Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Экономикалық өсу түсінігі және оның өлшемі.




Жалпы ұлттық (ішкі) өнім, таза ұлттық өнім, ұлттық табыс, жеке табыс сияқты негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер экономикалық өсудің нәтижесінде орын алады.

Экономикалық өсу - бұл ұлттық шаруашылықтың адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын өнімдерді өндіру қабілетгілігі мен мүмкіндігінің ұлғаюы. Қазіргі уақытта, экономикалық өсудің шешуші факторы болып инвестициялар табылады.

Экономикалық өсу негізгі екі әдіспен өлшенеді:

1) Нақты жалпы ұлттық (ішкі) өнім көрсеткішінің белгілі бір уақыт аралығында өсуі;

2) Нақты жалпы ұлттық (ішкі) өнім көрсеткішінің белгілі бір уақыт аралығында жан басына шаққандағы өсуі.

Экономикалық өсу әдетте, пайызбен жылдық өсу қарқынымен өлшенеді. Мысалы, егер нақты жалпы ұлттық өнім өткен жылы 200 млрд. долларды және осы жылы 210 млрд. долларды құраса, онда жалпы ұлттық өнімнің өсу қарқыны 210 - 200 / 200 х 100% = 5% тең болады.

Экономикалық өсу қоғамның өркендеуінің аса маңызды мақсаты болып табылады, өйткені сол арқылы экономикалық және әлеуметтік жетістіктерге жетуге болады. Экономикалық өсудің өлшемі ретінде қосылған құнды көбейту, өндірісті кеңейту, ғылым мен мәдениетті дамыту сияқты көрсеткіштер саналады. Экономикалық өсу арқылы қоғамның даму болашағын болжауға болады. Бұдан басқа, экономикалық өсу ресурстардың шектеулілігі мәселесін шешуге жағдайлар жасайды.

Әлеуметтік жағынан дамудың ең жоғары өлшемі болып адамның тұлға ретінде дамуы, оның материалдық және рухани қажеттіліктерінің қанағаттандырылуы табылады. Өскелең экономика қоғамның жаңаша қажеттіліктерін қанағаттандыра алу мүмкіндігіне және әлеуметтік-экономикалык мәселелерді шеше алуға мүмкіндік табады. Қазіргі өскелең экономика бір уақытта қоршаған ортаның ластануымен күресу бойынша жаңа бағдарламаларды қабылдап қоғамдық игіліктер өндірісінің қысқаруына жол бермеуге тырысады.

Жалпы алғанда, экономикалық өсу әлемнің барлық елдерінің ортақ мақсаты, елдің экономикалық қуатының көрсеткіші болып табылады.

Нарықтық экономикада тауарлар мен қызметтерді өндіру үшін еңбек, капитал және жер сияқты негізгі үш фактор қажет. Нәтижесінде жиынтық өнім сол еңбекті, капиталды және табиғи ресурстарды қолданудың функциясы болып табылады. Сәйкесінше, жиынтықөнім көлемі өндірістің осы әрбір факторына тәуелді болып табылады. Бұл кезде өндіріс көлемі өндіріс факторларының жұмсалуына қарағанда үлкен дәрежеде өсуі мүмкін. Оған әсер ететін бірден бір фактор - ғылыми-техникалық прогресс.

Өндіріс факторлары шығындарының өсуіне және ғылыми-техникалық прогресс қарқынына жиынтық өнімнің өсу тәуелділігін төмендегі өндірістік функция сипаттайды:

Ү (t) = А (t) f [L (t), К (t), N (t)],

мұнда, Ү (t) - жиынтық өнімнің өсу қарқыны;

А (t) - ғылыми-техникалық прогресс қарқыны;

L (t), К (t), N (t) - еңбекке, капиталға және табиғи ресурстарға кеткен шығындардың өсу қарқыны.

Бұл өндірістік функция халық шаруашылығы деңгейінде экономикалық өсуді талдау үшін қолданылады. Ол өндірістің ненің есебінен дамып жатқандығын анықтай алады: өндіріске жаңа факторларды тарту есебінен бе, не оларды қолданудың тиімділігін арттыру есебінен бе; қандай фактордың есебінен өндірістің тиімділігі көп дәрежеде артатындығын және қандай фактордың тым аз қарқынмен дамитындығын немесе өндірістің дамуына кедергі келтіретіндігін анықтай алады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных