Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ысқа және ұзақ мерзімдердегі өндірістік шығындар.




Қысқа мерзімді өндіріс үдерісінде өндіріс шығындары үшке бөлінеді:

1. Тұрақты шығындар - өнім көлеміне әсер етпейтін тәуелсіз шығындар. Бұл шығындар өнім өндірудің алдында және өнім өндірісі тоқтағанда орын алады. Тұрақты шығындардың құрамына ғимараттарды, құрылыстарды және құрал-жабдықтарды пайдалану шығындары, әкімшіліктік-басқарушылық шығындар, арендалық төлемдер, несиелік төлемдер жатады.

2. Өзгермелі шығындар - өнім көлемінің өзгеруіне байланысты өзгеріп отыратын тәуелді шығындар. Фирма өнім өндірмегенде немесе оны тоқтатқанда мұндай шығындар орын алмайды. Өзгермелі шығындарға шикізаттарға, отын-материалдарға және жалдамалы жұмысшыларға еңбекақы төлеуге кеткен шығындар жатқызылады.

3. Жалпы шығындар - өндірістің тұрақты және өзгермелі шығындарының қосындысы. Фирма үшін бұл шығындар өнімнің белгілі бір көлемін өндірудің ең минималды ақшалай шығындары болып табылады. Өндірілетін өнімнің саны артқан сайын жиынтық жалпы шығындар өседі.

Аталған шығындардың анықталуы мен графиктері төменде көрсетілген.

ТС = FC + VC,

Мұнда, ТС - жалпы шығындар;

FC - тұрақты шығындар;

VC - өзгермелі шығындар;

Q - өнім көлемі.

 

8.1-сурет. Өндіріс шығындары

 

Суреттен көріп отырғанымыздай, тұрақты шығындар абсцисса осіне параллель болып келеді, себебі олар өнім көлеміне байланысты болмайды. Ал өзгермелі шығындардың ауытқымасы жалпы шығындардың сипатын қайталап отырады, өйткені бұлар өнім көлемі артқанда немесе төмендегенде әртүрлі бағытта өзгеріп отырады.

Фирманың өндіріс шығындары сапында орташа шығындар мен шекті шығындардың да орын алуы аса маңызды болып табылады. Фирма шешім қабылдау кезінде бұларды міндетті түрде ескереді.

Орташа шығындар - бұл өнімнің бір бірлігін өндіруге жұмсалған жалпы шығындар. Орташа шығындар жалпы шығындардың өнім көлеміне қатынасы ретінде анықталады;

АС = ТС / Q

Орташа шығындар үшке бөлінеді:

1. Орташа тұрақты шығындар - өнімнің бір бірлігін өндіруге жұмсалған жалпы тұрақты шығындар және ол жалпы тұрақты шығындарды өнім көлеміне бөлу арқылы анықталады;

АFC = FC / Q

2. Орташа өзгермелі шығындар - өнімнің бір бірлігін өндіруге жұмсалған жалпы өзгермелі шығындар және ол жалпы өзгермелі шығындарды өнім көлеміне бөлу арқылы анықталады:

АVC = VC / Q

3. Орташа жалпы шығындар - орташа тұрақты және орташа өзгермелі шығындардың қосындысы:

ATC = TC/Q = AFC + AVC

Шекті шығындар - бұл өнімнің келесі бір бірлігін өндірумен байланысты өндіріске тартылған қосымша шығындар. Бұл шығындар жалпы және өзгермелі шығындардың өзгерісін туындатады және осы шығындар өзгерісінің өнім көлемінің өзгерісіне қатынасы ретінде анықталады:

MC = DTC/DQ = DVC/DQ

өйткені DTC = FC + DVC, а FC – const

 

Шекті шығындардың өнім өндіру көлеміне тікелей қатысы болғандықтан, олар тұрақты шығындарға әсер етпейді. Сол себепті, қосымша тұрақты шығындар әрқашанда нөлге тең болады: М F С = 0.

Төмендегі кестеде шекті шығындарды есептеудің жолы көрсетілген. Мысалы:

 

Өндірілген тауарлардың саны, дана Жалпы шығындар, долл. Орташа шығындар, долл.
  4 200  
  4 257  
     
  4 365  
  Шекті шығындар 4 257 - 4 200 = тауардың 43-данасына 57 доллар жұмсалды 4312 - 4 257 = тауардың 44-данасына 55 доллар жұмсалды 43 65- 4312 = тауардың 45-данасына 53 доллар жұмсалды

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных