Главная | Случайная
Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Костюмдік және астарлық маталар.




Костюмды маталарға қойылатын гигиеналық талаптар оларды қолдану маусымына байланысты дифференцирленген жаздық костюмдер астарсыз немесе жеңіл астармен қолданылады, сондықтан жазғы костюмдік маталарға қойылатын талаптар адамның кейбір жылу изоляциялығының қажетті ауа өтімділік (<150 дм32*С кем емес, Wr<7% кем емес) дәрежесін қамтамасыз етуімен нақтыланады. Жазғы костюмдер үшін синтетикалық және ацетатты талшықтар 50% дейін мүмкін бола алады.

Маусымдық және қыстық киімдер үшін жүн және лавсанмен, вискозбен және нитронмен жартылай жүн маталары қолданылады.

Вр костюмдік жүн маталары =41-274 дм32*С үлкендерге арналған қысқы костюмді беттік маталары үшін вискозды және ацетаты қосылған синтетикалық маталарды қолануға болады.

Астардың міндеті- төзуді және кірленуді төмендету Вр= <100 дм32*С кем емес,

ылғал өтімділігі және гигроскопиялылығы болу керек, ал керісінше электрленуі болмауы

керек.

Негізгі қолданыста-бұл жібек астарлары және мақта маталы, вискозды, вискозды-ацетатты, вискоздық мақтамен қосындысы. Қазіргі кезде - 100 % ПЭФ қолданылады. Бірақ синтетикалық және ацетатты талшықтар астарлы матада 50% аспауы тиіс.

Пальто және плащтарға арналған маталар адам денесін суықтан қорғайды. Қажетті жылу изоляцияға ауа өткізгіштік және жылулық қарсыласумен жетеді, сонымен қатар материалдық ылағл өткізушілігі де үлкен маңызға ие, себебі ылғалдық жиналуы адам жылу жоғалтушылығының жоғарылауына және жылу өткізушілігінің үлкеюіне әкеп соғады.

Таза жүн драптардың ылғал өткізушілік соммасы =95-100 г/м2*г, бу өткізушілігі -40-45 г/м2*г . жартылай жүн драптар ылғал өткізушілігі төменірек -80-90 г/м2*г. Жоғарғы материалдық ылғал өткізушілігі <40 г/м2*г болмау керек.

Пальтоның жоғарғы материалына қойылатын талаптар арналған аймақтарының табиғи климатының шарттарымен анықталады.

Маусымдық және қысқы пальто дайындау үшін әр түрлі қосылыстағы жүн және синтетикалық талшықты материалдар қолданылады. Қыстық пальтоларды жылулық аралығын дайындау үшін жүн, мақта, лавсан, нитрон қолдануға болады. Астар ретінде –жібек маталар қолданылады (Мs=50-153 г/м2).

Жоғарғы материал әр түрлі механикалық әсерлерді қабылдайды. Ол киімнің сыртқы көрінісімен және оның қорғау қызметімен негізделеді (төзімділігі, мықтылығы, кірленбеушілігі, оңай тазаланады).

Плащтарға қойылатын талаптар эксплуатациялық шарттарымен анықталады. Плащтар жаңбырдан қорғау үшін және жеңіл пальто үшін арналған.

Плащтық маталардың үлкен бөлігі жұқа қабықпен қапталған кешенді капронды жіптерден өңделеді (ылғал және ауа өткізбеушілігі).

Плащтық маталардың кейбір бөлігі негіз және арқау бойынша текстурленген полиэфирлер жіптерінен дайындалады, сондай-ақ негізі кешенді капронды жіптерде және арқауы текстурленген полиэфирді жіптерден дайындалады.

Текстурленген полиэфирді жптерден және лавсанды-вискозды ширатылымды маталардан жасалатын плащтарды тек қоршаған орта температурасы 16-220С болған кезде ғана қолдануда ұсынылады. Ол адам ағзасының ысып кетпеуі немесе суытпау қажет.

Плащтық маталардың суға тұрақтылығы оның бетіне материалдардың бу өткізбеушілігін төмендететін су өткізбеушілік қабатпен қапталған нәтижесінде қамтамасыз етіледі. Плащтарға арналған материалдардың бу өтімділігінің төмендеуі су өткізбейтін киім ішіндегі су буының конденсациялануына және оның жылу изоляциялығының бұзылуына әкеп соғады. Жұқа қабықшамен қапталған плащтық маталардың гигиеналылығын жоғарылатуда тиімді жолдарының бірі адам дене бетін су буын өткізе алатын және жаңбыр тамшыларының өтуіне кедергі болатын жұқа қабат бетіне сәйкес өлшемді тесіктердің жасалуы болып табылады.

Балалар киіміне арналған материалдар. Балалар ағзалары әр уақытта өсу және даму жағдайында болып отырады. Дене терілері майысқақтылығымен және эластикалығымен сипатталады, бұлшық еттері аз дамыған, ал тері болса, жұмсақ және нәзік термореттеушілік аппаратты жетілдіріңкіреген.

Балалар киімін жоспарлауда және дайындацда міндетті шарты-оның әр түрлі жастық тобындағы балалар киімінің пішіні мен өлшеміне сәйкестігі. Балалар киімін жоспарлау үшін жеңіл өнеркәсібінің әр түрлі салаларының нақты мүмкіндіктерін ескере отырып, 6-дан 18 жас аралығында типтік дене бітімдерінің оптималды саны стандартқа белгіленген.

Балалардың жастық тобының дене бітімдерінің біршама әр түрлілігі киімді жоспарлағанда және өндіруде қиындықтар туғызады.

Балалар іш-киімдерін дайындау кезінде мақталы маталар қолданылады: ситецтер, бөздер, сатиндер, шифондар, фланелдер және т.б., сонымен қатар талшық құрамы бір немесе әр түрлі талшықтан құралған трикотажды маталар. Іш-киімдік және трикотажды маталар гигроскопиялығы Wг<7%, Вр-135 дм32*С –жаздық киімдер үшін; Вр-100 дм32*С –қыстық киімдер үшін болуы қажет.

Жаңа туылған сәбилерге арналған синтетикалық және ацетаттық талшықтар қосылған іш-киімдік материалдарды санитарлы-гигиеналық ережелер мен шарттары бойынша тыйымсалынады. Іш-киімдік маталарының сыртқы түрінің әдемілігін қамтамасыз ету үшін ағартылған етіп өңделеді, олардың мақталы маталарында 82% дейін, ал зығыр маталарында <80% кем емес,олар тегіс боялған ақшыл түстер болады. Жуылудан кейін олар отыруы қажет:

Мақта маталарда - >3,5% негіз бойынша және 2%-арқау бойынша;

Зығыр маталарында ->5,5% негі бойынша және 3%-арқау бойынша болуы керек.

Іш-киімдік маталар оңай жуылады, дене бетінен ылғалды жақсы сіңіреді және эксплуатациялық уақыты ұзақ болуға тиіс.

Балалар көйлегін дайындау үшін әйелдер көйлегіне қолданылған маталарды қолдануға болады. Балаларға арналған көйлектік маталар вискозды және мақталы мата иірімдерінен, вискозды-ацетатты жіптерден және әр түрлі жіптер мен талшықтарының араласуынан дайындалады. Вискозды, вискозды-лавсанды және мақталы мата иірімдері

оларға жұмсақтық және жылулықты береді.

Балалардың көйлектік маталарына қойылатын талаптар қызметіне байланысты әр түрлі болады: күнделікті, сәнді, жаздық және қыстық, спорттық, ал гигроскопиялылығы Wг<7% кем болмауы тиіс.

Жаздық көйлектік маталар жоғары ауа өтімділікке, қыстық-төмен ауа өтімділікке ие болуы керек (бірақ <100 дм32*С кем емес).

Жоғарғы көйлектік маталары талшық құрамымен реттелетін жоғарғы бу өтімділікке және ылғал жұтушылыққа ие болуы керек. Олар аз отыратын (негізі бойынша >3,5% және арқауы бойынша 2% кем емес) және аз қыртыстанатын (<70% кем емес) болу керек. Мұндай қасиеттерге ширатылған иірілімдерді және аралас- талшық иірілімдерін қолдану жолымен жетеді, сондай-ақ маталарды стабилизациялау және арнайы өңдеу жолымен жетеді.

Таза мақталы көйлектік маталарға ситецтер, бөздер, шотландкалар, репстер, паплиндер, бумазиялар және т.б. жатады. Жібек көйлектік маталар құрамында мынадай болады: негізі-вискозды, ацетатты және капронды жіптер арқауы-мақталы немесе жібекті жіптер (кейде полиэфирді-вискозды немесе полиэфирді- мақталы).

Бастауыш мектеп жасындағы балалар үшін көйлектік және жейделік материалдар құрамында синтетикалық және ацетаттық талшықтар 30% аспауы тиіс. Жаңа туылған сәбилер және балаларға дайындалатын киімдерде синтетикалық талшықтарды қолдану рұқсат етілмейді.

Балалар киімінің жүн маталар ассортиментінде костюмдік маталар 16% астам болады. Олар жартылай жүн маталары. Құрамында синтетикалық талшықтары бар маталар жақсы сырт көрінісімен өлшемінің тұрақтылығымен, жоғарғы төзімділігімен сипатталады, бірақ олар гигиеналық қасиеттері жағынан төмен көрсеткіштерге ие.

Талшық құрамы жағынан костюмдік маталар таза мақталы және аралас болып шығарылады (80,75 және 67% мақта және 15,25,33%-басқа талшықтар: вискоздан, капроннан және лавсаннан). Мақталы мата костюдік маталарына вельвет-корд, вельвет рубчик және түкті маталар жатады. Зығырлы костюмдік маталар аралас өңдіріледі: олардың құрамы негіз бойынша мақта, ал арқауы бойынша ылағалды ширатылым иірілімдері болады. Көбінесе арқауға лавсанды талшықтар қосылады (3-тен 33% дейін). Лавсан қосылған кезде созылуы ұлғаяды да, қаттылығы азаяды, бұл балалар киімі үшін өте маңызды, оларды жазғы костюмдерде қолданады.

Жібек костюмді маталар жасанды, вискозды, вискозды-лавсанды, мақталы иірілімдерден және т.б. өндіріледі.

Балалардың жоғарғы жылы киімдері үшін табиғи және жасанды үлпектер, жүн және жартылай жүн маталарын қолдануға ұсынылады. Балаларға арналған пальтолық жүн маталарының негізгі ассортиментісукно, пальтолық және драптарға бөлінетін жұқа суконды аралас жүн маталарымен сипатталынады.

Пальтолық маталар гигиеналы, жақсы жылу қорғаушылық қасиеттерге ие, жоғары төзімділікті, аз отыруы және қыртыстануы қажет. Аралас жүн пальтолық маталар вискозды (20-40 %), капронды (7-27%), нитронды (16-63%) және лавсанды (20-40%) талшықтардың қосындысымен өндіріледі. Жүннің құрамы көбінесе 30-55% құрайды.

Балалар плащын дайындау үшін беті шамалы тегіс Мs=53-200 г/м2 , судың ағып кетуіне ықпал ететін тығыз маталар қолданылады. Балалар плащтық маталарының тиімдісі кешенді синтетикалық жіптер қосылысынан қосылысы нәтижесінде, жылтырлық және су итерушілік қасиетке ие болатын аралас иірілімдер болып табылады. Балалар арналған күртешелер мен спорттық киімдерді дайындау кезінде поролонмен желімденген капрондық маталар және бейматалы маталар қолданылады.

Балалар киімінде басты міндетті оның конструкциясы атқарады, ол еркін қозғалысты дем алысты және қан айналымды қамтамасыз етуі қажет. Тар, қынамалы киімдер адамға ыңғайсыздықты туғызады. Сондықтан киімдер балалар өлшеміне сәйкестеніп, жеңіл болуы керек және ол көбінесе иықты ұсталып тұруы қажет.

Белдік, қатты резеңкелік тесмаларды, жоғары тар жағаларды қолдануды ұсынылмайды. Балалар киімінің модельдері балалар дене бітімін ескерулері қажет, олар жуылуда, тазалануда және үтіктелуде қарапайым әрі ыңғайлы болулары керек.

Мектеп жасына дейінгі қыздар үшін етегі кеңейтілген пальтолық, балалар үшін-тік пішінді, қалтасы, хлястигі, қайырмалы жағасы немесе капишоны бар пальтолар ұсынылады. Пальтоларда бел сызығы көбінесе көрсетілмейді. Пальто жеңдері қондырмалы, реглан және жартылай реглан.

Бастауыш мектеп жасындағы балаларға арналған киім мектеп жасына дейін дейінгі балалар киімінен ақша айырмашылықтары болмайды. Пальтоны ұзынырақ етіп, көбінесе жағалы капишонмен дайындалу ұсынылады.

Орта мектеп жасындағы балалар дене бітімінің өзгеруі киім құрылымда қатты байқалады. Бұл жастағы қыздар пальтосы-спорттық өңделуі бөлшектерімен тік пішінді немесе етегі кеңейтілген жартылай қынамалы болып келеді.

Ер балаларға арналған пальтолар пішіні жағынан қарапайым белдігімен болуы керек. Қыстық пальто алынатын жылу астарымен болады. Жазды және қысты күнге кең жеңінде манжеттері бар, жоғарғы сырмалы және капишоны бар спорттық күртешелер ұсынылады.

Жоғарғы сынып оқушыларына арналған киім үлкен адамдардың киіміне жақын келеді, сондықтан олар үлкендерге арналған киімдерге қойылатын гигиеналық талаптарға жауап берулері қажет.

 

Лекция №6-7




Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2019 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных