Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Аржы жүйесінің мәні, қызметтері. Мемлекеттік бюджет.




Қаржы - бұл тұтынушылардың алуан түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ақшалай табыстарды, жинақтарды және қорларды қалыптастыру және пайдалану жолымен экономикада өндірілген жиынтық өнімнің құнын бөлу үдерісінде туындайтын экономикалық қатынастардың жиынтығы.

Қаржының сипатты және айрықша белгілерін анықтау үшін оның атқаратын қызметтеріне көңіл бөлу қажет.

Қаржының атқаратын қызметтері:

1. Бөлу қызметі - қаржы құралдарын қалыптастыру негізінде жасалған жиынтық өнімді экономиканың барлық субъектілері (үй шаруашылығы, фирмалар, мемлекет) арасында тиімді орналастыру.

2. Бақылау қызметі - бөлу үдерісін жалпы алғанда сан жағынан бейнелеу, бұл жерде қаржы бөлу үдерісінің қаншалықты тиімді жүріп жатқандығы ақша қорларының қаншалықты тиімді жұмсалып жатқандығы жөнінде ақпарат беріп отырады.

Қаржы жүйесі экономикалық организмнің қан айналымы жүйесін сипаттайды, экономиканың тұтастай қалыпты жұмыс істеуі осы саланың жағдайына тәуелді болып табылады.

Қаржы жүйесі - ұдайы өндірістік үдеріске қатысушы әртүрлі экономикалық субъектілермен жасалатын орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларының жиынтығын сипаттайтын күрделі қаржы қатынастары.

Қаржы жүйесі қандай да бір қаржылық қатынастарды сипаттайтын болғандықтан, осы қатынастардың субъектілері мен деңгейлері бөлініп шығады. Бұлар біріншіден, орталықтандырылған ақша қорларын қалыптастыратын мемлекеттік деңгей, екіншіден, орталықтандырылмаған ақша қорларын жасайтын шаруашылық жүргізуші субъектілердің деңгейі мен үй шаруашылықтарының деңгейі болып табылады. Осындай деңгейлерде қаржы ресурстарын қалыптастырудың және пайдаланудың әдістері мен тәсілдері әртүрлі болып табылады.

Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі келесі өзара байланысқан элементтерден құралады:

1)жалпы мемлекеттік қаржылар;

2) шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылары;

3) үй шаруашылықтарының (тұрғындардың) қаржылары.

Бұл жүйенің негізгі элементі ретінде жалпы мемлекеттік немесе орталықтандырылған қаржылар саналады.

Мемлекеттік қаржы үшке бөлінеді:

а) мемлекеттік бюджет;

ә) мемлекеттік несие;






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных