ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Ысыммен өңделетін көп компонентті жездерЖолақтар, шыбықтар, сымдар, түтікшелер таспалар, соғылмалар түрінде қысыммен өңделетін көп компонентті латуньдерді әртүрлі деталдарды дайындау үшін өндірістің әртүрлі саласында қолданады. Қорытпаларда қатты күйінде қорғасынның ерігіштігі өте аз. Екі фазалық қорытпаларда қорғасын ерігіштігі 0,2 %- дан жоғары.екі фазалық латуньдерде қорғасын α және β- фазалар ішінде, кейбір кезде фазалар немсе түйіршіктер шетіндеорналасады және ыстық күйінде латуньдердің деформациялануын нашарлатады. Екі фазалық латуньдерде қорғасын екі роль атқарады: бір жағынан, ол жаңқаны ұсақтауға қабілетті фаза ретінде, екінші жағынан, кесумен өңдеу кезінде үйкеліс коэффициентін төмендететін жақпа ретінде қолданылады.Қорғасын қоспасының тиімділігі оның мөлшері мен қорытпа құрылымымен, қорғасынның бөлшекетірн үйлестіру сипаты мен шамасымен, α - фазаның түйіршіктер шамасымен, β - фазаның мөлшері мен үйлестірілуімен анықталады.кесумен өңделуді жақсарта отырып қорғасын латуньнің соққы тұтқырлығын төмендетеді, қысыммен өңделуін, пайкілеу мен пісіруді нашарлатады, бұйым бетінің гальваникалық өңделуін күрделендіреді. Дайын деформацияланған жартылай фабрикатардың өңделуіне байланысты қорғасын латуньдері үш негізгі топтарға жіктеледі: суықтай қысыммен өңдеу, ыстықтай штамповкалау мен токарьлық станоктарда өңдеу. Қысыммен өңделетін қорғасын латуньдерінің құрылымы салқын күйде α - фаза мен қорғасыннан тұрады. Ондай қорытпаларға латуньдердің ЛС74-3, ЛС64-2,ЛС63-3,ЛС63-2 маркалары жатады. Ыстық күйде қысыммен өңделетін қорғасын латуньдері (α + β) тұрады және оларға латуньдердің ЛС60-1, ЛС59-1, ЛС59-3 маркалары жатады. Токарлық станоктарда өңдеу үшін қолданылатын қорғасын латуньдеріне қорғасы мөлшері жоғары екі фазалық мыс - мырышты қорытпалары жатады. Әртүрлі элементтер оксидтері қорғасын латуньдердің кесумен өңдеуін нашарлатады, сондықтан балқыту мен құю кезінде олардың мөлшерін қатаң бақылау қажет.Кесумен өңдеуге темір кері әсерін тигізеді, сондықтан оның мөлшерін шектеу қажет. Қорғасын қорытпалардың кристалдану процесі мен температурасына әсер етпейді, өйткені ол 326 º С температурада қатады, егер де шеттерінде түйіршіктер пайда болса, ыстық күйінде деформациялануын нашарлатады. Қорғасын латуньдерінің термиялық өңдеуінің негізгі түрлері: толық қайта кристалдандыру жұмсартуы және ішкі кернеулерді босату үшін төмен температуралық жұмсарту. Қорғасын латуньдері фреонның таза гидрокарбонаттарының, фторланған гидрокарбонатты мұздатқыштары мен лактарының әсеріне қарсы жоғары беріктікке ие. Қалайы латуньдері. Қалайы мырышпен қатар қатты ерітінді қрамына кіреді, α - латуньдердің қасиеттерін жақсартады. Қалайы фазалар шетінің өзгеруіне әсер етеді, бірақ β - фаза табиғатын едәуір өзгертеді. Қалайы мөлшері 2,0 % - дан жоғары болса латуньдердің ыстық күйінде өңделуі нашарлайды. Алюминий латуньдері. Өзінің қатты күйінде ерігіштігіне байланысты алюминий басқа элементермен салымтырғанда латуньдер қасиетіне әсер етеді:мықтылығы мен қаттылығын арттырады, олардың созылымдылығын нашарлатпайды, коррозиялық төзімділігін жақсартады.Енгізілген алюминий мөлшері γ- фаза пайда болатын шектен жоғары шекте шектеледі. Латуньдерде алюминий α жәнеβ - фазалар аумағын мыс жаққа жылжытады.Қысыммен өңделетін латуньдерде алюминий мөлшері 4 % - дан, құйылған жоғары төзімді латуньдерде 7% - данаспайды. Латуньдер бір алюминиймен немесе темір, никель, марганец және басқа элементтердің белгілі қатынастарымен легірленеді. Темір алюминий латунінің созылымдылығын жақсартады, ыстық күйде құрылымды майдалайды және механикалық қасиеттерін арттырады. Никель коррозиялық төзімділікті арттырады. Алюминиймен салыстырғанда никель қоспасы мырыштың мыста ерігіштігін азайтпайды, керісінше арттырады, яғни α - латуньдер аймағын кеңейтеді.Темір мен никель салқын күйде латуньдердің созылымдылығын төмендетеді. Бір алюминиймен легірленген, мысқа бай бір фазалық α - латуньдер қызығушылық тудырады, өйткені бір фазалық құрылымына байланысты қысыммен өңдеуді жақсы қабылдайды. Алюминий латуньдері қорғасын латуньдеріне қарағанда пайкамен нашар бірігеді,бірақ жықсы пісіріледі, жылтырату қасиеті бойыншаолар жай латуньдерге ұқсас. Марганец латуньдері. Марганец теңіз суымен әрекеттескенде коррозиялық төзімділігін арттырады, латуньдер құрылымына әсер етеді. Марганец латуньде еритін элемент.Марганец латуньнің технологиялық сипаттамасына оң әсерін тигізеді. Марганец латуньдері теңіз кеме құрылысында және тоғы әлсіз электр өндірісінде қолданылады. Кремний латуньдері. Кремний қатты күйінде латуньде ериді, бірақ оның ерігіштігі мырыш мөлшері көбейген сайын төмендейді. Қатты ерітінді аумағы кремний мен мырыш әсерінен мыс аумағына жылжиды.Кремнийдің аздаған қоспалары қысыммен ыстықтай өңдеу және құю кзінде технологиялық сипаттамаларын жақсартады, механикалық қасиеттерін арттырады. Кремний латуні антифрикциялық қасиеттерімен ерекшеленеді, ыстық және суық өңдеуді жақсы көтереді,боалтпен жақсы пісіріледі, ыстыққы жоғары төзімді.Кремний латуньдері кеме құрылысында және басқа салаларда бөлшектерді дайындау үшін қолданылады. Кремний латуньдеріне қорғасын қосу олардың антифрикциялық қасиеттерін арттырады, кесумен өңдеуін жақсартады. Латуньді никельмен легірлеу олардың механикалық қасиеттері мен коррозиялық төзімлігіні арттырады.Басқа латуньдермен салыстырғанда никель латуньдері коррозиялық шытынауға төзімді.никель латунь құрылымына әсерін тигізеді.Никельмен легірлеу кезінде кейбір екі фазалы латуньдерді бір фазалық латуньдерге айналдыруға болады. Көп компонентті құйма латуньдері әртүрлі фасондық бөлшектер мен құймаларды дайындауға қолданылады. Құйма латуньдері коррозияға төзімді бөлшектерді дайындау үшін кеңінен қолданылады. кесте Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|