Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Бетонның өткізгіштігі




Гидротехникалық және басқа да бірқатар үймереттердің бетонының маңызды сипаттамасы болып, оның өткізгіштігі табылады.Ол материалдың ылғалдануға және қатуға, әртүрлі атмосфералық факторлардың әсеріне және агрессивтік орталардың әсеріне қарсы тұру қабілетін анықтайды.Тәжірибеде бетонның суөткізгіштігінің маңызы зор.

Бетонның өткізгіштігі оның кеуектілігіне, тесіктерінің құрылымына және тұтқыллар мен толтырғыштардың қасиеттеріне байланысты. Бетон капиллярлы-кеуекті, яғни әртүрлі көлемдегі капиллярлар мен кеуекті жұқа торлы материал болып табылады. Көлемі 10-5 см көлемдегі цемент гелінің кеуегі жататын майда тесіктер мен капиллярлар мүлдем су өткізбейді. Көлемі 10-5 см аспайтын майда кеуектер мен капиллярлар ылғалдылық градиенті, қысым әсері немесе осмотикалық әсердің салдарынан жүретін суды сүзуге жарамды. Сондықтан бетонның өткізгіштігі бетондағы ірі кеуектер мен капиллярлардың көлемі мен таралуына байланысты.

Ірі кеуектердің Vік(%) көлемін мына формула бойынша анықтауға болады:

(7.3)

Бетондағы ірі кеуектердің көлемі 0-40% шамасында ауытқиды.Бетонның ірі кеуектілігі С/Ц төмендегенде, цементтің гидратациялану деңгейі артқанда,бетон қоспасына ауаның кіруі азайғанда, бетон құрылымын нығыздайтын химиялық қоспаларды пайдалану кезінде төмендейді.

Бетонның өткізгіштігі мен ірікеуектілігінің арасындағы байланыс 7.1 суретте көрсетілген.Ірі кеуектілік су цемент қатынасына байланысты болғандықтан, С/Ц өткізгіштігінің байланыстығын көрсетуге болады.(7.2 сурет). Тәжірибеде бұл байланыстылықтан ауытқушылықты байқауға болады, өйткені бірдей С/Ц ірі кеуектілігі цементтің түрі мен шығынына, бетонның өткізгіштігіне біршама әсер ететін бірқатар факторлар мен нығыздалу деңгейіне байланысты болады.

7.1-сурет.Ірі кеуек көлемінің kік 7.2-сурет.С/Ц-тің kік бетон өткізгіштік

бетон өткізгіштік коэффициентке коэффициентке қатынасы.

қатынасы.

Бетонның ылғалдануы кезінде кеуектері мен капиллялары физикалық беткі күштердің әсерінен, осы капиллярларды тығындай отырып, өзінің жұмсақтығын жоғалтатын сумен толтырылады.Яғни кеуектер мен капиллярлардың кольматациялануы жүреді,ол бетонның өткізгіштігін төмендетеді.

Уақыт өте бетонның кеуектілігінің сипаты өзгереді,цементтің гидратациялану өнімдерімен артатын, ірікеуектердің көлемі азаяды, және нәтижесінде юетонның өткізгіштігі азаяды.(7.3 сурет).

7.3-сурет.Бетон жасының С суөткізгіштік (30 тәуліктегі

100% суөткізгіштік) әсері.

Бетонның өткізгіштігін тұрақты қысымдағы 1 сағат ішінде1см2 үлгі арқылы өткізілген В (С) көлемімен өлшенетін,өткізгіштік коэффициентімен бағалауға болады:

7.4

Мұнда, А-үлгінің ауданы; t- уақыты; (р12)-қысым градиенті.

Тығыз бетондар әдетте суды сүзбейді, сондықтан оларды анықтау үшін,суөткізгіштігі бойынша маркасы, мысалы W2, W4 және т.б.Бұл сипаттама арнайы сынақтармен анықталады және бетонның қандай қысымға дейін су өткізбейтінін көрсетеді.

Бетонның өткізбегіштігін арттыруда оның біртектілігіні мен оны қатыру және пайдалану процесінде материалдың тұтастығын сақтаудың маңызы зор. Кезектестіріп ылғалдау және қатыру кезінде бетонның отыруының салдарынан майда сызаттардың пайда болуы бетонның өткізгіштігін біршама азайтуы мүмкін.

Бетонның кеуектілігінің көлемі мен сипаты бетонның газөткізгіштігіне күшті әсер етеді. Кеуектің сумен немесе химиялық реакция нәтижесінде кольматациялануы бетонның газ өткізгіштігін төмендетеді. Бетонның газөткізгіштігі атмосфералық факторлардың әсерінен бетон мен болатты тот басу процесінің жүруі кезінде ролі артады.

Бетонның өткізгіштігін арттыру үшін арнайы әдістерді пайдаланады.

Бетонның өткізгіштігін төмендету деңгейі және әдістері:

Бетонды дайындау кезінде:

Органикалық және гидрофобты қоспаларды қосу..................2....10

Бейорганикалық қоспалар.........................................................5-1000

Қоюланған заттар немесе термопластикалық полимерлерді қосу -10-500

Арнайы заттарды дайындағанан кейін сіңіру..........................50-1000

Бетонның беткі қабатын гидрофобтануы................................2-10

Арнайы қабыршақтандыратын қоспамен қаптау...................10-100

Ары қарай полимерлеу арқылы мономерді сіңіру.................50-1000

Бетонды дайындау кезінде қоспалар немесе арнайы заттарды қосу қарапайым және тиімді әдіс болып саналады. Бұл мақсатта қолданылатын қоспалар жетерлік ГЖК типіндегі қоспалар, әртүрлі беткі-белсенді заттар, суда еритін шайырлар, кейбңр латекстер, эмульсиялар мен суспензиялар кеңінен қолданылады. Кей жағдайда полимерлердің майда ұнтақталған ұнтақтары мысалы, пека қолданылады.Бетон қатқаннан кейін оны ысытады,полимер материалдар жұмсарады және оның өткізгіштігін төмендете отырып, бетонның кеуектерін кольматациялайды. Бейорганикалық қоспалардың арасынан хлорлы темір, натрий алюминаты, сұйық әйнек т.б кеңінен қолданылады. Бетонның өткізбеушілік қасиетінің артуына майда ұнталған қоспалар мен микрокремнеземді қосу әсер етеді. Кешенді қоспалар мен отырмайтын қоспалар алуға ықпал ететін. Арнайы тұтқыр заттарды пайдалану кезінде жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады.

Қатқан бетонның өткізгіштігі, оны петролатуммен, сұйық әйнекпен, күкіртпен, парафинмен және бетонның кеуектері мен капиллярларын кольматациялайтын басқа да заттарды қосу кезінде төмендейді. Бетонға мономерлер немесе олардың негізіндегі қоспаларды қосу тиімді болып саналады. Полимербетондар мүлдем өткізбейтін болып табылады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных