Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ақша жүйесі және оның ұлттық экономикадағы рөлі.




Ақшалар айналыс құралы ретінде қоғамның экономикалық әрекеттерін келісімді түрде реттеуге мүмкіндік береді.

Ақша жүйесі - бұл тарихи қалыптасқан және мемлекеттің заңымен бекітілген ақша айналысын ұйымдастырудың формасы, жеке элементтері белгілі бір бірлікте болатын жүйе.

Ақша жүйесінің негізгі элементтері:

- ақша бірлігі мен баға атаулары;

- ақша белгілерінің түрлері, оларды шығару тәртібі және қамтамасыз ету сипаты;

- нақты ақшаны қажет етпейтін төлем айналымын ұйымдастыру;

- ұлттық валютаның бағамы, оны шетел валютасына айырбастау тәртібі.

Елдің ақша жүйесін реттеу жұмысын осы жүйенің әрқилы элементтерін үйлесімге келтіріп отыратын қаржы-несие органдары жүзеге асырады.

Ақша массасы - бұл қолма-қол және қолма-қолсыз нысандағы барлық ақша қаражаттарының жиынтығы. Ақша массасының көмегімен шаруашылықтағы тауарлар мен қызметтердің айналымы жүріп отырады. Ақша массасының шамасы ақшаға сұраныс пен ақша ұсынысы факторларына тәуелді болып табылады.

Ақша массасының құрылымын ақша агрегаттары анықтайды.

Ақша агрегаттары:

М0= айналыстағы қолма-қол ақшалар;

М1 = М0 + жинақ банктеріндегі, коммерциялық банктердегі халықтың және кәсіпорындардың талап етілгенге дейінгі депозиттері, халықтың және кәсіпорындардың есеп-айырысушылық және ағымдық шоттардағы қаржылары, саяхатшылардың чектері;

М2= М1 + кіші жедел салымдар;

М3 = М2 + ірі жедел салымдар, банктердің депозиттік сертификаттары, мемлекеттік займ облигациялары.

Сонымен қатар нарықтық экономикасы дамыған елдерде L деген агрегат та қолданылады, яғни:

L= М3 + қазыналық жинақ облигациялары, коммерциялық қағаздар, қысқа мерзімдік мемлекеттік міндеттемелер және т.б.

Қорыта айтқанда, әрбір келесі ақша агрегаты өзінен алдыңғылардың барлық элементтерін біріктіріп ақша массасының үлкен көлемін құрайды. Ақшаның өтімділігі мен табыстылығы арасында кері байланыс бар, яғни ақша агрегаты іріленген сайын оның табыстылығы жоғарылай береді және өтімділігі төмендей береді, керісінше, бастапқы кіші агрегаттардың (М1) өтімділігі жоғары, ал табыстылыгы мүлдем болмайды немесе төмен болып табылады.

Экономикада М1 және М2 ақша агрегаттары аса жиі қолданылады.

Ақша массасының теориясын, соның ішінде ақшага сұраныс пен ақша ұсынысын неоклассикалық мектептің құрамдас бір бөлігі ақшаның сандық теориясы зерттейді. Бұл теорияның негізгі өкілі, американдық экономист Ирвинг Фишер (1867-1947) мынадай теңдеуін ұсынады:

МV = РҮ,

мұнда, М - айналыстағы ақшаның саны; V - ақша айналымының жылдамдығы; Р - елдегі бағалардың орташа деңгейі; Ү - экономикада өндірілген барлық тауарлар мен қызметтердің саны.

Бұл теңдеуге сәйкес мынадай болжам жасалынады, яғни V мен Ү тұрақты, себебі олар ұзақ мерзімді факторлармен анықталады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных