Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Онтогенез болжамдары




Онтогенездін мәнін толық анықтайтын түпкілікті теория әлі күнге дейін жоқ. Бірақ XIX ғасырдын басынан бастап оның мәнін анықтау мақсатында бірнеше болжамдар (гипотезалар) айтылуда. Олардың негізгілері - преформизм және эпигенез гипотезалары.

Лреформизм болжамы бойынша болашақ ағза жыныс жасушаларында барлык мүшелері толық қалыптасқан, бірак өте кішкентай күйде күні бұрын анықталған. Сол кішкентай ағза ішінде олардың болашақ үрпақтары да айқындалған, яғни болашақ ағзалар жыныс жасушалары косылмай тұрып қалыптасқан. Ал, онтогенез (жеке даму) дегеніміз сол кішкентай, күні бұрын калыптаскан ағза мүшелерінің, денесінің жай өсуі ғана болып табылады, яғни онтогенез барысында ешқандай жана қүрылымдар — ұлпалар, мүшелер түзілмейді деп уағыздаған.

Мүндай болжамды ең алғаш ежелгі грек дәрігері Гиппократ айтқан болатын. Преформизмді қолдаушы оқымыстылардың өздері дайын кішкентай ағза қандай жыныс жасушаларда кездеседі (жүмыртқа жасушасында ма, әлде сперматозоидтарда ма) деген сұраққа байланысты екі топқа бөлінген: бірі қалыптасқан кішкентай ағза жұмыртқа жасушасында болады деп уағыздаса — овисттер; екіншісі — сперматозоидтарда кездеседі деп болжамдаған - анималкулисттер.

Қазіргі деректер бойынша жыныс жасушаларында барлық мүшелері қалыптасқан кішкентай ағза болады деп айту кате, дегенмен, соңғы кездерге дейін преформизм идеясын жаңғыртуға тырысушылар оқтын-оқтын табылып жатты, оларды неопреформисттер деп атайды (В. Ру, Г. Друш, Я. Свамердам т.б.).

Ерте замандардың өзінде-ақ преформизм гипотезасына қарама-қарсы пікірлер айтылған. Бүл пікірлерді эпигенез болжамы деп атайды. Эпигенез болжамы бойынша жыныс жасушаларында (жұмыртқа жасушасы, сперматозоид) ешқандай дайын, күні бұрын айқындалған кішкентай ағза болмайды, тіпті жыныс жасушаларында ешқандай күрделі құрылымдар да кездеспейді. Олар құрылыссыз, гомогенді — біркелкі массадан тұрады, ал болашақ ағза ұрықтанғаннан кейін күрделі жаңа құрылу құбылыстарының нәтижесінде дамып жетіледі деп айтқан. Яғни жыныс жасушаларының ағза онтогенезі үшін ешандай ролі болмайды деп уағыздаған.

Эпигенез идеяларының өріс алып дамуы орыс ғалымы К. Вольфтын еңбегімен тығыз байланысты.

XVII-XVIII ғасырларда осы екі болжам жақтастары арасында ұзаққа созылған ымырасыз пікірталас жүріп келген. Бірак XIX ғасырдың бас жағында К. Бэр өз тәжірибелері негізінде жоғарыда келтірілген гипотезалардың ешқандай шындыққа жанаспайтынын дәлелдеп көрсеткен.

К. Бэрдің айтуынша жыныс жасушаларында дайын күні бұрын айқындалған кішкентай ағза болады деп айту әбестік, сол сиякты жыныс жасушалары болашақ ағзаның дамуына ешқандай үлес қоспайды деу де дұрыс емес. Онтогенез өте күрделі кұбылыс, оның әрбір кезеңдері мен сатыларында күрделі өзгерістер, жаңа күрылымдар пайда болып отырады; оның келесі кезеңі мен сатысының калыпты жүруі оған дейінгі кезеңдер мен сатыларда болып өткен құбылыстар жиынтығына тығыз байланысты болады. Сондықтан да онтогенезді — преформацияланган эпигенез деп қарастыруымыз керек.

К. Бэрдің осы болжамы қазіргі кезде де көптеген окымыстылар тарапынан колдау табуда.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных