Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Жұмыссыздықтың себептері мен формалары. Жұмыссыздықтың салдары.




Статистикалық органдар әдетте, жұмысбастылыққа қатысы бар адамдарды бірнеше категорияға бөліп көрсетеді. Ол харекетшіл халықты немесе 16 жасқа (АҚШ, Франция, Швеция, Ұлыбритания, Ресей) немесе кейбір елдерде 15 жасқа (Австралия, Канада, Германия, Жапония, Голландия, Италия, Қазақстан) толған және ол жастан асқан азаматтарды қамтиды. Жұмыс күші жұмыспен қамтылған азаматтардан және жұмыссыздардан құралады. Жұмыссыздар - бұл табыс табуга құқық беретін жұмыс орнын иеленуге мұқтаж, еңбек етуге қабілеті мен ынтасы бар азаматтар.

Жұмыссыздардың құрамына жасы мен денсаулығы бойынша жұмысқа жарамсыз адамдар, жұмысқа жарамды, бірақ белгілі бір себептерге байланысты жұмыс орнына үмітті емес адамдар (үй шаруасындағы әйелдер), жұмысқа жарамды және жұмыс іздеп жүрген, бірақ еңбек биржасында тіркелмеген адамдар кірмейді.

Жұмыссыздар екіге бөлінеді: толық және толық емес. Соңғысына толық емес жұмыс күніне немесе қандай да бір экономикалық себептерге байланысты толық емес жұмыс аптасына қамтылған азаматтар кіреді. Бұл жерде әртүрлі себептерге байланысты толық емес жұмыс күнін ерікті түрде қалайтын жұмыскерлер (мәселен, көп балалы аналар, бос уақыттың көп болуын тілейтін адамдар) жұмыспен қамтылғандардың қатарына жатады.

Статистикалық органдар екі маңызды көрсеткішті есептейді: жұмыс күшінің харекетшіл халықтағы үлесі және жұмыссыздық деңгейі.

Харекетшіл халықтың жұмыс күшіне қатысу деңгейі =
Жұмыс күші / Харекетшіл халық * 100%.

Тәжірибе жүзінде, харекетшіл халықтың жұмыс күшіне қатысу деңгейі 57-66% аралығында болады.

Жұмыссыздық деңгейі екі әдіспен анықталады:

1) Жұмыссыздық деңгейі = Жұмыссыздар саны / Жұмыс күші (жұмыспен қамтылғандар + жұмыссыздар) х 100%.

2) Жұмыссыздық деңгейі = Жұмыссыздар саны / Харекетшіл халық (жұмыс күші + оздігінен қамтылғандар) х 100%.

Негізінен, дамыған елдерде жұмыссыздық деңгейі 5% бен 12% аралығын қамтиды. Ал отандық статистикалық деректерге сүйенсек, Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі жылдан жылға төмендеп келеді. Оны төмендегі кестеден байқауға болады.

12.1-кесте.2001-2013 жылдар аралығындағы Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі пайызбен
                         
10,4 9,3 8,8 8,4 8.1 7,8 7,3 6,6 6.6 5,8 5,4 5,3 5,2

 

Сонымен, Халықаралық еңбек ұйымының стандарттары мен өлшемдеріне сәйкес жұмыссыздарға халықтың экономикалық белсенділігін өлшеу үшін белгіленген жастағы (15 және одан жоғары жастағылар), қаралған кезеңде:

- жұмыссыз болған (табысты жұмысы болмаған);

- оны іздеумен белсенді айналысқан;

- уақыттың белгілі бір кезеңі ішінде жұмысқа кірісуге дайын болған деген үш негізгі критерийлерге бір мезгілде жауап берген адамдар кіреді.

Жұмыссыздықтың себептері. Ұзақ уақыт бойы батыстың экономикасы жұмыссыздықты еркін құбылыс деп танып келді. Жұмыссыздықтың себебі жұмыскерлердің тым аз жалақыға жұмыс істегісі келмейтіндігінен туындайды. Олардың осындай жалақыға келіспейтіндігінен жұмыссыздық пайда болады деп түсіндірді.

Марксизм теориясы мәжбүрлі жұмыссыздық мәселесін алға тартады. Жұмыссыздықты капиталдың жинақталуының нәтижесі деп білді. Жұмыс күшіне деген сұраныс капиталдың барлығымен емес, тек еңбек ресурстарын сатып алуға жұмсалған капиталдың мөлшерімен ғана анықталады. Капиталдың жинақтала беруіне байланысты капитал-еңбек қатынасы артады. Физикалық капиталдың (құрал-жабдықтар, материалдар, шикізаттар) жалпы капиталдың құрамындағы өседі, ал адам капиталының үлесі азая береді. К. Маркстің пікірінше, еңбек өнімділігінің артуы жұмысшыларды ығыстырады. Бұдан басқа, өндірістің дамуының циклдік сипаты жұмысшылардың бірқатар тобын жұмыстан мәжбүрлі түрде босатып отырады, дағдарыс пен тоқырау фазаларында жұмыссыздық өседі, ал жандану мен өрлеу фазаларында ол азаяды.

Батыстың экономикалық әдебиеттерінде жұмыссыздық мәселесінің мәжбүрлі сипатқа ие болатындығын алғаш мойындаған Дж. Кейнс деп айтылады. Бірақ ол жұмыссыздықтың бірқатар бөлігінің ерікті түрге ие болатындыгын да жоққа шығармаған. Кейнстік теория жұмыссыздықтың пайда болу себебін тұрғындардың тауарларға деген сұранысының жеткіліксіздігінен, олардың төлем қабілеттігінің төмен болуынан және жалақы мөлшерлемесінің тым жоғары болуынан деп түсіндіреді. Жиынтық сұраныстың жеткіліксіздігінен адамдардың жинақтауға деген бейімділігі мен инвестициялық белсенділіктері әлсіз болады.

Неоклассикалық теорияның көрнекті өкілі А. Пигу 1923 жылы жариялаған «Жұмыссыздық теориясы» еңбегінде осы мәселенің қырсырын басқаша түсіндіре алды, яғни неоклассиктердің ойынша, жұмыссыздықтың басты себебі болып жалдамалы жұмыскерлердің өз жұмыс орындарын ерікті түрде тандауы табылады. Жұмысшылар аса жоғары жалақыға ғана жұмыс істеуге дайын, сондықтан жұмыс күшіне деген сұраныс төмендейді. Монетаризм теориясы болса жұмыссыздықтың пайда болу себебін мемлекеттің ақша-несие саясатын дұрыс жүргізбеуінен деп дәлелдеуге тырысады. Елдегі ақша массасын және оның айналымын дұрыс реттей отырып, өндіріс үдерісін тиімді ұйымдастыруға болады.

Ағылшын экономисі Томас Мальтустың (1766-1834) атымен байланысты мальтузиандық теория жұмыссыздық мәселесінің туындауын елдегі халық санының өсуімен байланыстырады. Халық саны әр 25 жылда екі еселеніп отырады, ал оларга қажетті тұтыну заттары олай өсе алмайды, сол себепті тұрғындардың бір бөлігіне өмір сүру құралдары жетіспей олар кедейленеді және жұмыссыздыққа ұшырайды. Сондай-ақ, халық санының өсуімен қатар, елге сырттан имигранттардың келуі де бұл мәселені ушықтырып жіберуі мүмкін деп айтады.

Жұмыссыздықтың түрлері. Экономикалық теорияда жұмыссыздықтың кең тараған бірнеше түрлері орын алады.

1. Еркін жұмыссыздық (фрикциондық) - бұл адамның бір жұмыс орнынан кетіп, басқа бір жұмыс орнына орналасуына дейінгі уақыт аралығын қамтитын уақытша қысқа мерзімді жұмыссыздық. Жұмыссыздықтың бұл түрі еңбек нарығының жетілмегендігімен, жұмыс орындары туралы ақпараттың болмауымен және басқа да техникалық себептерге байланысты түсіндіріледі.

2. Құрылымдық жұмыссыздық - бұл сұраныстың құрылымында және өндірістің технологиясында болған өзгерістерден туындайтын ұзақ мерзімді мәжбүрлі жұмыссыздық. Жұмыссыздықтың бұл түрі қандай да бір материалдық ресурстың жетіспеуінен, адамның жас- жыныстық, ұлттық, біліктіліктік және басқа да жеке ерекшеліктеріне байланысты орын алады. Мұндай жағдайда еңбек бөлінісінің жылдам өзгеруіне байланысты ұсыныстың құрылымы еңбекке деген сұраныстың құрылымына сәйкес келмей қалуы мүмкін. Экономика дамыған сайын кейбір мамандықтарға сұраныс азаяды, ол ескіреді, ал оның орнына қоғам талабына сай жаңа маман иелеріне сұраныс арта түседі.

3. Кезеңдік жұмыссыздық (циклдік) - бұл өндірістің кезеңдік құлдырауынан туындайтын жаппай жұмыссыздық. Жұмыссыздықтың бұл түрі ЖІӨ-нің үнемі ауытқып отыруымен байланысты. Дағдарыс кезеңдерінде жұмысбастылық деңгейі төмендейді, барлық маман иелері жұмыстан мәжбүрлі түрде қысқартылады, ал өрлеу кезеңдерінде жұмысбастылық деңгейі ұлғаяды.

4. Технологиялық жұмыссыздық -бұл адамдардың еңбек күшін машинамен алмастыру нәтижесінде пайда болатын жұмыссыздық.

5. Жасырын жұмыссыздық - бұл өндірісте артық жұмыскерлердің орын алуымен сипатталатын жумыссыздықтың бір түрі. Көбінесе, бұл ауыл шаруашылығына, өнеркәсіп салаларына және мемлекеттік қызметке тән құбылыс болып табылады.

6. Маусымдық жұмыссыздық - бұл жыл мерзімдеріне байланысты экономиканың кейбір салаларында өндіріс көлемінің өзгеруінен болатын жұмыссыздықтың түрі. Мәселен, құрылыс саласының кейбір тұрлері жұмысбастылықты жылдың белгілі бір мерзімдерінде ғана қамтамасыз ете алады.

Толық жұмысбастылық. Еңбек нарығында босаңқы жұмыс күшінің болуы сол жұмыс күшіне қосымша сұраныс білдіре отырып өндірісті кеңейтудің және дамытудың қажетті жағдайы болып табылады. Экономика ресурстарды, соның ішінде ең алдымен, еңбекті 100%-дық деңгейде қолданып әрекет ете алмайды. Экономика еңбектің, капиталдың және жердің қажетті резервіне ие болуы тиіс. Ресурстардың осындай қорына ие болып қана қоғам туындайтын мәселелерді шеше алады және өзгеретін жағдайларға тез бейімделе алады.

Табиғи жұмыссыздық деген де ұғым бар және ол толығымен ерікті болып табылады. Нақтырақ айтсақ, табиғи жұмыссыздық деңгейі фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздыққа сәйкес келеді. Жоғарыда атап өткеніміздей, фрикциондық жұмыссыздық еркін түрде болады, ал құрылымдықты олай деуге болмайды. Қандай да бір саланың құлдырауы, мамандық пен біліктіліктің жоғалуы жұмысшыны жұмысынан айыруға алып келеді. Жаңа жұмыс орнына кіру үшін ол қайта оқытудан өтуі қажет. Бұл жерде денсаулығы және жасы бойынша шектеулер болуы мүмкін. Егер біліктілігі бар жұмысшы тым аз жалақыға және біліктілікті қажет етпейтін жұмыс орнынан бас тартса (мысалы, ыдыс-аяқ жуушы), онда оны ерікті жұмыссыздар қатарына жатқызуға болады.

Толық жұмысбастылық деңгейінен асып кететін жұмыссыздық қоғам үшін едәуір экономикалық және әлеуметтік зиян туындатады. Жұмыс күшінің белгілі бір бөлігін қолданбау ЖІӨ-нің кем өндірілуіне алып келіп, нәтижесінде нақты өндірілген ЖІӨ мен әлеуетті ЖІӨ арасында алшақтық пайда болады. Жұмыссыздық деңгейі неғұрлым жоғары болса, нақты өндірілген ЖІӨ мен әлеуетті ЖІӨ арасындағы алшақтық соғырлым үлкен болады.

Американдық экономист Артур Оукен жұмыссыздық деңгейі мен ЖІӨ-ді жоғалту арасындағы қатынасты есептеп шығарды. Бұл қатынас Оукен заңы деген атқа ие болды. Оукен заңы - жұмыссыздықтың нақты деңгейі өзінің табиғи деңгейінен 1% асқанда ЖІӨ-нің нақты өндірілген көлемі 2,5%-ға жоғалады дейтін тұжырымдама. Ал 2,5% Оукен коэффициенті деп аталады.

Оукен заңы мынадай формуламен жазылады:

Ү* - Ү / Ү* = у (u – u*),

мұндағы, Ү* - толық жұмысбастылық жағдайындағы өндірістің әлеуетті көлемі; Ү - ұлттық өндірістің нақты көлемі; u - жұмыссыздықтың нақты деңгейі; u * - жұмыссыздықтың табиғи деңгейі; у - Оукен коэффициенті. Осының нәтижесінде өндіріс көлемінің жұмыссыздықтың нақты деңгейіне тәуелді екендігін байқауға болады.

Жұмыссыздықтың қоғамға тигізетін экономикалық зардаптарынан басқа, оның әлеуметтік зияндары да бар. Олар жұмысшының өзіне жағымсыз түрде әсер етеді. Жұмыссыздықтың салдарынан адамдардың біліктілігі жоғалады, жұмысқа жарамдылығы төмендейді, өзін-өзі сыйлаудан қалады, адамгершілігі жоғалып, моральдік жағынан күйзеліске ұшырайды, өзінің атақдаңқы мен абыройынан айырылады, отбасылық ажырасуларға алып келеді, табысы жоғалғандықтан ұрлау, тонау, қарақшылық жасау, өз-өзіне қол жұмсау сияқты қылмыстық әрекеттер де орын алады.

Сондықтан жұмысбастылықты және жұмыссыздық мәселесін мемлекеттік реттеу өте маңызды болып табылады. Жұмысбастылық пен жұмыссыздықты реттеу шаралары мыналарды қамтиды: жұмыссыздық бойынша сақтандыру, кадрларды даярлау және қайта даярлау, өнеркәсіпті субсидиялау, қоғамдық қажетті жұмыстарды ұйымдастыру (мысалы, инфрақұрылым салаларын жетілдіру, жол құрылысы, т.б.), еңбек қызметінің ұзақтылығын, жұмыс аптасын және жұмыс күнін реттеу.

Сонымен қатар жұмысбастылық мәселесі мемлекетпен ғана емес, нарықпен де реттелуі мүмкін.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных