Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Б) арнайы бюджеттен тыс қорлар.




Мемлекеттік бюджет - қаржы ресурстарының орталықтандырылған қорын жасаумен байланысты қаржы қатынастарының жиынтығы.

Мемлекеттік несие - бюджет тапшылығын жабуға арналған қаржылар, ол ішкі және сыртқы жинақталған қарыздың сомасын көрсетеді.

Арнайы бюджеттен тыс қорлар - қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мақсатты қаржыландырудың қосымша нысаны.

Қаржы жүйесінің негізгі буыны болып орталықтандырылмаған қаржылар табылады. Өйткені оларда мемлекеттің және субъектілердің қаржы ресурстарының негізгі бөлігі шоғырландырылған және қоғамдық игіліктер жасалады. Ал қаржы жүйесінің шешуші буыны ретінде шаруашылық субъектілерінің қаржылары табылады. Оларға қаржылардың мынадай түрлері кіреді:

а) материалдық өндіріс саласында (нақты секторда) жұмыс істейтін субъектілердің қаржылары;

ә) қаржылық ұйымдардың қаржылары;

б) қызмет көрсету саласы мекемелерінің қаржылары.

Сондай-ақ орталықтандырылмаған қаржыларға үй шаруашылықтарының қаржылар жатады.

Қоғамда жасалған жиынтық өнімді бастапқы бөлу үдерісінде үй шаруашылықтарының, фирмалардың және мемлекеттің қарамағына келіп түсетін қаржы ресурстары олардың мақсатты жұмсалуы бойынша қолданылады. Мұндай қаржылық ресурстар банктік жүйе және қор нарығы сияқты қаржы нарықтары арқылы әріқарай қайта бөлу үдерісіне келіп түсуі мүмкін, бұл кезде осындай қаржылардың қозғалысы нарықтық келісімдер негізінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттің қаржы жүйесінен мемлекеттік бюджет және бюджет жүйесі бөлініп шығады.

Мемлекеттік бюджет - кірістері мен шығыстары көрсетілген мемлекеттің қаржылық жоспары. Бюджеттің ерекше белгісі болып бюджеттік бағдарламалардың заңдық негізде бекітілуі табылады.

Мемлекеттік бюджет жүйесі - экономикалық қатынастар мен заңдық нормаларға негізделген барлық бюджет түрлерінің жиынтығы. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексіне сәйкес, бюджет жүйесі - бұл барлық бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, бюджеттік үдерістер мен қатынастардың жиынтығы.

Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің құрамына бюджеттердің келесідей деңгейлері кіреді:

- республикалық бюджет;

- жергілікті бюджеттер: облыстық бюджет, облысқа бағынатын қалалар бюджеті, республикалық маңызы бар қалалар бюджеті, астана бюджеті, аудандар бюджеті.

Экономикада мемлекеттік бюджет жүйесі төмендегідей негізгі қызметтерді атқарады:

1) қаржы ресурстарын мемлекет пен қоғам қажеттіліктеріне жұмылдыру;

2) әлеуметтік-экономикалық мәселелерді реттеу;

3) қаржы ресурстарын қайта бөлу (аймақтық, салааралық, ведомствоаралық, әлеуметтік);

3) кәсіпкерлік қызметті қолдау және ынталандыру;

4) инвестициялық жобаларды жүзеге асыру;

5) әлеуметтік қорғау;

6) мемлекеттік қаржының кірістері мен шығыстарына бақылау жасау.

Мемлекеттік бюджет жүйесі бірнеше принциптерге негізделеді:

1)бірлік принципі - ҚР-сы территориясында бірыңғай бюджет зандылығын, дербес бюджет сыныптамасын қолдану;

2) толықтылық принципі - бюджеттер мен Ұлттық қорға келіп түсетін барлық түсімдер мен шығыстардың зандық тәртіпте көрініс табуы;

3)шынайылық принципі - бюджет параметрлерінің экономиканың ағымдық жағдайының көрсеткіштеріне, Қазақстан Республикасының және аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуының параметрлері мен бағыттарына сәйкес келуі;

4) ашықтылық принципі - бюджет заңдылығы аясындагы нормативтік-құқықтық актілерді міндетті түрде жариялау;

5) дәйектілік принципі - бюджеттік қатынастар аясында алдын-ала қабылданған шешімдерді мемлекеттік басқару органдарының қадағалауы;

6) нәтижелілік принципі – бюджеттік бағдарламаларда көрсетілген белгілі бір нәтижелерге жетудің қажеттілігіне байланысты бюджеттерді әзірлеу және орындау;

7) тиімділік принципі - бюджет құралдарын аз көлемде қолдана отырып, ең жақсы нәтижеге жетудің қажеттілігіне байланысты бюджетті нақты іске асыру;

8) жауапкершілік принципі - бюджет заңдылығын бұзғаны үшін бюджет үдерісіне қатысушыларды жауапкершілікке тарту;

9) бюджеттердің дербестілігі принципі - әртүрлі деңгейдегі бюджеттер арасындағы түсімдердің тұрақты түрде бөлінуін қамтамасыз ету.

Мемлекеттік бюджеттің табыстары мен шығындарының құрылымы төмендегідей бюджет сыныптамасымен анықталады:

1. Бюджет табыстары:

- салықтық түсімдер;

- салықтық емес түсімдер;

- негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер;

- трансферттердің келіп түсуі.

2. Бюджет шығындары.

3. Операциялық сальдо.

4. Таза бюджеттік несиелеу:

- бюджеттік несиелер;

- бюджеттік несиелерді жабу.

5. Қаржылық активтер операциясы бойынша сальдо:

- қаржылық активтерді иелену;

- мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түскен түсімдер.

6. Мемлекеттік бюджет тапшылығы (артықшылығы).

7. Бюджеттапшылығын қаржыландыру (артықшылықты қолдану):

- қарыздардың келіп түсуі;

- қарыздарды жабу;

- бюджет қүралдары қалдықтарының қозғалысы.

Мемлекеттік бюджет шығындарын бөлек алып қарайтын болсақ, оларға мыналар кіреді:

- мемлекеттік қызмет көрсетулер;

- қорғаныс;

- қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, сот қызметі, құқықтық және қылмыстық-атқару іс-әрекеті;

- білім беру;

- денсаулық сақтау;

- әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру;

- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық;

- мәдениет, спорт, туризм, ақпараттық кеңістік;

- ауыл, су, орман және балық шаруашылықтары, ерекше қорғалатын табиғи территориялар, қоршаған ортаны және жануарлар әлемін қорғау, жер қатынастары;

- отын-энергетикалық кешен және жерді пайдалану;

- өнеркәсіп, сәулет, құрылыс және қала құрылысы қызметі, көлік және байланыс;

- қарыздарды өтеу;

- арнайы трансферттер;

- басқалары.

Бюджеттен тыс қорлар - республикалық бюджеттен тыс құрылатын және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін басымдықты маңызы бар мемлекеттік, аймақтық және салалық деңгейдегі негізгі міндеттерді шешуге арналған қаржы ресурстарының мақсатты қорлары.

Қазақстанда арнайы бюджеттен тыс қорларға Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, Инновациялық қор, Ұлттық қор кіреді.

Мемлекеттік бюджеттің күйі үш жағдайда болады. Біріншіден, егер мемлекеттік бюджет шығындары оның табыстарынан асып кетсе, онда бюджет тапшылығы орын алады. Екіншіден, егер мемлекеттік бюджет түсімдері оның шығыстарынан көп болса, онда бюджет артықшылығы орын алады. Үшіншіден, егер мемлекеттік бюджет табыстары мен шығындары бір-біріне тең болса, онда бюджет тепе-тендік жағдайда болады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных