеуге барамын. Отбасым әзірше Москвада қалады. Оларды алып кетуге мен желтоқсанның аяғында келемін.

Сәлеммен – Сәбит. 2/-ХІ.1934 ж.»

Менің адресім: Москва, 21, Остожкенко, 53, 62-бөлме (алпыс екінші). Мұқанов Сәбитке».

Шындығында да, бұл хаттың мазмұны түсініксіздеу көрінуі мүмкін. Алайда екеуінің де жазушы екенін ескерсек, онда мұндағы емеуіріннің астары тереңде. Біріншіден, тұтқыннан босанған жолаушы арқылы Мағжанның жөнін біліп, хат жазуының өзі мәрттік. Екіншіден, тура осы хаттағы «еңбекпен тәрбиелеу», «біз, коммунистер қайта тәрбиелейміз», М.Әуезов солай істеді, Сіз кімге қызмет етесіз, маған жауабын беріңіз – дегеннен-ақ Сәбит Мұқановтың: Сіз де Мұхтар сияқты ашық хат жазыңыз, оған жазушылар одағының атынан мен кепілдік беремін, адресім мына,– деп отырғанын Мағжан түсінетінін білген. Кейін Мағжан тура осы мағынада Жазушылар одағына және Халық Комиссарлары кеңесіне өтініш жазуы соның дәлелі. Зады, түрмедегі Мағжанға жазылған бұл хатты ешкім білмеген. Әйтпесе, С.Мұқанов партия қатарынан шығумен ғана шектелмейтіні анық еді.

Бұл хатты 1959 жылы 10 қарашада Сәбит Мұқановтың өзі сүйікті бауыры Тұрсынбек Кәкішевке оқып беріпті. Тұрсекең ол хатта:

«Таяуда түрмеден шығасыз, сонда қай жақта боласыз, зорлық-зомбылықты кек тұтқан пиғылда шығасыз ба, әлде «Тоқсанның тобындағы» ойға ойысасыз ба? Біз үшін, қазақтың қасиетті поэзиясының келешегі үшін Сіздің совет жағына шыққаныңыз олжа болар еді», – деген ойларды жазыпты. Тұрсекең: «Сізге тиісті орындар жазғызды ма?» – деп сұрағанында: «Жоқ, өзім жаздым – арымның әмірімен жазғанмын»,– деп жауап қайырыпты (Т.Кәкішев. Санадағы жаралар. Қазақстан. 1992, 224-бет).

Ал отыз жетінші жылы мұндай «саяси көрсоқырлыққа» жол жоқ болатын. Дегенмен де бір жыл болса да бой жазып қалған сол қысқа қызықтың бірі туралы ақынның немере бауыры Ғадылша Қаһарманов:

«1936 жылы Қызылжарда педтехникумда мұғалімдердің мамандығын арттыру курсында сабақ беріп жүрген кезінде Жәжекемді (Мағжанды – Т.Ж.) екінші рет көру сәті түсті. Бұл кісілер Зылиқа жеңгей екеуі Дзержинский көшесіндегі екі қабатты ағаш үйдің үстіңгі қабатында бір бөлмелі пәтерде тұрды. Сенбі, жексенбі күндері немере туысым Мүтәш екеуміз Жәжекемнің үйіне барып қонаға жатып қайтатынбыз. Жәжекем бізге әсте бала деп қарамайтын, төредей сыйлап, өзі қызметтен шаршап келсе де бізге әңгіме-ертегі айтушы еді. Қашан көзі ұйқыға кеткенше жалықпайтын, шыдамды және бауыр жанын нәзік түсінетін адам еді. Кейбір демалыс күндері Жәжекем, Зылиқа жеңгей үшеуміз қаладан 10 километр жердегі «Мащан» (Мықан?) ағашына ат арбамен барып қайтатынбыз. Ағаштың көлеңкесінде бізден бұрын барып, аттарын доғарып, алқа қотан болып отыратын көп азаматтар, Жәжекемді күтіп отыратындай көрінуші еді. Әйтеуір біз бұл жерге жақындағанда барлығы бізге қарай лап қойып, Жәжекем мен жеңгемді лезде қоршап алатын. Олардың ортасында қатар түзеп отыратын Жәжекем мен Зылиқа жеңгей қос аққу сияқты әсер қалдырушы еді. Осынау көпшіліктің ортасында Жәжекемнің аузынан шыққан әр сөзді жиналған қауымның зор ынтамен тыңдап отыратынын мен бала да болсам анық аңғаратын едім. Бірақ қаншама көпшілік отырса да туысқа деген сүйіспеншілігінен бір айнымай, менен көзін жазбай әрқашан назар аударып, көңіл-күйімді бағдарлап, қас-қабағыма қарап отыратындығын да сезінетінмін. Жәжекемнің менің атымды ерекше атайтындығы да әлі күнге дейін құлағымда. «Ғадылша» дегенде дауысының ырғағын көтеріп, екпінді басты буын мен соңғы буынға түсіретін. Ара-тұра: «Алысқа кетіп қалма, ағаштың ішінде адасып, қорқып қаларсың»,деп ескертіп те қоятыны есімде. Ал кешкі салқынмен қалаға қайтқанымызда жол бойы жеңіл желдіртіп отыратын. Біздің атымыз жүрдек болушы еді. Жарыста алдына ат түсірмейтін, қамшы салдырмайтын. Оның жүрісіне Жәжекем де риза болып, жымиып отырушы еді. Атты мен айдайтынмын, бала да болсам тізгінге мықты едім. Соны байқайтын Жәжекем маған сенімсіздік білдірмей, ерік беріп қоятын. Жанында отыратын Зылиқа тәтей де әйел болып жеңіл мінез көрсетпейтін, қорықпайтын. Тек байсалды сәнмен жар қызығына тойып, бал-бұл жанып отырушы еді»,– деп еске алыпты (Жәжеке. Естеліктер мен деректер. А. Қазығұрт. 2005, 27-бет).

Балалық мөлдір сезім мен азаматтың туыссыраған ыстық сағынышының тоғысы ұзаққа созылмады. 1936 жылдың қыркүйек айында Сәбит Мұқанов Қызылжар қаласына келіп, Мағжанды өзі іздеп тауып, оны Алматыға шақырады. Мәселенің ресми шешілуі үшін 1936 жылы 27-қыркүйекте Жазушылар одағының хатшысы атына:

«Өзімнің кінәма лайықты жазамды өтедім. Еңбектің қара қазанына қайнап, адасулар мен жат ойлардан мәңгілікке арылдым. Мен бұрынғы ойларымнан арылып, бай мен ұлтшылдардың жолынан бас тарттым және жаңа жолға, еңбекшілер жолына бет бұрдым. Мен қалған өмірімді берік ниетім мен үміиімді дәлеледеу үшін социалистік құрылысқа еңбек етуге бел будым, ісіммен барлық ескі көзқарастан арылғанымды көрсеткім келеді. Мен үшін енді еңбекші таптың, коммунистік партияның жолынан басқа жол жоқ. Еңбекші табы әдебиетінің жетекшісі – Жазушылар одағы басқармасы менің өткен кезеңдегі адасушылығымды қатаң сынға ала отырып, сыртқа теппей, өзіне тартып, жазушылар одағына қабылдап, жетекшілік етуін, көмек беруін сұраймын.

Мағжан Жұмабаев. Петропавловкі қаласы, Дзержинский көшесі, №19 үй»,– деп (Т.Кәкішұлы, К.Ахмет. Сәбит Мұқанов, А.Арда. 2005. 177-бет) өтініш жолдады.

Алматыға оралған соң осы хатты алға тарта отырып, тиісті орындармен ақылдаса келіп Сәбит Мұқанов Мағжанға хат жазды. Бұл хатты Ш.Елеукенов ағамыздың қысқартып пайдаланған нұсқасы бойынша келтіреміз:

«...Сізбен жолығып сөйлескенде де мен айттым ғой: егер де өзіңіз шын ниетпен совет әдебиетіне қызмет етем десеңіз жазуыңызға ешкім бөгет болмайды деп. Сол сөзім әлі де сөз. Бұл пікірге басқа жолдастар да қарсы емес. Бұл хатта мен жалпы сөзді қоя тұрып, сіздің екі сұрағыңызға жауап берейін:

1. Жазушылар ұйымына совет әдебиетіне қаламымен еңбек сіңірген кісі алынады. Біз сіздің қаталықтан қайттым деп жазған хатыңызға сенеміз. Бірақ көпшілік алдына дұрыс қаламыңыздан шыққан көркем сөзіңізді ұсынғанша, өлеңдеріңіз басылғанша, ұйымға мүше болуыңызды устав көтермейді. Бұл сөзге сіз ренжуге тиісті емессіз. Устав – ұйымның тәртібі. Тәртіп – декларациядан істі жақсы көреді. Жазуыңызды бетке қақпаймыз. Совет платформасында отырып жазған сөзіңізді басамыз. Содан кейін ұйымға мүшелік мәселесі өзінен-өзі шешіледі».

2. Қызметіңіз, ұйымның сізге көмегі туралы. Алдымен Қызылжарда тұрсаңыз да, Алматыға келсеңіз де ықтияр өзіңізде болсын. Мұнда келем десеңіз сізді бетке қағатын кісі жоқ. Қайда жүрсеңізде жазуға керекті жағдайды жасатуға болады. Бірақ бұл ретінде маған хабар беріңіз. Қызылжарда сөйлескенде айттым ғой: жазуға белсене кірісу, совет әдебиетіне қызмет ету тетігі өзіңізде деп.

Егер де шын ниетпен совет әдебиетіне ат салыссаңыз сізді бетке қағатын, бұрын пәлен болып едің – дейтін кісі болмайды. Пролетариаттың рақымы мол. Ол қорғай да біледі, жарылқай да біледі. Бірақ пролетариат сөз емес, істі жақсы көреді.

Сәбит».

Бұдан кейін Мағжан Көкшетаудағы Казгородоктағы дәрігер досы Мұратбек Сейітовтің шақыруымен демалып қайтады. Саяси қысым басталғанда күнкөріссіз қалған ақын Степняк қалашығында мектеп директоры болып істейтін досы Біләл Молдабаевтің үйіне «мейманшылап» барып, сонда жүріп ол Сәбитке:

«Құрметті жолдасым Сәбит! Сіз менің Петропавловскідегі орыс мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беріп жүргенімнен хабардар боларсыз. Январьдың басында мені қызметімнен босату туралы мәселе қозғалғанымен де, біраз уақыт басылып қалған еді. Бірақ январьдың соңында бұл жәй тағы әңгіме болды да, мені жұмыстан шығарып жіберді. Не себепті босатылғанымды сұрасам, қалалық оқу ісінің меңгерушісі жалпы саяси себептерге байланысты дегенді айтты. Міне, 20 шақты күн болды, жұмыссыз отырмын.

Декабрьде көркем әдебиеттердің қазақ баспасымен Толстойдың «І Петр», Некрасовтың «Декабристерін» аударуға келісімшартқа отырған едім. Содан бері одан да хабар жоқ. Ол жақтан мен өте қиын қалде оралдым. Әсіресе, жұмыссыздығым жаныма жаман батады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных