Главная | Случайная
Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Жылғы тұтыну қоржынының нарықтық бағасых 100%.




Мысалы, 2012 жылы тұтыну қоржынының нарықтық құны 64 долларға тең; ал өткен 2011 жылы 50 долларга тең болса, онда 2012 жылғы бағалар индексі мынадай болады:

2012 жылғы бағалар индексі = 64 / 50*100% = 128%.

ЖІӨ-нің бағалар индексі.ЖІӨ-нің бағалар индексін ЖІӨдефляторы деп атайды. Ол тұтынушылық тауарлар мен қызметтердің бағаларынан, инвестициялық тауарлардың бағаларынан, мемлекеттің сатып алатын тауарларының бағаларынан жңне әлемдік нарықта сатылған жңне сатып алынған тауарлар мен қызметтердің бағаларынан құралады. ЖІӨ дефляторы ақшалай нысандағы, яғни атаулы ЖІӨ-ді бағалардың өзгеруіне байланысты түзетуші көрсеткіш болып табылады.

ЖІӨ дефляторы арқылы әртүрлі жылдар арасындағы өндіріс көлемін салыстыруға болады. Әртүрлі жылдар үшін алынатын бағалар индексінің жиыны бағалардың қаншалықты өскендігін немесе төмендегендігін анықтауға мүмкіндік береді. Сәйкесінше, біз ЖІӨ-нің ақшалай, уақытша және сандық көрсеткіш екендігіне көз жеткіземіз. Оның шамасына өндірілген өнімнің санымен қатар, бағалар деңгейі де әсер етеді. Олай болса, біз ЖІӨ-нің екі түрін бөліп көрсетеміз:

1. Атаулы ЖІӨ- ағымдағы нарықтық бағалармен есептелетін ЖІӨ-нің деңгейі.

2. Нақты ЖІӨ- бағалар деңгейінің шамасын (инфляция және дефляция) есепке ала отырып түзетілген немесе тұрақты бағалармен есептелетін ЖІӨ-нің деңгейі.

Осыған байланысты ЖІӨ дефляторы төмендегі формуламен есептеледі:

ЖІӨ дефляторы = атаулы ЖІӨ / нақты ЖІӨ.

Сәйкесінше:

Нақты ЖІӨ = атаулы ЖІӨ / ЖІӨ дефляторы.

Біздің мысалымызда, 2012 жыл үшін атаулы ЖІӨ деңгейі 64 долларға тең, ал ЖІӨ дефляторы - 128, онда нақты ЖІӨ 50 долларға тең болады.

Нақты ЖІӨ ұлттық экономиканың даму деңгейін аса нақты түрде есептей алады.

Тұтынушылық бағалар индексі.ЖІӨ дефляторынан басқа бір индекс тұтынушылық бағалар индексі (ТБИ) де аса маңызды көрсеткіштердің бірі болып табылады. Оның құрамына тұтынушылық тауарлар мен қызметтердің бағалары кіреді. Бұл жерде тұтынушылық тауарлар мен қызметтер құрамының жиынын «тұтыну себеті»(потребительская корзина) деп атайды. Тұтыну себеті адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын және олардың өмір сүруінің негізі болып табылатын бірінші қажеттіліктегі ең маңызды заттарды есепке алады. Мәселен, АҚШ-та ТБИ тұтыну себетінің құрамына кіретін 300-ден астам тауарлар мен қызметтердің бағаларын есепке алады.

ТБИ-дың ЖІӨ дефляторынан басты айырмашылығы мынаданкөрінеді, яғни ТБИ нарықтық тұтыну себетінің құрамын тұрақты, өзгермейді деп болжайды. Жылдан жылға тауарлар мен қызметтердің құрылымы өзгеріссіз қалады. Ал ЖІӨ дефляторы нарықтық тұтыну себетінің құрамы жылдан жылга өзгеріп отырады деп болжайды.

Бірақ, біз белгілі бір дәрежеде бағалар индексінің салыстырмалы көрсеткіштер болып табылатындығын және ЖІӨ дефляторының да, ТБИ-дың да өзіне тән кемшіліктерінің бар екендігін айтып өткеніміз жөн.







Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2021 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных