ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Бетонның физикалық қасиеттеріЕң алдымен бетонның қатқан және қатпаған араласпа тығыздығын ажырата білу қажет. Егерде бетонның араласпа құрамы анықталып, құрамындағы қоспалары нақты өлшемдермен салынса, онда оны мінсіз тығыз бетон деп атауымызға болады. Мұндай бетон араласпасының тығыздығы құрамында ауа бөлшектері болмаса, теориялық есептеулері нақты сәйкес келеді. Бетон араласпасының тығыздау сапасын, тығыздау коэффициентімен бағаланады. (7.1) Мұнда, rн және rе – бетонның нақты және есептелген араласпа тығыздығы. Қалыпты жағдайда көпшілігі kтығ»1 алуға тырысады, бірақ механикалық діріл немесе әртүрлі факторлар әсерінен ауа бөлшектерінің пайда болуы әсерінен kтығ»0,96...0,98 құрайды. Қатайған бетон құрамында судың жарты бөлігін ғана химиялық қосылыс түрінде кездестіруге болады. Судың қалған жарты бөлігі өз орнын алады немесе буланып кетеді. Сол себепті қатқан бетон ешқашанда абсолютті тығыз күйінде болмайды. Бетонның кеуектілігін мына формула арқылы анықтаймыз (7.2) мұнда С және Ц – бетонның су мен цемент шығыны, кг/м3; w – цемент массасына байланысты судың химиялық мөлшері. Қалыпты жағдайда 28 тәуліктік бетондар үшін w=0,15 алады. Бетонның тығыздалуы, дәнді толтырғыштардың мұқият салынуы әсерінен, толтырғыш арасындағы қуыстардың аз болуын қамтамасыз етеді және бетон құрамына қосылатын цемент мөлшерін үнемдеуге болады. Сонымен қоса цементті гидратациялануы кезеңіндегі қосылғыштардың мөлшерін арттыруға (жоғары беріктікті портландцемент, глиноземді және ұлғаятын цемент) немесе өзінің абсолюттік мәнінен артық етіп (пуццолонды портландцемент) алуға болады. Бетонның араласпа құрамындағы қалып қойған ауа бөлшектерін, бетонды жою кезеңінде вакуумдау немесе престеу арқылы жоюға болады. Бетонның тығыздығы – беріктікті, өткізбеушілікті, мәңгілікті анықтаудағы ең маңызды бөлігі болып табылады.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|