Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Экономикалық теорияның пәні, категориялар мен заңдар.




Қазіргі уакытта шет елде кең тараған «Экономикс» оқулығының авторы Пол Самуэльсон экономикалық теорияның бірнеше анықтамасын келтіреді:

ü Экономика бұл қызмет түрлері туралы ғылым, айырбас және адамдар арасындағы ақшалай іс-әрекетке байланысты;

ü Экономика – байлык, туралы ғылым ретінде;

ü Экономика – адамдардың өмірлік қызметінің күнделікті іскерлігін және өздеріне өмір сүру мүмкіндігін таба отырып және осы жолды қолдану туралы ғылым;

ü Экономическая теория – адамзаттың тұтыну мен өндіру саласындағы өзінің міндеттерімен қалай айналасатыны туралы ғылым;

ü Экономикалық теория -адамдардың сирек немесе шектеулі өндіргіш ресурстарын (өндірістік мақсатқа бағытталған жер, еңбек, тауарлар; мысалы, машина мен техникалық білімдер) колдану аркылы және әртүрлі тауарды өндіру мен түтыну максатында, оларды қоғам мүшелері арасында бөлу туралы ғылым.

Экономикалық теорияның пәні – адамдар қажеттілігін қанағаттандыру үшін материалдық және материалдық емес игіліктерді өндіру үстінде шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану жөніндегі қатынастар.

Экономикалық теория 3 негізгі мәселені қарастырады:

- Нені өндіру (шектеулі ресурстар жағдайында қандай тауарларды қандай мөлшерде өндіру және қандай қызметтерді көрсету)?

- Қалай өндіру (қандай шектеулі қорлар мен технологиялық тәсілдердің көмегі арқылы адамдарға керекті игіліктер жасау)?

- Кімдер үшін өндіру (өнімді калай үйлестіру)?

Қажеттіліктер – экономиканың қозғаушы күші. Қажеттіліктер – адамдардың өмір сүсуді қолдау және ағзаның дамуы, тұлғаның дамуы үшін керек, қандай да бір затты қанағаттандыруды талап ететін объективті түрде қажетсінуі.

Экономикалық кажеттіліктер — қоғам өдірісінің ішкі себептерінің бір қалыпты қызмет етуі және дамуы. Олар адамдарды нақты экономикалық нәтижелерге қол жеткізу үшін бар ресурстарды тиімді қолдануға жігерлендіреді.

Экономикалық қажеттіліктер жүйесінен - өндірістік, қоғамдық және жеке қажеттіліктер бөлінеді. Жеке қажеттіліктерді олардың даму деңгейі бойынша қарапайым денелік және жоғарғы (әлеуметтік) қажеттіліктер болып жіктеліп, адамзат қоғамының даму деңгейімен түсіндіріледі. Олардың көлемі, құрылымы, саны қоғам мәдениетінің жалпы жағдайымен анықталады.

Адам баласының қажеттiлiгiне байланысты әртурлi теориялар бар. Американдық ғалым А. Маслоудың теориясы неғұрлым кең тараған. Ол адам баласының қажеттiлiгiн 5 топқа жатқызады:

- физиологиялық (аштық, шөлдеу жене сол сиякты);

- қауiпсiздiктегi қажеттілiк (қорқыныштан, ашу-ызадан, жанға батудан қорғану жене т.б.);

- әлеуметтiк байланыстағыт қажеттiлiк (махаббат, достық, әлеуметтiк теңестiру мен жалғастыру жене сол сияқты);

- өзiн өзi сыйлау кажеттiлiгi (қол жеткiзу, мойындау, қостау жене т.б.);

- өзiне өзi көңiл қою қажеттiлiгi (түсiну және ойлау, өз мүмкiндiктерi мен қабілеттерiн iске асыру).

Қажеттiлiктер материалдық игiлiктер көмегiмен қанағаттандырылады.

Игiлiк — өз бойында белгiлi бiр жағымды мән бар, белгiлi бiр қажеттiлiктi қанағаттандыратын және адамдардың мүдделерi мен мақсаттарына жауап беретiн нәрсенiң (зат, құбылыс, еңбек өнімi) бәрi.

Экономикалық қажеттілік – адамдарды өз мұқтаждарын қанағаттандыру мақсатында белсенді қызмет етуге мәжбүр ететін қозғаушы күш болып табылады. Қажеттіліктерді қанағаттандыру деңгейіне қарай жаңа қажеттіліктер туады. Оның құрылымы, саны, сапасы, өзгеріп отырады. Қажеттіліктердің үздіксіз өсуі адамдардың экономикалық эволюциясының көптеген деректерімен дәлелденді. Әр бір 10 жыл сайын тұтыну тауарлары мен қызметтердің түрлері екі есеге өсіп отырады. Мұндай экономикалық заңдылық қжеттіліктердің өсу заңы деп аталады. Қажеттіліктердің түрлері:

Алғашқы (төменгі) - қажеттілік адамдардың өмір сүруіне ең алғаш керек қажеттіліктер. Оларға толық киім, баспана т.б жатады.

Екінші реттік (жоғарғы) қажеттіліктер. Екінші реттік (жоғарғы) қажеттілік – бұл адамның рухани жағдайы, әлеуметтік ортасы, интелектуалдық деңгейіне байланысты пайда болатын қажеттіліктер. Бұл қажеттіліктерді альтернативті (таңдау) қажеттіліктері деп те атайды. Мысалы: кітаптар, сәнді киімдер, қымбат бұйымдар, сондай-ақ білімге мәдениетке қажеттіліктер.

Қанағаттандыру түріне қарай қажеттіліктерді жеке және ұжымдық деп бөлуге болады. Жеке қажеттіліктер – бұл жеке адамның өзін қанағаттындыра алатын қажеттіліктер. Мысалы: киім, тамақ, мұздатқыш, машина т.б тауарлар сатып алуы. Ұжымдық қажеттіліктер - өмірде жеке бір адам қанағаттандыруға мүмкін емес,көп шығын қажет ететін қажеттіліктер бар. Оларды көпшілік көмегімен ұжымдық түрде қанағаттандырады. Ұжымдық қажеттіліктерді қанағаттандыру жөнінде шешімдерді басқару органдары қабылдайды.

Экономикалық игіліктер – бұл қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатындағы нәрселер мен заттар. Олардың біреулері шексіз түрде болады. (Мысалы: ауа). Оларды еркін игіліктер деп атайды, басқалары шектелген оларды экономикалық игіліктер деп атайды.

Экономикалық игіліктер заттар (тауарлар) мен қызметтерден тұрады. Қызметтердің заттай тауарлардан айырмашылығы:

1.Олардың өндірісі мен тұтынылуы бір мезгілде болады

2.Оларды мұраға қалдыруға болмайды.

3.Оларды сақтауға немесе жинақтауға болмайды.

Басқа ғылымдарға ұқсас экономикалық теория ғылыми танып-білудің әртүрлі әдістерін қолданады.

Қоғамдағы экономикалық процестерді адамдардың қоғамдық әрекеттері, заңдары немесе экономика заңдары басқарады.

Экономикалық заңдар – экономикалық құбылыстар мен процестердің ішкі мәнін көрсететін тұрақты, көп рет қайталанатын себеп-салдарлық байланыстары.

Экономикалық заңдар өздігінен іс-әрекет жасамайды. Адамдар өндіре, айырбастап және тұтына бастаған жағдайда ғана экономикалық заңдар пайда бола бастайды. Қандай да ғылымның басты міндеті — табиғатта немесе қоғамда қолданылатын заңдарды адам мүддесіне қолдану үшін танып білу болып табылады. Экономикалық заңдар объективті сипатта болады, яғниадамдардың еркі мен санасына бағынбайды.

Экономикалык зандарды төмендегідей заңдарға айырып қарауға болады:

ü арнаулы

ü ерекше;

ü жалпы болып бөлінеді.

Арнаулы экономикалық заңдар – шаруашылық жүргізудің нақты, анықталған нысандарының даму заңдары.

Ерекше экономикалық зандар - бұл белгілі бір шаруашылық түрлерінің нақты тарихи дамуының зандары.

Жалпы экономикалық заңдар - бұл заңдар барлық тарихи дәуірге тән. Мысалы: уақытты үнемдеу заңы, еңбектің үнем заңы, қоғамдық еңбек бөлісінің заңы, қажеттіліктің жоғарылауы заңы, еңбек өнімділігінің үздіксіз өсу заңы, еңбекті ауыстыру заңы, халық өсуінің заңы, шекті пайдалылық заңы, табыстың төмендеу заңы, өндірістік қатынастардың өндіргіш күштердің сипаты мен даму дәрежесіне сай келу заңы және т.б.

Адамдар экономикалық заңдарды жасауға, ауыстыруға немесе алып тастауға дәрменсіз, бірақ олар бұл заңдарды ашып, қоғам мүддесіне пайдалана алады.

Ұлттық экономиканы микроэкономика және макроэкономика деп екі бөлімге бөлу қалыптасқан (1.2-сызба).

Микроэкономика бұл негізгі экономикалық бірліктің жұмыс істетудің ауқымы.

Макроэкономика – халық шаруашылығын толығынан қамтиды. Ол – жалпы экономикалық процестердің ауқымы (жалпы өнім, ұлттық табыс, барша шығын). Макроэкономика – экономика дамуының заңдылығын түсіндіріп және оның қандай бола алатындығын көрсетуге тиіс.

Тұтас экономикада болып жататын макроэкономика зерттейтін құбылыстар мен процестер, сайып келгенде, көптеген үй шаруашылықтары мен көптеген фирмалардың өзара қарым-қатынастарына жинақталынады. Макро- және микроэкономикалар өзара ажырамастай байланысты болады.

 

1.2 – сызба. Экономикалық теория құрылымы






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных