Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тұтынушыларды қорғау және ұйымдастырылған сауданы дамыту үшін жағдайлар жасау.




Қазақстан Республикасының Үкіметі сыртқы сауда саясатын жүргізу кезінде келесідей қүралдарды қолданады:

1. Кедендік-тарифтік құралдар, бұл импорттық және экспорттық кеден баждарын қолдануға негізделеді.

Қазақстандық кедендік-тарифтік саясатты құрудың тактикасы қандай да бір өнім нарығының жағдайын тұрақты түрде бақылап отыру, нарықтың жағдаятына жылдам бейімделу және тиімді протекционизмді қамтамасыз ету қажеттілігінен шығады.

Мұндай жағдайда, отандық өндірушілер үшін қолайлы бәсекелі кортаны жасау мақсатында кедендік баж салықтарының максималды мөлшерлемелері дайын бұйымдарға қойылады, орташа мөлшерлемелер жинақтаушы бұйымдарға, ал төменгі мөлшерлемелер шикізатқа және әлеуметтік маңызы бар тауарларға белгіленеді.

Кеден баждары мөлшерлемелерінің өзгеруі және бекітілуі сыртқы сауда тиімділігінің көрсеткіштеріне, әлемдік нарықтың жағдаятына және Кедендік Одақ пен Еуразиялық Экономикалық Қауымдастықгың шеңберінде Қазақстан Республикасы қабылдаған міндеттемелерге, сонымен қатар Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру үдерісіне тәуелді болып табылады.

Көптеген жағдайларда импорттық кеден баждары мөлшерлемелерінің деңгейі отандық тауар өндірушілердің бастамасымен өзгеріп отыратындығын да айқан жөн.

Жалпы алғанда, Қазақстанның кедендік-тарифтік саясаты еркіндікке негізделген. Іс жүзіндегі импорттық кеден баждарының орташа деңгейі 10,6 %-ды құрайды.

Сауда-экономикалық қатынастарды дамыту үшін қолайлы жағдайларды жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі жекелеген жағдайларда жеңілдетілген кедендік-тарифтік тәртіпті қолданады.

ТМД шеңберінде келісілген еркін саудаға сәйкес осы елдерден Қазақстан аумағына кіретін тауарларға кедендік баждар салынбайды. Сондай-ақ республикада өндірілмейтін тауарларға және ұлттық жеңілдіктер жүйесін қолданатын дамуы төмен елдерде (47 мемлекет) жүретін бірқатар тауарларға кеден салықтары салынбайды. Дамушы елдерге (104 мемлекет) де 75%-ға дейін төмендейтін импорттық кеден баждарының мөлшерлемесі түрінде жеңілдікті тәртіптер қарастырылады. Бұдан басқа, экспортты ынталандыру мақсатында экспорттық кеден баждары мүлдем қолданылмайды десе де болады. Кеден салықтары салынатын экспорттық тауарлардың тізімі тым шектеулі, оларға тері, жүн, мүнай өнімдерінің жекелеген түрлері, қара және түсті металл өнімдері жатады.

2. Тарифтік емес құралдар, бұл антидемпингтік шаралар, қорғау шаралары, әртүрлі шектеулер мен тыйым салулар, сан жағынан шектеулер, квоталау, тауарларды сыртқа шығару мен оларды сырттан әкелу бойынша мемлекеттік монополия, лицензиялау, техникалық жағынан реттеу, т.б.

Реттеудің тарифтік емес шаралары Қазақстанның қазіргі жүргізіп отырған экономикалық саясатынан, Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің экономикалық негіздерін қорғаудан, Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттерді орындауынан, ішкі тұтынушылық нарықты қорғаудан қалыптасып туындайды.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных