Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Жұмыссыздық және инфляция. Филлипс қисығы.




Филлипс қисығы. Кейнстің пікірінше, экономикада рецессиялық алшақтық (жұмыссыздық пен құлдырау инфляцияны шектейді) немесе инфляциялық алшақтық (толық жұмысбастылық кезінде жалақының өсуінен инфляция орын алады) болуы мүмкін. Басқаша сөзбен айтқанда, жұмыссыздық пен инфляция үдерістері қарама-қарсы бағытта дамиды: не инфляция болады, не жұмыссыздық болады.

Ағылшын экономисі Албан Филлипс (1914-1975) Кейнстің осындай қорытындысы негізінде жұмыссыздық пен инфляция арасындағы сандық байланыстың графикалық көрінісін ұсынды (12.1-сурет). Оны Филлипстің қисық сызығы деп атайды.

 

 
 

Суреттен көріп отырғанымыздай, инфляцияның аса жоғары қарқыны кезінде (9%) жұмыссыздық деңгейі төмен болады (2%) - бұл N нүктесі. Ал инфляцияның төменгі деңгейінде жұмыссыздық өседі - М нүктесі.

Сонымен, Филлипс қисық сызығы - бұл жұмыссыздық деңгейі мен инфляция қарқыны арасындағы кері байланысты көрсететін графикалық кескін. Филлипс қисығы жұмыссыздық деңгейінің шығындардың бір элементі болып табылатын жалақының көтерілу мүмкіндігін шектейтіндігін көрсетеді. Жалақының өсуінің шектелуі бағалар деңгейіне әсер етеді.

Филлипс қисығы инфляцияның қарапайым бір факторлы үлгісін көрсетеді. Инфляция жұмыссыздықтың функциясы болып табылады:

π = f(u), мұнда, π - инфляция; u - жұмыссыздық.

Алайда, бағалардың қозғалысына тек жалақы ғана әсер етпейді. Инфляция теориясы жалғыз ғана себеппен шектелмейді. Жалақы оның тек бір бөлігі ғана, және шығындардың аз көлемін қамтиды. Инфляцияның басқа да себептерін ескермеу Филлипс теориясына стагфляция деген құбылысты түсіндіруге мүмкіндік бермеді. Егер Кейнс бойынша инфляция мен жұмыссыздықтың арасында таңдау болса, онда 70-жылдары екі құбылыс та қатарынан орын алды, яғни жұмыссыздықпен бірге инфляция да өрши түсті. Сол кездері жұмыссыздықтың жоғары деңгейі бағалардың маңызды түрде өсуімен ұласты. Ал 1983-1991 жылдары инфляция да, жұмыссыздық та төмендеді.

Стагфляция - бұл өндірістің құлдырауы (стагнация) жағдайында жұмыссыздық пен инфляцияның қатар орын алуы. 1973-1975 жылдары орын алған дағдарыс Халықаралық мұнай өндірушілер мен экспорттаушылар ұйымының (ОПЭК) мұнайға деген бағаның бірнеше рет өсуінен тауар бағаларының өсуімен сипатталды. Сол жылдары бірқатар елдерде астық шықпай қалып ауылшаруашылық өнімдеріне деген бағалар күрт өсті. 70-жылдары болған стагфляциялық құбылыстар инфляцияның бір факторлы үлгісінің инфляцияның барлық себептерінің өзара байланысын есепке алмайтындығын көрсетіп берді.

Стагфляция жағдайында мемлекет өндірістің құлдырауы мен инфляцияны жоюдың аса күрделі мәселелерін бір уақытта шешеді. Инфляцияны басу үшін мемлекеттік бюджет тапшылығын төмендету қажет, несиелік белсенділікті шектеп халықтың табыстарын қысқарту керек. Бірақ мұндай саясат өндірістің әріқарай терең құлдырай беру қаупін туғызады, әсіресе, бұл экономикада шығындар инфляциясы дамығанда өте ауыр болады. Алдағы уақытта өндіріс шығындарын өтей алмайтын кәсіпорындар мұндай саясатқа жауап ретінде өз істерін тоқтатады. Олардың жабдықтаушылар мен жеткізушілерге қарыздары өседі.

Өндірістің құлдырауымен күресу кезінде үкімет пен орталық банк кәсіпорындарды несиелеу арналарын кеңейтіп, бюджет тапшылығын ұлғайтуы мүмкін. Бірақ бұл инфляцияның серуендеуіне алып келеді.

Мәселенің үшығуы оның шешілмейтіндігін білдірмейді. Мемлекеттің экономикалық саясаты өндірістің құлдырауы мен инфляция, инфляция мен жұмыссыздық арасында белгілі бір уақытта амалдай тұруды мәжбүр етеді. Осындай экономикалық жағдайлардың қарама-қайшылығы мен күрделілігін мойындау инфляцияның ушығып кетуіне жағдай жасайтын бір жақты әрекеттерді болдырмауы қажет. Құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыру халықты әлеуметтік қорғау бойынша мемлекеттік іс-шаралармен ұштастырылуы тиіс.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных