Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Бетонның аязға төзімділігі




Бетонның аязға төзімділігі деп, оның қаныққан күйінде бірнеше рет қатуы мен ери алу қасиетін атайды. Бұл жағдпйдағы бетонның бұзылуын болдыратын негізгі себеп болып, қатқна судан пайда болатын майда сызаттардың түбі менкеуектердің қабырғаларына әсер ететін қысым табылады.Қату кезінде су 9% көлемінде артады.

Судың артуына өте жоғары кернеу пайда болуы мүмкін, бетонның қатты сұлбасы кедергі келтіреді. Қату және ерудің қайталануы бетонның құрылымының біртіндеп жұмсарып, бұзылуына әкеп соқтырады. Алдымен шығыңқы жиектері, одан кейін беткі қабаты және бетонның іші бұзыла бастайды.Бетонның қоспаларының температурасының арту коэффициенті мен температуралық-ылғал градиенттердің арасындағы айырмашылықтың салдарынан пайда болатын кернеу де біршама әсер етеді.

Бетонның аязға төзімділігін анықтау үшін кезекті қатыру және еріту әдістерін пайдаланады. Сынақ әдістері, қатыру температурасы, сумен қанығу жағдайы мен үлгінің көлемдері, циклдің ұзақтығы бетонның аязға төзімділігінің көрсеткіштеріне әсер етеді.

Суда немесе тұз ерітінділерінде қатыру кезіндегі қату температурасының төмендеуіне байланысты бетон тез бұзылады.

Бетонның аязға төзімділігінің критерийі болып, үлгінің салмағцынлағы шығын 5% құрайтын, ал оның тығыздығы 25% төмендейтін циклдердің көлемі табылады. Циклдердің бұл көлемі бетонның аязға төзімділігі бойынша маркасын анықтайды: ауыр бетон үшін Ғ50...Ғ500.

Бетонның аязға төзімділігі оның құрылымына, әсіресе кеуектілігінің сипатына байланысты,өйткені соңғысы суық температурада бетонда пайда болатын мұздың көлемі мен таралуын анықтайды, яғни бетонның құрылымының бәсеңсу процесінің жүру қарқындылығы мен пайда болатын кернеудің көлемін анықтайды.

Бетонның көлемі 10-5 см майда кеуектеріндетіпті қатты суықта (-70 С0 кезінде де) мұзға айналмайтын су болады, сондықтан майда кеуектер бетонның аязға төзімділігіне онша әсер етпейді. Соңғысы бетондағы ірікеуектерге және оның құрылымына көп байланысты.

7.4-суретте. С/Ц-тің 1-ші қалыпты жағдайдағы бетон

мен 2-ші ауалық бетон жағдайындағы

F суыққа төзімділікке қатынасы.

Бетонның аязға төзімділігін арттыратын екі тәсіл қарастырылады:

1) бетонның тығыздығын арттыру, ірі кеуектердің көлемі мен олардың су өткізгіштігін азайту, мысалы, С/Ц азайту арқылы,кеуектердің қабырғаларына су өткізбейтін қоспаларды пайдалану, арнайы қоспаларды қосу арқылы кеуектерді кольматациялау;

2)арнайы ауа кіргізетін қоспалар арқылы, бетонды қарапайым сумен қанықтыру кезінде толтырылмайтын, бірақ оның қатуы кезінде суды кіргізетін бетонда ауадағы кеуектердің резервтік көлемін жасау. Су цемент қатынасынан аязға төзімділіктің тәуелдігі 7.4-суретте көрсетілген.Әдетте аязға төзімді бетонның С/Ц 0,5 аспауы тиіс.

Бетонның аязға төзімділігін арттырудың тиімді тәсілі болып,ауа кіргізгіш қоспаларды пайдалану табылады. Аязға төзімді бетон алу үшін, ауаның түйіршіктерінің арасындағы арақашықтық 0,025см аспауы тиіс. Сондықтан тиімділікке қол жеткізу үшін,ауа кіргізудің белгілі көлемін қамтамасыз етумен қатар,майда көлемдегі ауа тамшыларын алу қажетол олардың жалпы көлемін азайтуға және ауа кіргізудің нәтижесінде оның тығыздығын азайту арқылы бетонның аязға төзімділігін арттыруға ықпал етеді. Әдетте ауа кіргізетін қоспалармен бірге олардың көлемін көрсететін кеуектердің үлесті беті 1000... 2000см2/см3 құрайды, кеуектердің көлемі -0,005-0,1 см, ал олардың арасындағы арақашықтық 0,0025см аспайды.

Ауа кіргізудің оңтайлы көлемі 4-6% құрайды және цементтің, судың және ірі толтырғыштың шығынымен анықталады. Көлемі толтырғыштың ірілігі азайған және цемент пен судың шығыны артқан кезде көбейеді.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных