Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Фирманың қаржылық жағдайы, табысы, пайданы жоғарылату шарты.




Табыс - бұл фирманың өнімнің белгілі бір көлемін сатудан түскен жалпы түсімі. Жалпы түсім нарықтағы тауардың бағасына және өткізілетін өнімнің көлеміне тәуелді болып табылады. Алайда, фирманың табыстарын пайдамен шатастыруға болмайды.

Фирма табыстарының негізгі үш түрі болады:

1. Жалпы табыс - тауардың бағасы мен өнім көлемінің көбейтіндісі.

ТR=P*Q

Мұнда, ТR - жалпы табыс;

Р - тауардың бағасы;

Q - өнім көлемі.

 

2. Орташа табыс – өнімнің бір бірлігін сатудан түскентүсім жэне ол жалпы табыстың өнім көлеміне қатынасы ретінде анықталады:

AR = TR/Q = P

Мүнда, AR - орташа табыс.

3. Шекті табыс - өнімнің келесі бір бірлігін сатудан түскен қосымша түсім және ол жалпы табыс өзгерісінің өнім көлемінің өзгерісіне қатынасы ретінде анықталады:

МR = ∆TR/∆Q

Мұнда, МR - шекті табыс.

 

Жетілген бәсеке жағдайында фирманың жалпы табысы өнім көлемі өскен сайын арта береді. Ал орташа табыс пен шекті табыс бір-біріне тең болады және олар жетілген бәсеке жағдайында өндірілген өнімге деген сұраныспен анықталады. Жетілген бәсекеде біртекті өнім шығаратын фирма нарықтағы қалыптасқан бағаға әсер ете алмағандықтан оның орташа табысы мен шекті табысы тауардың бағасына тең болады.

Жетілмеген бәсеке жағдайында монополист, олигополист және монополистік бәсекелес фирмалар нарықтағы қалыптасқан бағаға әсер ете алғандықтан өнімнің бағасын шекті табыстан жоғары етіп тағайындайды және сол арқылы үстеме пайда алу мүмкіндігіне ие болады.

Пайда ұғымы фирманың нарық жағдайындағы экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ететін және оның қаржылық тәуелсіздігіне кепілдік беретін өте күрделі категория ретінде сипатталады. Пайда не өндіру керек, қалай өндіру керек және қанша көлемде өндіру керек деген экономиканың негізгі мәселелерін шешуге көмектеседі. Сондықтанда өндірілген немесе сатылған тауарлар мен қызметтердің көлемі қанша және олардың бағасы қандай болғанда пайда мейлінше көп болады сұрақ фирмаларды ынталандырады.

Экономикалық теорияның негізгі мектептері пайда туралы теориялық көзқарастарын әртүрлі жеткізді.

Меркантилизм бағыты пайданың қайнар көзін айналыс саласымен және сыртқы сауда-саттықпен байланыстырады.

Физиократтардың айтуы бойынша, пайда тек ауыл шаруашылығы саласында жасалады. Мұнда табиғат күштерінің әсерінен тұтыну құндары өндіріс шығындарынан әрдайым артып отырады делінеді.

Классиктер А. Смит пен Д. Рикардо қосымша құн материалдық өндіріс салаларында жасалады деп тұжырымдады. Мұнда капиталист пайданы жалдамалы жұмыскер еңбегінің өнімінен алып отырады.

Марксизм теориясы пайданы барлық бастапқы капитал тудырған қосымша құнның өзгерген формасы деп санайды, ал қосымша құнның қайнар көзі болып жалдамалы жұмыскерлердің еңбегі табылады.

Пайданың экономикалық категория ретіндегі мәнін толық түсіну үшін оның атқаратын қызметтеріне де тоқталып өтуіміз қажет. Пайда негізгі екі қызметті атқарады:

1. Бөліп-тарату қызметі - орындауға арналған бағдарламалар мен стратегияларды қаржыландыру мақсатында ақшалай қаражат қорларын құру, капиталдың оңтайлы құрылымын жасау және банкротқа ұшырау қаупін мейлінше төмендету.

2. Ынталандыру қызметі - өндіріс шығындарын барынша төмендету, жаңалықтар мен инновацияларды енгізу, ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерін өндірісте пайдалану.

Сонымен, пайда дегеніміз - бұл тауардың нарықтық сату бағасы мен оны өндіруге жұмсалған шығындардың айырмасы.

Пайданың құру, бөлу, өзара әрекет ету және пайдалану факторлары бар:

1. Құру факторлары: 1) өнімдерді, тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатудан түскен түсім; 2) материалдық және материалдық емес қорларды сатудан түскен түсім; 3) негізгі құралдарды сатудан түскен түсім; 4) басқа әрекеттерге қатысудан келген табыстар; 5) құнды қағаздардан келген табыстар; 6) айыппұлдар мен өсімпұлдар.

2. Бөлу факторлары: 1) пайданың бюджетке және бюджеттен тыс қорларға бағытталуы; 2) пайданың кәсіпорында қалуы; 3) пайданың қарыздарды өтеу және пайыздарды төлеу үшін банкке бағытталуы; 4) пайданы бөлудің басқа да факторлары.

3. Өзара әрекет ету факторлары: 1) бағалар, тарифтер, алымдар; 2) салықтар және салық мөлшерлемелері; 3) несиелік пайыз мөлшерлемелері; 4) айналым құралдарының айналымы; 5) өнімнің өзіндік құны; 6) еңбек өнімділігі; 7) қор қайтарымдылығы; 8) қормен қарулану.

4. Пайдалану факторлары: 1) жинақтау және қорлану (өндірісті және ғылымды дамыту); 2) әлеуметтік мұқтаждықтар; 3) күрделі қаржы салымдары; 4) тұтыну (дивиденд, материалдық көмек, т.б.); 5) басқа да шығындарды өтеу.

Пайданың негізгі төрт түрі бар:

1. Бухгалтерлік пайда - айқын шығындарды төлегеннен кейінгі фирманың қарамағында қалған пайданың бір бөлігі. Бухгалтерлік пайданы анықтау үшін сатудан түскен жалпы түсімнен бухгалтерлік (айқын немесе сыртқы) шығындарды алып тастаймыз.

2. Экономикалық пайда - сатудан түскен жалпы түсім мен фирманың барлық шығындары (айқын және айқын емес) арасындағы айырмашылықты білдіретін таза пайда шамасы.

3. Қалыпты пайда - сатудан түскен жалпы түсім мен фирманың жалпы шығындарының теңесуін білдіретін нөлдік пайда.

4. Шекті пайда - өнімнің келесі бір бірлігін сатудан түскен қосымша түсім мен шекті шығындар арасындағы айырмашылықты білдіретін фирманың қосымшатаза пайдасы.

Фирманың пайдасын мейлінше арттырудың негізгі екі ережесі бар:

Бірінші ереже: фирма жалпы табыс пен жалпы шығындарды салыстырады. Егер сатудан түскен түсім мен жалпы шығындар арасындағы айырмашылық көп болса, онда фирманың пайдасы мейлінше артады.

Екінші ереже: фирма шекті табыс пен шекті шығындарды салыстырады. Бұл жерде үш жағдай қалыптасады:

- егер фирманың шекті шығындары шекті табыстан артып кетсе, онда ол өнім өндіруді қысқартады;

- егер фирманың шекті шығындары шекті табыстан кіші болса, онда ол өнім өндіруді арттырады;

- егер фирманың шекті шығындары шекті табысқа тең болса, онда ол өнім өндірудің оңтайлы көлемін анықтап жалпы пайдасын максималды деңгейге жеткізеді:

МR = МС

Бұл теңдік фирманың пайдасын мейлінше арттырудың маңызды шарты болып табылады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных