ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Селекция үшін қажетті өзгергіштік түрлеріЖекелеген қасиеттер мен белгілердің тұқым қуалау заңдылықтарын ескере отырып, селекционер өзінің қалауы бойынша будандастыру арқылы оларды келесі ұрпақтарда бір-біріне сәйкестендіріп дамыта алады. Мысалы, бидай дәнінің сапасын оның сабанына, жүгері сабағының ұзындығын собығының мөлшеріне т.б. белгілеріне сәйкестендіруге болады. Мұндай белгілердің тұқым қуалауы Мендель заңдарына сай жүреді. Осы заңдылықтарды терең білгенде ғана селекционер әртүрлі будандастыру әдістерін қолдана отырып, организмнің бойындағы қажетті қасиеттерді дамытып, қажетсіздерін алып тастай алады. Құндыз, түлкі сияқты бағалы аң терілері түстерінің тұқым қуалайтындығы жақсы зерттелген. Кейбір гендерді комбинациялау арқылы бірнеше түрлі-түсті терілер алуға болады. Тұқым қуалаушылықтың заңдылықтарын селекцияда қолданудың тағы бір мысалы ретінде, тауықтардың автосексті тұқымдарын айту керек. Олардың балапандарының жынысын жүмыртқадан шығысымен ажыратуға болады. Сөйтіп әтештерді бірден іріктеп алып, бордақылап өсіруге ыңғайлы. Бұл мынандай генетикалық заңдылыққа байланысты нәрсе. Тауықтарда жыныспен тіркесіп тұқым қуалайтын қауырсынның жолақ болуын анықтайтын доминантты ген (В) болады. Тек жалғыз ғана X хромосомасы бар ұрғашы балапандарда В генінің дозасы аз, ал еркек балапандарда екі XX хромосома болатындықтан екі ВВ гені, яғни екі есе артық дозасы бар. Сондықтан олардың қауырсынының жолағы анық білінеді. Селекцияда өсімдіктердің әртүрлі сорттарына немесе жануарлардың тұқымдарына тән генетикалық ерекшеліктерді бір-біріне ұластыру үшін комбинативтік өзгергіштік қолданылады. Мысалы, селекционер П. П. Лукьяненко өзінің атақты безостая -1 сортты бидайын шығарарда бастапқы материал ретінде аргентиналық клейн - 33 жаздық бидайын және лютесценс күздік бидайын алған. Сонда безостая 1 клейн 33-тен сабағының қысқалығын, тез пісіп-жетілетіндігін және дақ ауруына төзімділігін, ал лютесценстен күздік белгісін тұқым қуалап алған. Өсімдіктер, жануарлар мен микроорганизмдер селекциясында мутациялық өзгергіштік те кеңінен қолданылады. Мутация - түқым қуалайтын өзгергіштіктің бастапқы қайнар көзі. Кез-келген өсімдікте, жануарда немесе микроорганизмде өздігінен әртүрлі мутация пайда болып жатады. Табиғи жағдайда мутацияға табиғи сұрыптау әсер етеді. Ал қолдан сұрыптауда мутацияны селекционер өзі жасайды. Тұқымдар мен сорттар өздерінің тұқым қуалайтын ерекшеліктері жағынан жабайы ата тектерінен өзгеше болады. Жабайы формаларға қаншама қолайлы жағдай туғызып, қолда өсірсе де, өздерінің қолға үйретілген туыстарындай өнім бере алмайды. Мысалы, жабайы банкив тауықтарын қанша азықтандырып, күткенімен жылына 300-350 жұмыртқа тумайды. Өсімдіктердің екпе, жануарлардың қолға үйретілген формаларын адам тек секірмелі түрде өздігінен болатын мутацияны қолдан сұрыптаудың негізінде бірнеше буын бойы қалыптастыру арқылы алған. Сонымен бірге қазіргі кезде селекцияда экспериментальды немесе индукциялық мутагенезді қолдану кең етек алып отыр. Бұл мақсатқа радиация, химиялық қосылыстар сияқты түрлі мутагендік факторлар қолданылады. Селекцияда радиоактивті сәулелер қолданудың пионерлері Ресей ғалымдары Надсон, Филиппов, Делоне және Сапегиндер болып есептеледі. Индукциялық мутацияны селекцияда қолданудың антибиотиктердің продуценттері - зең саңырауқұлақтарының жаңа формаларын алуда зор маңызы болды. Өсімдіктер селекциясы үшін үлкен маңызы бар тұқым қуалайтын өзгергіштіктің бір түрі - полиплоидия. Соңғы жылдары жүргізілген зерттеулердің негізінде көптеген полиплоидты формалар алынды. Хромосом сандарын екі есе көбейту, яғни диплоидты жағдайдан тетраплоидты жағдайға келтіру өсімдік көлемінің ұлғаюына, кейбір органдары салмағының артуына ықпал етеді. Мысалы, тетраплоидты қара бидайдың (Федоров шыгарған) 1000 дәнінің салмағы 55-56 гр, ал сол сортқа жататын диплоидты формасының салмағы 29 г. Селекцияда будандастырудың әртүрлі жүйесі қолданылады. Ол туыстық будандастыру (инбридинг, инцухт), туыстық емес будандастыру (аутбридинг) және алыс гибридизация. Туыстық будандастыру генотиптері жағынан бір-біріне жақын организмдердің арасында болатындықтан олардан көбінесе гомозиготалы ұрпақ алынады. Ал мұндай будандастыруды ұзақ уақыт пайдаланып, жануарлар мен өсімдіктердің бойында пайдалы қасиеттері бар гомозиготалы таза линияларын алуға болады. Туыстық будандастыру жануарлар мен өсімдіктердің селекциясы үшін қажетті таза линиялар алу мақсатында кеңінен қолданылады. Популяция құрамындағы рецессивті гендердің көпшілігі организм үшін тиімді бола бермейді, сол себепті егер туыстық будандастыру жиі қайталанса, сорт немесе тұқым азғындайды. Сондықтан туыстық емес будандастыру әдісі қолданылады. Мұндай жағдайда әртүрлі линияларға жататын дарақтар будандастырылады, соның нәтижесінде олардың ұрпағының тұқым қуалайтын қасиеттері жақсарады. Алыс гибридизацияда бір - бірімен алшақ жатқан түр тармақтары будандастырылады. Мысалы, қазақ ғалымдары Ә.Есенжолов, А.Жандеркин, Б.Бутарин жабайы арқар мен биязы жүнді қойды будандастыру жолымен қойдың Арқар-меринос деп аталатын жаңа тұқымын шығарды. Сонда оған арқардың таулы аймаққа бейімділігі, қой жүнінің биязылығы т.б. пайдалы қасиеттері берілген. Сол сияқты Н.В.Цицин бидай мен жабайы бидайық өсімдігін будандастыру жолымен бидай - бидайық гибридін алды. Бұл әдісті И.В.Мичурин жеміс - жидек өсімдіктерінің жаңа сорттарын шығару үшін кеңінен қолданды. Сонымен, алыс гибридизация жолымен будандастырғанда өсімдіктер мен жануарлардың сапасы жақсарып, өнімі артады. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|