Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Пайыз капиталдан алынатын табыс ретінде.




Капитал теориясы экономикалық теорияда аса күрделі сұрақтардың бірі ретінде саналады. Басты мәселесі - бұл жекелеген индивидтердің, фирмалардың және басқа да тұлғалардың капиталға қатысты ресурстар бойынша шешім қабылдағанда олардың уақытаралық таңдау жасай алуының қарастырылуы, яғни бұл жерде ақшалай капиталды бүгінгі және болашақ кезеңдер аралығында қалайша тиімді пайдалануға болатындығы сөз етіледі.

Жалпы алғанда, капитал кең мағыналы ұғым болып табылады. Осыған байланысты, капиталға бірнеше анықтама беруге болады:

Капитал -бұлнегізгі өндіргіш күштерден тұратын өндіріс құрал-жабдықтары түріндегі физикалық капитал.

Капитал - бұл белгілі бір табыс ағынын қалыптастыратын кез келген құндылық.

Капитал - бұл белгілі бір уақыт бойы жинақталған өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы қорлар.

Экономикалық теорияда ақшалай және өндірістік нысандағы капиталдың түрлеріне сұраныс пен ұсыныс қалыптасады. Капитал нарығында ұсынысты калыптастыратын үй шаруашылықтарын жинақтаушылар деп атаса, фирма тарапынан сұраныс білдірушілерді инвесторлар дейді. Капиталға деген сұраныс - бұл инвестициялық шешім қабылдауға мүмкіндік беретін бизнес өкілдерінің ақша-қаражаттарын және өндіріс кұрал-жабдықтарын пайдалануга деген қажеттіліктері. Капитал ұсынысы - бұл үй шаруашылықтарының өз қолындагы бос ақша-қаражаттарын және ақшалай салымдарын бизнеске материалдарға сұраныс түрінде қолдануға беруі. Әдетте, капиталға сұраныс пен ұсыныс қатынастары банк қызметтері арқылы жүзеге асырылады. Үй шаруашылықтары өз қаражаттарын банкке белгілі пайыз түрінде табыс алу үшін жинақтайды, ал фирмалар осы жиналған қаражаттарды банктен несиелік қарыз құралдар түрінде сатып алып өздерінің инвестициялық жобаларын іске асырады.

Капиталға деген сұранысты мынадай факторлар анықтайды:

1. Инвестициялық табысты максималдау;

2. Нақты пайыз мөлшерлемесінің деңгейі;

3. Салық салу деңгейі;

4. Технологиялық өзгерістер;

5. Экономикалық саясат шаралары;

6. Болашақты күту;

7. Кәсіпкердің оптимистік және пессимистік мінез-құлық жағдайлары;

Капиталдың ұсынысын мынадай факторлар анықтайды:

1. Кәрілікті қамтамасыз ету;

2. Күтпеген жағдайлардан сақтану;

3. Болашақ сұраныстарды қанағаттандыру;

4. Ұрпақ өсіруді болашақта қамтамасыз ету;

5. Салық салу деңгейі;

6. Бағалар деңгейі;

7. Болашақты күту.

Капиталдың бағасын пайыз деп атайды. Ақшалай капиталға сұраныс пен ұсынысты қалыптастырғанда оның бағасы несиелік пайыз пайда болады. Несие пайызы - бұл белгілі бір уақыт аралығында капитал иесіне оның құралдарын пайдаланғаны үшін төлейтін бағасы.

Капиталға сұраныс пен капиталдың ұсыныс қисықтарының қиылысуы кезінде капитал нарығында тепе-теңдік орнайды Осы жерде экономикалық субъектілер капиталдың белгілі бір тепе-теңдік көлемін белгілі бір тепе-тендік пайыз деңгейінде сатуға және сатып келіседі. Оны төмендегі суреттен көруге болады.

9.6-сурет.Капитал нарығындағы тепе-тендік

 

Пайыз мөлшерлемесі екіге бөлінеді:

1. Атаулы пайыз мөлшерлемесі - инфляция қарқынын есепке алмайтын банктің тағайындаған ағымдағы нарықтық пайыздың шамасы.

2. Нақты пайыз мөлшерлемесі - инфляция қарқынын есепке алатын атаулы пайыз мөлшерлемесінің сатып алушылық қабілеті. Ол атаулы пайыз мөлшерлемесі (і) мен алдағы мүмкін болатын инфляция қарқыны (π) арасындағы айырмашылықты білдіреді:

r = і -π,

мұнда, r - нақты пайыз мөлшерлемесі. Мысалы, инфляцияның жылдық қарқыны 10%-ды құраса, банктің белгілеген атаулы пайыз мөлшерлемесі 15% болса, онда оның накты деңгейі 5%-ға тең.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных