Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Экономикалық теорияның атқаратын қызметтері.




Экономикалық теория бірнеше қызметтер атқарады:

1. Танып - білу қызметі - қоғамдық экономикалық процестер мен құбы-лыстарды терең, әрі жан-жақты зерттеп бөлуі және түсіндіруі тиіс.

2. Дүниетанымдылық көзқарас қызметі – экономикалық құбылыстардың сипаттамасына тіршілік позиция құруына жағдай жасайды.

3. Ғылыми болжам қызметі - ғылыми болжам жасап және қоғамдық дамудың болашағын айқындайды.

4. Практикалық қызметі – нақты принциптерді және шаруашылықтың тиімді әдістерін жасаумен, сондай-ақ мемлекеттің саясатын ғылыми дәлелдеумен түсіндіреді.

5. Методологиялық қызметі – экономикалық теория барлық экономиканың ғылыми жүйесі үшін методологиялық негіз болып табылады.

Кез-келген ғылым сиякты жалпы экономикалық теория бірқатар кызметтер атқарады. Жалпы теориялык экономиканың ғылым жүйесіндегі ролін ескере отырып, төмендегідей негізгі қызметтерін керсетуге болады: танып білу, методологиялық, сыншыл және практикалық.

Танып-білу қызметін коғамдық экономикалық процестер мен құбылыстарды терең әрі жан-жақты зерттеп білуі және түсіндіруі тиіс.

Жалпы экономикалық теорияның тағы бір қызметі - методологиялық кызмет. Ол барлык экономиканың ғылым жүйесі үшін методологиялық тұрғыдан негіз болып табылады. Оларға салалық экономика (өнеркәсіп экономикасы, ауыл шаруашылық экономикасы, кұрылыс экономикасы, көлік экономикасы, қызмет көрсету саласының экономикасы және т.б.), қызметтік ғылымдар (қаржы мен несие, ақша айналымы, бухгалтерлік есеп, еңбек экономикасы, статистика және т.б.), әр түрлі білім салалары тоғысатын ғылымдар (экономикалық тарих, экономикалық география, табиғатты пайдалану экономикасы, тұрғындар экономикасы ж.т.б.) және қолданбалы ғылымдар (маркетинг, шаруашылық қызметін талдау, жоспарлау, болжамдау ж.т.б.) жатады. Егер экономикалық теория қоғамдық өндірісті басқару заңдарын қарастырса, онда барлық басқа экономикалық ғылымдар - осы зандардың нақты салаларда байқалуын зерттейді.

Жалпы экономикалық теория сыншыл қызметінде - құбылыстарды сын тұрғысынан қарастырып, олардың жетістігі мен артықшылығын, күнделікті өмірде қолдану мақсатында және кемшілігін де көрсетеді.

Жалпы экономикалық теория курсын оқудың үлкен теориялық және практикалық маңызы бар. Категория мен принциптерде, заңдар мен зандылықтарда ол қоғамдық дамудың ең мәнді процестерін көрсетеді.

Жалпы экономикалық теория күрделі экономика әлемін тануды, өндіру, бөлу, айырбастау және тұтынудың өзара байланыстарын қамтамасыз етеді.

Жалпы экономика ғылым ретінде адамзат ой-санасының ұжымдық жемісі.

Жалпы экономикалық теорияның практикалық қызметі - нақты принциптерді және шаруашылықтың тиімді әдістерін жасаумен, сондай-ақ мемлекеттің саясатын ғылыми дәлелдеуімен түсіндіреді.

Жалпы экономикалық теорияның ерекше мән беретіні - адам, оның қажеттілігі мен мүддесі, қоғамдық, табиғаттық, материалдық объктілері мен субъектілері және басқа ресурстарға қатынасы болып табылады. Жалпы экономикалық теория шаруашылық қызметінің түрлерін, принциптерін, ережелерін, ресурстарды қолданудың тиімді бағыттарын жасайды. Сондай-ақ өндіруші мен тұтынушылардың және экономикалық мүдделері негізінде экономикалық мінез-құлқының логикасын, олардың қажеттілігін қалыптастырады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных