Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Пайданың экономикалық табиғаты және оның деңгейін анықтаушы факторлар.




Экономикалық ресурстар өзінің қызметін өндірістік үдеріс барысында іріленген түрінде негізгі өндіріс факторлары ретінде атқарады. Оларға еңбек, капитал, жер және басқа да факторлар жатады. Экономикалық қызметті бастайтын және пайда табу мақсатында саналы іс-әрекетке баратын кәсіпкер белгілі бір өнімніңтүрін өндіру немесе қызмет көрсету үшін қажетті өндіріс факторларына сұраныс білдіреді. Бұл жерде өндіріс факторларының нарығы қалыптасады. Кәсіпкерлер мен тауар өндірушілер осы нарықтардың негізгі сатып алушылары болып табылады, ал үй шаруашылықтары өндіріс факторларының иелері ретінде сатушылар қызметін атқарады. Әр өндіріс факторына сұраныс пен ұсыныс қалыптасып, ортақ тепе-теңдік баға тағайындалып отырады. Әр өндірістік ресурс өзінің иесіне факторлық табыс алып келе алатындай қасиетке ие болуы тиіс.

Мәселен, еңбектің иесі өзіне жалақы алады, капиталды сатушы өзіне пайызды алады, ал жердің иесі рентага ие болады.

Өндіріс факторлары нарықтарының кәдімгі тауарлар мен қызметтер нарығынан басты айыршылығы - фирмалар мен тұтынушылар рөлдерінің ауысуында болып табылады: фирмалар ресурстар нарығында сатып алушылар, ал тұтынушылар сатушылар ретінде жұмыс істейді. Басқаша айтқанда, фирмалар ресурстарға сұраныс білдіреді және тұтынушылар ресурстардың ұсынысын жасайды.

Өндіріс факторларының нарықтары - бұл сұраныс пен ұсынысты жасайтын еңбек, капитал және жер сияқты ресурстарға жалақы, пайыз және рента түріндегі бағалардың қалыптасуы орын алатын нарықтар. Бұл жерде өндіріс факторларына сұраныс туынды сұраныс деп аталады, яғни фирмалардың ресурстарға деген сұранысы солардың көмегімен өндірілетін дайын игіліктерге деген сұранысқа тәуелді болып табылады. Егерде, дайын игіліктерге сұраныс өссе, онда соларды өндіруге жұмсалатын ресурстарға да сұраныс артады. Ал өндіріс факторларының ұсынысы - бұл үй шаруашылықтарының белгілі бір уақытта өз мүмкіндіктерін, атап айтсақ, еңбекті, капиталды және жерді бәсекенің әртүрлі жағдайларында белгілі бір бағамен сата алуға деген дайындықтары. Ұсынысты жасайтын экономикалық субъектілер тұтынушылар, қарапайым адамдар, жалдамалы жұмысшылар, жинақтаушылар, қоғам ретінде көрінуі мұмкін.

Әр ресурс өзінің иесіне әртүрлі формасында табыстарды қалыптастырады. Факторлық табыстар - бұл ресурстар иелерінің олардың сәйкес түрлеріне (еңбек, жер, капитал және кәсіпкерлік қабілет формаларында) байланысты белгілі бір уақытта сол өндірістік ресурстарын нарықта сатуынан түсетін ақшалай түсімдері. Факторлардың әрбір тобына факторлық табыстың өзіндік формасы сәйкес келеді: еңбек факторының иегерлері үшін факторлық табыстың формасы болып жалақы табылады, капитал иегерлері үшін - пайыз, жер факторының иегерлері үшін - рента, ал кәсіпкерлік қабілет иесі үшін - пайда факторлық табыс болып табылады.

Негізінен, үш факторлы нарық қарастырылады. Енді осылардың әрқайсысына тоқталайық.

Нарықтық экономикады кеңінен қолданылтын ең маңызды ұғымдар қатарына пайда мен пайызды жатқызу мүмкін. Пайда нарықтық экономиканың қозғаушы күші жіне ақырғы мақсаты болып табылады. Шаруашылық субъектілерінің іс-әрекеті жеке басына пайда табуға бағыталған болып, олар қоғамға өте тиімді қызмет атқарып береді. Пайда экономиканың өздігінен жетілдіруде маңызды экономикалық тұтқа ретінде қарастырылады. Американ ғалым-экономисті Пол Самуэльсон пайдаға деген бірнеше көзқарасты атап қөрсетті:

1. пайда өндіріс факторынан алынған «шартсыз» табыс ретінде және оны кәсіпкерлердің өзі тікелей қолданады;

2. пайда кәсіпкерлік қызметті марапаттау ретінде және техникалық жетілдіруді ендіру;

3. пайда тұрақсыздық жай-күйді тудырушы ретінде және тәуекелділік үшін төлем;

4. пайда монополды табыс ретінде.

Қарапайым ой деңгейінде де, ғалымдардың арасында да жиі кездесетін тағы бір көзқарас бойынша пайда өндіріс пен бизнесті ұйымдастырып, басқарғаны үшін төленетін сыйақы деген ұйғарым бар.

Пайда рынок экономикада үлкен роль атқарады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных