Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Экономикалық қауіпсіздіктің деңгейін жіктеу және экономикалық қауіпсіздікті бағалау критериі.




XX ғасырдың соңында Қазақстан саяси тәуелсіздігін ала отырып күрделі экономикалық процестермен тоғысты. Әлеуметтік-экономикалық реформалардың негативті зардаптары кез-келген мемлекет тұрғынының өміріне кауіп, экономикалық тұрақтылыққа қатер төндірді.

Әлемдік экономикадағы соңғы өзгерістер- террористік ұйымдар қызметтерінің күшеюі, биологиялық қару-жарақтардың жаңа түрлерінің пайда болуы, ядерлік қарулардың кең жаюлуы- әр бір адамға тек жеке бас емес, сонымен қатар, ұлттық қауіпсіздікті түсінулерін мәжбүр етті.

Ұлттық қауіпсіздік -ішкі және сыртқы себептер әсерінен қоғамның өмір сүру аумақтары мен әр түрлі салаларында пайда болатын оның түпкілікті ұлттық-мемлекеттік мүдделері мен өзінің тіршілік етуіне қауіпті жою немесе болдырмауды қамтамасыз ететін жағдай.

Ұлттық қауіпсіздіктің ерекшеліктері:

Біріншіден, ұлттық қауіпсіздік түсінігі нақты- тарихи мазмұнға ие, яғни нақты жағдайға нақты талдау қажет қажет екенін талап етеді. Бұл талдау қай салалара қауіп бар және оның қауіпсіздік дәрежесі қандай екенін анықтауға мүмкіндік береді.

Екіншіден, ұлттық қауіпсіздік белгілі бір сипатқа ие. Экономикалық қауіпсіздік кері өлшемдермен, яғни оған қауіп төндіретін, қандай да бір қиыншылықтармен сипатталады.

Үшіншіден, ұлттық қауіпсіздік мәні және оның қаупті проблемалары мемлекеттің, жекелеген аймақтардың және әлемдік ынтымақтастықтың дамуы кезінде өседі.

Төртіншіден, ұлттық қауіпсіздіктің критерийлері мен параметрлері, оның әр елде әр түрлі екендігіне қарамастан соңында ол экономиканың жалпы тенденциясымен және адамзаттың әлеуметтік тенденциясымен тығыз байланысты.

Бесіншіден, ұлттық қауіпсіздіке мәнінің мазмұнына әдетте ұлттық мемлекеттік мүдде мен ұлттық идея әсер етеді. Ұлттық қауіпсіздік экономикалық қауіпсіздікке қарағанда мағынасы өте кең. Ол өзіне қорғанысты, экономиканы, энергетикалық қауіпсіздікті қосады.

Ұлттық қауіпсіздіктің еңбасты факторлардың бірі экономикалық қауіпсіздік.

Ресевдің атақты экономисіті Л.И. Абалкин "Экономикалық қауіпсіздік" түсінігін аша келіп, келесі үш басты элементін ашып көрсетті: экономикалық тәуелсіздік; ұлттық экономиканың тұрақтылығы; өзінің дамуға және прогреске қабілеттілігі;

Экономикалық қауіпсіздік мәнін түсіну үшін оның «даму» және «тұрақтылық» түсінігімен тығыз байланыстылығын анықтап алу қажет. Бұл түсініктер экономикалық қауіпсіздіктің басты сипаты және экономикалық қауіпсіздіктің басты атрибуты болып табылады. Даму - бұл экономикалық қауіпсіздіктің компоненттерінің бірі. Егер экономика дамымаса, онда оның өмір сүргіштігі бірден төмендейді. Сонымен қатар ішкі және сыртқы қауіптерге деген қарсы тұрушылығы төмендейді.

Тұрақтылық және қауіпсіздік бір жүйенің маңызды элементтері болып табылады.

Қауіпсіздік бұл обьектінің өзіндік өмір сүргіштікке және дамуға қабілеттілігіне сыртқы және ішкі қауіп кезіндегі байланыстылығы.

Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігі - бұл экономикалық қатынастарды қорғау, халықтық өмір сүру қабілеттілігін жоғарылату, экономикалық жағдайы, мемлекеттің қатысуымен экономиканы сыртқы және ішкі қауіптен сақтау болып табылады. Қазақстанда экономикалық кауіпсіздік қатерлері мыналардан айқын: экспорттың шикізаттық бағыты; халықтың әлеуметті қорғалмаған топтарының өмір сүру денгейінін төмендігі; орта және кіші кәсіпкерліктің әлсіз дамуы. Мемлекеттің экономикалық қызығушылығын қорғау және қауіп қатерге қарсы түру мақсатында ҚР Президентінің Указымен 2001 жылдың 7 ақпанынан бастап «2001-2005 жж. Қазақстанның экономикалық қауіпсіздік стратегиясы» бекітілді. Бұл стратегияның негізгі міндеттері: нақты және потенциалды қауіп-қатерлерді анықтау; экономикалық қауіпсіздік көрсеткіштерін және олардың бастапқы мазмұнын анықтау; мүмкін болатын қауіп-қатерлерді болжау және олардың ескерту шараларын талдау; экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыру.

Бұл құжатта Қазақстанда экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағдарламасын құрудың негізгі бағыттарын береді. Мұнда экономикалық қауіпсіздік мәнін бірнеше элементтер топтары көрсетеді:

1) Мемлекеттің экономикалық қызығушылығы.

2) Экономика саласындагы қатерлер;

3) Экономикалық қауіпсіздік көрсеткіштері;

4) Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік органдар жүйесі;

5) Экономикалық қауіпсіздіктің құқықтық және заңдылық базалары. Жоғарыда келтірілген экономикалық қауіпсіздік жүйесінің элементтері
бір-бірімен байланысты және тәуелді. (Сызба 1)

Бірінші элементті сипаттай отырып, экономикалық дамудың приоритетті бағытын таңдау негізгі мәселе екенін ескеру қажет. Қазіргі кезде Қазақстан үшін ең маңызды мақсат бұл халықаралық стандартқа сәйкес өндіру және дайын өнімді экспорттау жолымен әлемдік рынокта өзіміздің кедейшілігімізді жеңу болып табылады. Бұл үшін қажет: машина жасау және өңдеу өнеркәсіп шараларын техникалық жаңарту, ірі капитал салымдарын салу; жоғары білікті кадрлар; жаңа технологияларды күштеп ендіру. Бұл жағдайлардың орындалмауы мемлекетке әлемдік экономиканың ірі шикізаттық базасы болып калу қауіпі бар.

Сонымен қатар, Қазақстанның экономикалық қызығушылық кұрылымындағы элементтеріне мыналар жатады: халықтың өмір сүруін белгілі бір деңгейге дейін жеткізу; сыртқы сауданың балансты құрылымы; тұрақты қаржылық жүйесі; мемлекеттік реттеудің тиімді жүйесі; қаржылық қолдау және ғылыми-техникалық потенциалдың аса дамуы; заңдылық базаны жетілдіру. Әрине, бұл мемлекеттің экономикалық қызығушылығы қорғалады, егер де экономикалық қауіпсіздік жүйесінің екінші блогы болып табылатын болжамдалған қатерлер өз уақытысында анықталса. Қатерлерге мыналарды жатқызуға болады: халықтың өмір сүру деңгейіне және экономиканың жалпы қызмет етуіне әсер ететін теңге курсының және әлемде мұнай бағасының күрт түсуі.

Үшінші жүйе экономикалық қауіпсіздік көрсеткіштері, бұл мемлекеттің экономикалық қауіпсіздік жағдайын және қауіп -қатерлердің сандық формасын анықтайды. Мемлекет бұл көрсеткіштерді талдап алып, мүмкін болатын қауіптерді анықтауға және макроэкономикалық реттеу шараларын түзеуге мүмкіндігі бар. Бұл көрсеткіштерді бірнеше топтарға бөлуге болады:

Бірінші топ- өндірістік саланы анықтайтын көрсеткіштер (ЖІӨ көлемі, жан басына шаққандағы ЖІӨ көлемі,ЖІӨ инновациялық өнім үлесі, тұтынудағы импорт үлесі).

Екінші топ- халықтың өмір сүру деңгейінің керсеткіштері (күн көру минимумынан төмен табыс алатын халықтардың үлесі, мемлекетте өмір сүру ұзақтылығы, жұмыссыздық деңгейі).

Үшінші топ- қаржылық жағдайды көрсететін көрсеткіштер (ішкі қарыз көлемі, сыртқы қарыз көлемі, бюджет тапшылығы және т.б.)

Экономикалық қауіпсіздіктің төртінші жүйесі - экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі мемлекеттік органдар. Олардың қатарына:

қауіпсіздік Советті, ұлттық қауіпсіздік Комитетті, стратегиялық жоспарлау бойынша Агенттікті, Кедендік бақылау Агенттігін жатқызуға болады.

Бесінші блок- экономикалық қауіпсіздіктің заңдылық базасы. Бұл жүйенің негізін: «ҚР ұлттық қауіпсіздігі туралы» Заңы, «Экономикалық қауіпсіздік стратегия»Указы, «тауарларды импорттау кезінде ішкі рынокты қорғау шаралары туралы» Заңы құрайды. Осылардың ішінде ҚР экономикалық қауіпсіздік көрсеткіштерін тереңірек қарастыру қажет. Экономикалық дамудың индикаторларын және бастапқы мәнін салыстырмалы талдау экономиканың нақты жағдайын, кемшіліктерін анықтауға, сонымен қатар,оларға әсер ететін әдістерді өзгертуге мүмкіндік береді. Қазақстандағы экономикалық қауіпсіздік көрсеткіштері 2000-2002 жж.аралығы бойынша келесі кестеде берілген.

Экономикалық қауіпсіздіктің негізгі көрсеткіші-ЖІӨ көлемі 2000 ж 2016,5 млрд тг, бұл 1990 ж ЖІӨ көлемінен 81,5 % құрады. 2002 ж. ЖІӨ көлемі өсті және де 2596,0 млрд. Тг., бұл 1990 ж ЖІӨ көлемінен 103,3% құрады. ЖІӨ көлемінің өсуі әлемдік шикізат рыногында жақсы жағдайларға мүмкіндік туғызды.

Экономикалық қауіпсіздік түсінігі әртүрлі субьектігі қатысты. Мысалы: азаматтар табиғи, техника-экономикалық, инфрақұрылымдық, элементтік және факторлармен, әртүрлі тұрақтылықты және құрылымды бұзылған әсерлерден ішкі иммунитетпен және сырттан қорғанумен байланысты болады.

Сыртқы экономикалық сферада қауіпсіздік елдің әлемдік рынокта бәсекелестік қабілеттілігін, оның валюталық тұрақтылығын, мемлекеттің қаржы жағдайын білдіреді. Ашық экономика кезінде елдің әлемдік шаруашылық енуі кезінде оның негізгі проблемасы елдің экономикалық тәуелсіздігі болып табылады.

Аралас экономика кезінде, барлық шаруашылық жүргізуші субьекттілер қызметін дерективті түрде бағыттай алмай жатқанда, ҚР-экономикалық қауіпсіздігіне қолдау жасау үшін қоғамдық өндірістік процестерге тиімді әсер етуді қамтамасыз ететін белгілі бір реттеулер қажет. Ол өндірістер макроэкономикалық параметрлер, салалық өндіріс құрылымдары, баға және қаржы ақша ағымдары.

Экономикалық қауіпсіздік проблемаларын шешу үшін және оның «істерін анықтайтын көптеген әдістер қатарынан келесі 2-факторды бөліп араластыруға болады.

Біріншіден, бұл ұлттық экономика жағдайы, оның бәсекелестік қабілеттілігінің деңгейі.

Екіншіден, бұл әлемдік шаруашылықтағы бәсекелестік деңгейі, әлемдік рыноктағы белгілі бір орын үшін күрес.

Экономикалық қауіпсіздік дегеніміз-бұл "ескі" бір орталықтан басқару және милитаризацияланған экономика емес, ол әлемдік даму "шақыруларына" тінің белгілі бір бағыты бар экономика. Рыноктық аралас экономика кезінде Ііісмлекеттің маңызды қызметі-құқық кепілі атынан кез-келген келісімдер мен юомтрактілерге сот билігі және сот шешімінің орындалуын күштеп орындату арқылы жүзеге асырылады.

Республикадағы нарық экономиканың қалыптасуына байланысты экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемасы бірнеше деңгейлі қаызға ие болады. Мемлекеттік экономикалық қауіпсіздігіне обьективті түрде ғана емес, сонымен қатар субьективті түрде де бірнеше факторлар әсер етеді, мысалы, белгілі халықаралық саяси және экономикалық ұйымдар қызметінің, шетел мемлекеттерінің, арнайы қызметші мекемелердің, ірі фирмалардың және корпорациялардың және жекеленген жоғары тұлғалардың қызметтері. Қауіпсіздіктің негізгі обьектілері мыналар: жеке адам-оның құқығы және ірюмдігі; Қоғам оның матералдық және рухани құндылығы; мемлекет -оның юнституциялық құрылысы, егемендігі және территориялық бір тұтастылығы. Мемлекеттің экономикалық жүйесі күрделі иерархиялық құрылымды білдіретін болғандықтан экономикалық қауіпсіздік обьектілері болып, экономикалық қатынастың әртүрлі деңгейі табылады.

-макроэкономикалық деңгей елдің экономикасы

-аймақтық және салалық деңгейлер

-Республика обьектілерінің және шалар экономикасы,

-микроэкономикалық деңгей-рынок агенттері,

-жанұя және жеке адам деңгейі-елдің әрбір азаматының экономикалық Көрсетілген экономикалық обьектілердің мүддесі өзара байланысты және әсеріне байланыста болады.

Қазақстандағы экономикалық қауіпті жою үшін мемлекет саясаты экономикалық дамуға бағыт алуға қажет. Экономикалық факторларды дұрыс бақылау-саясат және соғыс сферасында қауіптердің шиеленсуіне әкеліп соғуы ықтымал. Мұндай қауіп ішкі және сыртқы сипат түрінде туындайтындығына көзіміз жетеді. Дамыған экономика, елдің өмір деңгейінің төмендегі, мамандар біліктілігінің төмендегі және ең бастысы макро, микро деңгейдегі экономикалық ішкі саяси билікті қолдана отырып жемқорлыққа жақындығы - Қазақстанның қауіпсіздігін құрайтын факторлар болып табылады. Сондықтан экономикалық имудағы ішкі қайшылықтарға ерекше көңіл аудару керек.

Сол сияқты, қауіпсіздік әртүрлі формаларда көрініс алуы мүмкін, соғыс, пен факторлардан бастап әлеуметтік, қаржы, сауда ақпарат факторларына кйім: бұлардың әрқайсысы өз бетінше іске асырылып отырады. Мұндай автономды режимнің болуы, біздің ойымызша, экономикалық тәуелділіктің негізгі сауда, қаржы техника сияқты факторларын, сонымен қатар азық-түлік дағдарысы, экология, қылмыстың өсуімен байланысты экономикалық қауіптерді ұйымдастыру туындайды.

Сауда тәуелділігі екі вектордың нәтижесі болып табылады.: бір жағынан сауданың өнеркэсібі дамыған елдерге тәуелділігі, ал екінші жағынан әлемдік нарықтағы циклдік өзгерістерге тәуелділігі. Дамушы елдердің тәжірбиесі бойынша, шетел капиталы қатаң мемлекеттік реттеу жағдайында да сыртқы сауданы өзіне жағымды бағытта жүргізудің бағыттарын табады.

Жүзеге асыру құралдары ретінде несиелік саясат және банктік бақылау қолданылуы мүмкін. Тәуелділік модельдері әр түрлі болуы мүмкін:

инвестицияланған тауарларға арналған негізгі қорлар тек солардың фирмалары арқылы алынады: өнеркәсіптік, ауыл шаруашылығының және басқа да салалардың құрамына реттеу, яғни саясаттың негізгі инвесторлар елдердің ұлттық мүдделерінен және олардың нарық көлемінен тұрады, мұндай экономикалық саясаттың арам ниетке істелген әрекет екендігіне талас болуы сөзсіз. Шетел мемлекеттерінің сыртқы экономикалық шараларының өзіндік ішкі мақсаты болғанымен, бірақ оған жеткізген тиімділік біркелкі емес.

Мысалы. Қазақстан үшін белгілі бір келісім тек қана бір стратегиялық мақсатқа қызмет етуі мүмкін. Мысалы, сауда балансын жақсарту және шетел валютасының ағымың көбейту, ал дамыған ел бірнеше мақсаттарын іске асырады.

Сауда осалдылығымен қатар, Қазақстан үшін қаржы-экономикалық байланыстар да қауіпсіздік үшін қатер болуы мүмкін және оның салдары топжақты болып келеді.

Капиталдың және еңбектің төмен деңгейіндегі өнімділігі ең кемінде жағдайы өндірісті де қамтамасыз ете алмағандығы және технологиялық, өнеркәсіптік потенциялдың деграциялық құрамы негізгі өңдеуші бөліктердің алдына аман қалу мәселесін қойып отыр. Шаруашылық жабдықтарының барлығы қазіргі кездегі талаптарға сәйкес емес, ал көбісі тез уақытта жаңа ресурсты үнемдейтін жабдықтарға ауыстыруды талап етеді. Бірақ республиканың осалдығынан қамтамасыз ету тек қана халық шаруашылығының салдарында негізгі қорларды жаңартумен ғана шектелмейді. Ұлттық нарық шеңберінде капиталды шынайы қорландыру процесі өте шындатылған және оның күрделі де жаңа ыңғайын табуды талап етеді.

Индустрияның жаңа кезеңі шектуі жоқсақ ең тәуір дегенде біз өндіріс барысын бұрынғы көлемінде және бұрынғы техникалық базада қайталамаймыз, ол болса капиталситік өндірістік тәсілінің көбейту үшін сырттан көмек қажет.

Дамушы елдің экономикасында сыртқы қарыздар үлкен үлес алады.

Шетел капиталын орналастырудың нақты концепциясының болмауы, яғни табыс қарқынының өсінің жеткіліксіздігі қайтадан қарыз алуға мәжбүр етеді.

Бір жағдай төлем қабілеттілігінің дағдысына және қаржы қиындықтарының

ұзаққа созылуына әкеліп соқтырады. Несие беруші банктер қарыз елдер экономикасына араласа отырып, экономикаға "шипалы" құралдарды ұсынады.

Осылайша, есебін тауып, ол елді тәуелділікке әкеледі, басқаша айтқанда орталықтар реттейтін болады.

Экономикалық қылмыстардың қазіргідей өсу жағдайына реформалардың ойдағыдай және табысты жүзеге асырылуын мүмкіндік болмайды. Сондықтан, өкімет функцияларын атқару бөлімі берілген күшті меншікті мақсаттарды колдану экономикалық қауіпсіздіктің бірден-бір қатері болып табылады. Басқарушылар қолда бар күшін, өзіндік мүдделерін және беделін сақтау үшін қолданылады, бұл жеке азамат үшін және жалпы қоғамға қауіп-қатер келтіреді.

Басқа мемлекеттер, ең алдымен ТМД елдері арасында төлемдер және өзара міндеттемелер жайлы келісімге келу экономикалық қауіпсіздіктің және қаржылық тұрлқтылықтың бірден-бір факторы болып табылады.

Нарық қатынастарына көшу және сонымен байланысты республикадағы жономикалық жағдайдың өзгеруі экономикалық және мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құқық негіздерін жақсартуды талап етеді.

Оларды іске асыруды мемлекеттік басқару органдарды орындайтын болғандықтан, өзгермелі экономикалық жағдай ұйымдастырушылық кұрылымының реформалануын қажет етеді, сонда экономикалық өркендеуге, экономикалық қауіпсіздікке жэне ҚР -ның қауіпсіздігіне тиімді түрде әсер етуге мүмкіндік туындайды.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных