Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Филогенездің жалпы зандылықтары




Филогенетикалык өзгерістердің пайда болу зандылықтарын зерттейтін ғылымды эволюциялық морфология деп атайды. Ол XIX ғасырдың аяғында салыстырмалы анатомия, салыстырмалы эмбриология және палеонтология ғылымдарының негізіде қалыптасқан.

Эволюциялық морфология ғылымының негізгі зерттеу әдісі болып салыстырмалы анатомия, салыстырмалы эмбриология және палеонтология әдістерін камтитын "үштік параллелизм" әдісі саналады.

Үштік параллелизм әдісі арқылы эволюциялық морфология ғылымы мүшелердің гомологиялық және аналогиялық ұқсастығын анықтайды және оларды жіктейді.

Гомологиялык ұқсастық (грекше Һоmо1оgіа - бірдей) дегеніміз:

1) мүшелердің кұрылысының, олардын бөлімдерінің ара-катынасының, орналасуының бірдей болуы;

2) мүшенің ағза денесінде бірдей орналасуы;

3) мүшелердің бір ұрық бастамасынан пайда болуы.

Бүл мүшелердің атқаратын қызметтері бірдей не әр түрлі болуы мүмкін. Яғни гомологиялык мүшелер деп шығу тегі бірдей, құрылысы не атқаратын қызметтері бірдей не әр түрлі болып келетін мүшелерді айтамыз. Бұған мысал ретінде омыртқалылардың алдыңғы аяқтарын жатқызуға болады. Гомология-лық ұқсастықтың негізгі себебі — тарихи туыстық болып саналады, яғни олар бір (ортақ) ата-тектен не оның мүшесінен пайда болған.

Аналогиялық ұқсастық (грекше аnаlоgіа — бірдей) немесе аналогиялық мүшелер деп шығу тегі әр түрлі, бірақ сырт пішіндері бірдей, ұқсас және бірдей кызмет атқаратын мүшелерді айтамыз. Олар тек морфологиялық жағынан ғана ұқсас болып, ортақ бір қызмет атқару арқылы айқындалады, ал шығу тектері әр түрлі. Аналогиялық мүшелердің ұқсастығы тіршілік ортасының ортақ болуымен сипатталады және олардың туыстық байланыстары болмайды. Мысал ретінде көбелектердің және құстардың қанаттарын келтіруге болады.

Филогенез заңдылықтарын дұрыс түсіну үшін мүшелердің құрылысының өзгерулерін зерттеумен қатар атқаратын қызметін де зерттеген дұрыс. Бір мүшенің құрылысының өзгеруі міндетті түрде оның қызметінің де өзгеруіне алып келеді немесе керісінше.

Тарихи даму барысында мүше қызметінің алмасуы үнемі оның формасының алмасуына ұласады. Әдетте, мүшелердің эволюциясы оның қызметінің алмасуы арқылы жүзеге асады. Бұл жағдайда мүшенің бұрынғы негізгі қызметі өз мәнін жойып, оның қосалқы қызметі маңызды рөл атқаруы мүмкін. Қалай болғанда да, барлық уақытта, мүше қызметінің алмасуы оның кұрылысын да өзгертеді. Мысалы, омыртқалылардың ата-тектерінің тері қабыршақтары жаққа қарай ығысып өтіп тіске айналған, қол қанатты балықтардың торсылдағы әрі қарай дамып ауамен тыныс алу мүшесіне айналған т.с.с.

Филогенетикалық өзгерістердің пайда болу жолдары ішінен маныздылары ретінде:

1) мүше қызметінің кеңеюін;

2) мүше қызметінің күшеюін және белсенділігінің артуын;

3) мүше мен оның қызметінің субституциясын (алмасуын) атауға болады.

Мүше қызметінің кеңеюіне мысал ретінде балықтардың көкірек қанаттарының дамуын келтіруге болады. Алғаш олар балық денесін бірқалыпты, тұрақты ұстап тұру қызметін ғана атқарған болса, кейін тереңдікке сүңгу және жүзу бағытының ролі қызметін де қоса атқарған.

Мүше қызметінің күшеюі оның негізгі қызметтік бөлімдерінің санының көбеюімен бірге жүреді. Ол мүше өлшемінің өсуіне және гистологиялық құрылымдарының қайта құрылуына алып келеді. Мысалы, омыртқалылардың алдыңғы миының дамуы, сүт бездерінің бөліктерінің көбеюі салдарынан аталған мүшелердің мөлшерінің ұлғаюын айтуға болады.

Мүше қызметінің белсенділігінің артуы дегеніміз бұрын белсенді емес болып келген мүшелердің белсенді түрге айналуы болып табылады.

Субституцт немесе мүше мен оның қызметінің алмасуы филогенез құбылысында бір мүшенің екінші бір мүшемен алмастырылуы болып табылады. Алмастырылатын мүше мүлдем жойылып жоқ болады немесе рудимент күйінде сақталынады.

Мысалы, хорданың омыртқамен алмастырылуы, пронефростың мезонефроспен, ал оның метанефроспен алмастырылуы т.с.с.

Эволюция барысында бір мүше бастамасының пайда болу орнының өзгеруі немесе мүшенің дене білінуінен (ось) салыстырмалы ығысып орналасуы да байқалады. Оны гетеротопия деп атайды. Мысалы, құстар мен сүтқоректілердің жүрегінің көкірек қуысына ығысуы, жоғарғы сатылы омыртқалылардың алдыңғы аяқтарының балықтардың көкірек қанаттарымен салыстырғанда біршама кейінірек орналасуы т.с.с.

Филогенетикалық өзгерістерге гетерохрониялар да жатады. Гетерохрония дегеніміз мүшелердің қалыптасу мерзімінің өзгеруі.

Эволюция құбылысында гетеробатмия деген құбылыс та байқалады. Гетеробатмия дегеніміз ағза денесінің не бір мүшесінің бөлімдерінің әр түрлі эволюциялык даму деңгейінде болуы, яғни біреулері қарапайым, төменгі деңгейде болса, екінші біреулері жоғарғы деңгейде, күрделі болуы мүмкін,

Эволюция құбылысында бір мүшелер жаңадан пайда болып, екінші біреулері құрып жойылып отырады, Жаңа мүшелердің пайда болуының себебі олардың дифференциялануы (жіктелуі) болып саналады, ал оның алғы шарты болып ескі мүшенің атқаратын қызметінің сан алуан (мультифункционалды) болуында.

Мүшелердің жойылуы (редукциялануы) эволюция құбылысында алғаш пайдалы, қажет болып келген мүшенің кажетсіз, тіпті зиянды мүшеге айналуымен байланысты. Мұндай өзгерістерге, әдетте сыртқы ортаның өзгеруі алып келеді. Мысалы, омыртқалылардың дамуында тұлға бүйрегі (мезонефрос) пайда болғаннан кейін дененің алдынғы бөліміндегі бүйректің (пронефрос) редукциялануын айтуға болады. Мүшелердің редукциялануы олардың кішіреюі және құрылысының қарапайымда-нуымен байланысты. Редукцияланған мүшелер өте өзгергіш келеді, мысалы, соқыр ішектің ұзындығы 2 см-ден 20 см-ге дейін болады. Сол сияқты, мүшелердің редукциялану дәрежесі де түрліше болып келеді. Кейде редукцияланған мүше ересек фор-маларда да ұрықта да кездеспей мүлдем жойылып кетеді; кейде ол ересек формаларда кездеспей тек ұрыкта ғана, эмбриондық бастама күйінде сақталуы мүмкін. Кейде ол белгілі бір сатыға дейін қалыпты дамып, содан кейін дамуын тоқтатып, ересек формаларда жетілмеген күйде сақталуы мүмкін. Бұл жағдайда ол ешқандай қызмет атқармайды. Ондай мүшелерді рудименттер деп атайды.

Тақырып: Селекцияның генетикалық негіздері.

1. Селекцияның генетикалық негіздері.

2. Селекцияға қажетті материалдар: тұқым, сорт, штамм.

3. Өсімдіктердегі мутациялық селекция. Жануарлар селекциясы.

4. Өсімдіктер, жануалар, микроорганизмдер селекциясының келешегі жəне негізгі жетістіктері.

5. Генетикалық жəне клеткалық инженерия əдістерінің селекциядаға жəне биотехнологиядағы келешегі.

Генетика селекцияиың теориялық негізі болып есептеледі. Солай бола тура селекцияның өз алдында тұрған міндеттері, пәні және зсрттеу әдістері бар.

Селекция жануардың жаңа тұқымдарын, өсімдіктің сорттарын жақсартудың теориясы мен әдістерін қалыптастырады. Сөйтіп, қоғамның өндіргіш күштерінің дамуына үлес қосады.

«Селекция» деген сөздің өзін қазақ тіліне аударғанда сұрыптау деген мағына береді. Бірақ оның мәні тек сұрыптаумен шектелмейді. Селекцияның міндеті - жануарлардың мол өнімді тұқымдарын,

өсімдіктердің сондай сорттарын, микроорганиздердің штаммдарын шығару және үй жануарлары мен екпе өсімдіктер эволюциясының зандылықтарын зерттеу.

Н. И. Вавиловтың айтуынша селекция мынандай негізгі бөлімдерден тұрады:

1. Селекциялық жұмыстың объектілері болып есептелетін өсімдіктердің, жануарлардың және микроорганизмдердің тұқымдық, сорттық, түрлік құрамын зерттеу;

2. Гибридизация және мутациялық процесс жағдайында пайда болатын тұқым қуалайтын өзгергіштіктің заңдылықтарына талдау жасау;

3. Өсімдіктер мен жануарлардың және микроорганизмдердің белгілері мен қасиеттерінің дамуындағы сыртқы ортаның ролін зерттеу;

4. Организмнің бойындағы пайдалы белгілер мен қасиеттердің бекіп дамуына жағдай жасайтын қолдан сұрыптау жүйесін құру.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных