Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Трансгенді жануар алу әдістері.




Трансгеноз әдісі.Трансгенді жануарларды алу. Геномында бөтен ген (немесе гендер) бар жануарлар трансгенді деп аталады. Трангенді жануарлар алу трансгеноз әдісі арқылы іске асады.Трансгеноз деп генді бір биологиялық жүйеден басқа жүйеге жаңа белгілері бар организмнің жаңа формасын алу үшін жасанды жолмен тасымалдауды түсінеді.Трансгенді жануарлар әр түрлі биологиялық активті биотехнологиялық заттарды синтездеу және бағалы белгілері – тұқымдылығы және өсу қарқындылығы жоғары, вирустық ауруларға төзімді т.б. бар малдардың жаңа тұқымдарын алу үшін қолдануы мүмкін.

Трансгенді жануарларды алу үшін рекомбинантты гендерді микротүтікше және микрокаппилярлар көмегімен ұрықтанған ооциттің (жұмыртқа клетканың) пронуклеусіне енгізу әдісі кең қолданылады. Трансгеноз әдісі арқылы трансгенді тышқандар алу жақсы зерттелінген.

Жалпы трансгенді малдарды алу бірінің артынан бірі өтетін мынадай кезеңдерден тұрады.

1) Рекомбинантты ДНҚ молекуласын құрастыру және оның клонын алу,

2) Трансгенозға жарамды зиготалар алу және олардың пронуклеустерін айқындау;

3) Рекомбинантты ДНҚ көшірмелерінің белгілі мөлшерін зиготалар пронуклеустеріне микротүтікше арқылы енгізу;

4) Зиготаларды гормондық дайындықтан өткен аналықтардың жыныс жолдарына тасымалдау;

5) Туылған малдардың генотипі және фенотипі бойынша бағалап, тарнсгенді екендігін анықтау,

6) Трансгенді малдардың жаңа қасиетінің ұрпаққа тұқым қүалауын бақылау.

Трансгенді малдарды шығару – негізгі мақсаты малдың генотипін жаңадан құрастырып, олардан адам үшін бағалы өнім өндіру. Мұны іске асыру үшін қажет генді идентификациялау, бөлу және клонын алу, оларды зиготаларға ендіріп, экспрессиясын қосу және бөтен геннің ұрпаққа тұқым құалауын шешу керек. Осы мәселелерді генетиткалық инженерия әдістерімен шешу жоғары тиімді биотехнологияның малдар селекциясында қолдануының жаңа мүмкіншіліктерін ашады. Оның іске асуын, ең алдымен, мал генетикасының негіздерін іргелі зерттеуіне байланысты.

Сонымен гендік инженерия әдістиерін жасау клеткада жаңа қапараттарды енгізуге мүмкіндік береді, медицинада, ветеринарияда және тамақ өнеркәсібінде қолданылатын адам, жануарлар және өсімдіктер белоктарының штамдарын тауып, зертеу жұмыстарын дамытуға, сөйтіп оларды өндіріске ұсынуға мүмкіндік туады. Мысалы, ірімшік өндіруде қолданылатын – ренин белогын, тәтті белок – тауматинді /қанттан 3000 есе тәтті/ алу жөніндегі жұмыстар аяқталып, оларды өндірудің микробиологиялық технологиясы жасалуда. Сыра қайнатуды және ірімшік даярлауда қолданылатын ашытқылар штамдарының геномын енгізу, пентозаны сіңіретін фенол қосылыстарын ыдырататын гендерді табу бағытында, жұмытар істеуде. Бактериялар көмегімен, бұрын қолданлып жүрген әдістермен салыстырғанда, едәуір арзанға түсетін крахмалдан этил спиртін өндірудің технологиясын жасау қолға алынды. ДНҚ-ның сәйкестігін табуға биотехнологияда түрлі әдістер қолданылады.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных