Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Экономикалық теорияның зерттеу әдістері




Экономикалық теория ғылыми танып-білудің әртурлі әдістерін қолданады.

Әдiстер - экономикалық құбылыстар мен процестердің қалай, қандай құралдардың көмегiмен зерттелетiндiгі.

Жалпы және оқшау әдiстерді ажырата білу керек (1.1- сызба).

Жалпы әдiстер - экономикалық әрекеттi тұтастай ғылыми тұрғыдан игерудiң- жалпыға ортақ тәсiлдерi бар екендiгін көрсетеді.

Оқшау (локалды) әдістер - экономикалық жүйенiң қандай да бiр қырлары мен аспектiлерiн эерттеуге көмектесетiн нақты аспаптар, амалдар, құралдар. Олардың ішінде - арнайы (қандай да бiр әдітемеге бекітілген) және универсалды (кез келген әдістеменi жузеге асыру көзінде пайдаланылатын) әдiстер бар. Универсалды әдістерге:

- сараптау (зерттеу нысанын (объектiсiн) жекелеген элементтерге бөлшектеу) жене қорыту (жекелеген элементтердi бір тұтастыққа бiрiктiру);

- индукция (жекелеген фактiлерден жалпыны шығару) жене дедукция (жалпыдан жекеге қарай қозғалу);

- абстракция (заттың - негiзгi, мәндi қасиеттерiн басқа қасиеттерiнен ажыратып алып бөлiп көрсету) жатады.

Кез-келген ғылыми зерттеудің методологиялық негізі - диалектикалық танып білу әдісі болып табылады.Бұл әдістің ғылыми мәні мынада: барлык, экономикалық кұбылыстар мен процестерді олардың дамуы тұрғысынан - жай түрінен күрделісіне, төменгі сатыдан жоғарысына қарай қарастырылады. Осы процестерді қарастыру кезінде танып-білудің көптеген тәсілдерін қолданады. Танып білудің диалектикалық әдісі барлық ғылымда қолданылатын жалпы әдіс болып табылады. Диалектиканың жалпы заңын қолдана отырып,экономикалық теория өзіне тән ғылым ретінде сипаттайтын арнайы зерттеу әдістерінде қолданады.

1.1 – сызба. Экономикалық теория әдістері

 

Экономикалық теорияның пайдаланатын зерттеу әдістерінің ең маңыздысы - ғылыми абстракция әдісі болып табылады. «Абстракция» терминін нақты түсіндірер болсақ, жекеше тыс ойлау деген ұғымды білдіреді. Күнделікті өмірде «абстракция» көбінесе нақты болмыстан тыс және тек ойда, елес ретінде түсідіріледі. Ал нақты нәрсе - бұл күнделікті өмірде көрінетін құбылыс шындығы. Ғылыми абстракция дегеніміз зерттеліп отырған құбылыстардың мардымсыз, өткінші жақтарын дерексіздендіру, олардағы тұрақты касиеттерді тауып керсету процесі.

Кез-келген процесті зерттеуде экономикалық теория тарихи және логикалық әдістердің бірлігін қолданады. Осы тенденциясының дамуын айқындау үшін, құбылыс пен процестің пайда болуы, олардың өсу жолдарын көрсету қажет. Демек, экономикалық теория тарихи принципті басшылықка алады. Экономикалық қатынастарды тарихи көзқараспен зерттей отырып,экономикалық теория тарихтың соңынан ілесе алмайды. Себебі тарих көп жағдайда кездейсоқ факторлар, қымқиғаш қүбылыстар, кері шегіністер мен ілгері озып кетушіліктер іс-әрекетіне бой алдырады. Осы кезде экономикалық ғылымының логикасы көмекке келеді. Сондықтан да экономикалық теория әдісінің ең маңызды принциптері - зерттеудің тарихи және логикалық әдістерінің бірлігі болып табылады.

Экономикалык процесті оқып-білуде жалпы, ерекше мен жекенің диалектикасын катаң сактау орын алады.

Болмысты танып-білу процесі практикамен басталып, практикамен аяқталады. Қоғамдық практика - экономика теория әдісінің ең маңызды буыны және оның ережесінің дұрыстығын растайтын өлшемі болып табылады.

Абстрактылы ойлау процесінде экономикалык категориялар (тауар, нарық, ақша, капитал, пайда және т.б.) қалыптасады. Экономикалық категория - логикалық ұғым және адамдар арасындағы әлеуметтік-экономикалық қайсы бір қатынастарды көрсетеді. Демек, экономикалық теория адамдар арасындағы әлеуметтік-экономикалық қатынастарды экономикалық категориялар ретінде бейнелеу аркылы оқытады.

Экономикалық зерттеуде анализ (талдау) және синтез тәсілі де қолданылады. Табиғаттағыдай, қоғамда да зерттелетін кұбылыстар мен процестер белгілер, қасиеттер жөне сипаттар жиынтығына ие болады. Осы объектіні дұрыс түсіну үшін, оларды ең алдымен құрамдас бөліктерге жіктеу қажет. Зерттелетін құбылыс өзінің құрамдас бөліктері мен жақтарына жіктеледі. Осы бөліктер мен жақтардың әркайсысын нақтылап, тұтас құбылыстың қажетті бір бөлігі ретінде қарастыруды анализ (талдау) дейміз.

Алайда, кұбылысты қарастыру тек талдаумен шектелмейді. Әрбір құрамдас бөліктерді зерттеп болған соң, осы элементтерді қайтадан тұтас етіп біріктіру қажет. Зерттелетін құбылыстардың бөліктерін жұптастыру және оларды тұтас құбылыс ретінде танып-білуді синтез дейміз.

Салыстыру – қаралатын құбылыстардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау.

Аналогия (үйлестік) – бір немесе бірнеше қасиеттерді белгілі құбылыстан белгісіз құбылысқа өткеру.

«Әртүрлі тең жағдайдағы» долбар дегеніміз – зерттелудегіден өзге барша факторлар долбармен келісім тауып тұрса, олар тұрақты деп қабылданады.

Экономикалық-математикалық үлгілеу - әртүрлі экономикалық құбылыстарды математикалық әдістермен формальды сипаттау болып табылады.

Позитивті экономика нақты жағдайлармен ғана жұмыс істей отырып, іс-әрекеттің ғылыми қөзқарастарын зерттеуге ұмтылады. Позитивті экономика субъективті бағалауға тәуелді емес.

Бұған қарама-қарсы нормативті экономика – экономика қандай болуы керек деген сұрақтаң субъективті көзкарасын көрсете отырып, экономикадағы кейбір аспектілердің қолайлы және қолайсыздығын қарастырады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных