Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Киім құрылысының және материалдар параметрлерінің жылу қорғаушылық қасиеттеріне әсері.




Киім түрінің жылу қорғаушылық көрсеткіштеріне әсері. Адамның қозғалысы кезінде киімнің жылу изоляциялық қасиеттері төмендейді.

Егер адам комбинезон және шалбарлы күртеше киген болса, онда жүру кезінде (3,5 км/сағ) жылу жоғалтушылығы6-8% жоғарылайды, ал пальто кигендер 24% жоғарылайды. 1-ші жағдайдағы жылу қарсыласу 5,5-7,5% кішірейеді, ал 2-ші жағдайда 20%. Біршама айымашылық аяқ жақ бөлігінде байқалады. Жылулық ағын жүріс кезінде 16,4% үлкейеді (комбинезон) және 36,9%-(пальто)-ға, ал сәйкесінше жылулық қарсыласу 13,6% және 28,4% үлкейеді.

Егер комбинезон комплектісінде жылу изоляциялық қасиеттері 100% болса, онда киімнің жылулық қарсыласуы (шалбарлы күртеше) 91%, пальто 77% құрайды.

Киімнің жылу изоляциялық қасиеті пакет қабатымен (материалдар қалыңдығы және ауа қабатының қалыңдығы) анықталады.

Сонымен ауа қабатының қалыңдығы үлкейткен кезде жылулық қарсыласу шамасын үлкейтуге болады.

Зерттеулер нәтижесінде ауа қабатының (≤5 мм) белгілі бір қалыңдығының шамасында ғана тиімді екенін көрсетеді. Жел кезінде ауа қабатының рөлі жылулық қарсыласуының жоғарылауы кезінде төмендейді.

Бұл кезде киім материалдарының пакеті Вр үлкен маңызға ие. Вр=160 дм32*С кезінде материалдар пакетінің жылулық қарсыласуы аппарат бетіне тығыз жанасып тұрған ауа қабатының болуына қарағанда көбірек болады. Етегі кеңейтілген пальтоның көбірек болады. Етегі кеңейтілген пальтоның жылулық қарсыласуы тығыз жабысып тұрғанға қарағанда төменірек. Бұл үлкен ауа конвекциясымен түсіндіріледі.

Желдің бағыты арқаға қарай болған кезде қарсыласуы жауырын бөлігінде 50% (Vжел=3м/с) жел аймағында 8% төмендейді.

Егер адамға кең комбинезон кигізілсе, онда арқа аймағындағы жылулық қарсыласу шамамен 48%, ал бел аймағында аз жанасатын 14% тең.

Кең қынамалы комбинезонгың эксплуатациясы кезінде көбінесе дене бетінің үлкен аймақтарында төмен, ал тері температурасы жоғары болады. Бұл бел аймағына әсер етпейді. Жел кезінде осы аймақта салқындамас мақсатымен киімнің тығыз жанасып тұрылуы қамтамасыз етіледі.

Жылу қорғаушылық қасиетінің реттелінуі арнайы қызметке арналған киімде өте маңызды, себебі жұмыс ауысымының уақытында физикалық жұмыстың интенсивтілігі және метеорологиялық шарттары (tауа, Vжел, күн сәулесінің интенсивтілігі) өзгеріп отырады. Ол жылулық қабатының көп қабатын қолдануына байланыты және әр вентиляциылық құрылымның орындалуы мүмкін (жылытушылық астары, жылулық киімі, негіз материалға қосылған). Желден қорғаныс күртешенің және шалбардың сырма сызығы бойынша арнайы қақпақпен, капюшонмен, бетті қорғайтын құрылымды элементтермен қамтамасыз етілуі мүмкін. Қысқы мерзімге аналған киімдегі вентиляциялық құрылым талаптарының бірі- сыртқы суық ауаның киім асты кеңістігіне (дене бетімен киімнің 1-ші қабат арасы) түспеуін ескерту.

Қысқы киімде вентиляциялық құрылымның қолданылуы егер олардың локализациясы адам іс-әрекетінің физикалық мінездемесін ескерген жағдайда ғана тиімді болады. (Шалбарларда жылу изоляцияциялық ашықтардың бүйір тігістер аймақтарында біртегін орналасуы, егер жұмыс жүріс-тұрыспен байланысты болса). Күртешелердегі ашықтардың болуы қолмен жұмыс орындау кезінде тиімді.

Материалдардың жылу изоляциялық қасиеттері ең бастысы ондағы инерттік газдың болуымен сипатталады және талшық түрлері үлкен әсер етпейді. Материалдардың жылулық қарсыласуымен немесе материал пакетініңің және олардың қалыңдығы арасында үзу сызықты байланыс бар. Ол біршама пакет материалының қалыңдығы >16 мм болған жағдайда бұзылады.

Бұл берілгендер тәжірибе жүзінде материалдар пакетінің қалыңдығына байланысты қажетті жылулық қарсыласу шамасымен киімді жобалауға көмек береді.

Киімнің жылулық қарсыласуының біршама өзгеруі (комбинезон, күртеше және шалбар) материалдар пакетінің қалыңдығының 0-ден 11 мм үлкеюі кезінде байқалады.

Материал пакетінің қалыңдығының үлкею шамасына қарай ауа қабатының жылулық қарсыласу бөлігі кішірейеді, бұл киім материал сыйымдылығын үлкейтуге себеп болады, яғни бұрыс әсер болып табылады. Сондықтан суықтан қорғауға арналған киімнің құрастыру кезінде ауа қабатының жылулық қарсыласуы мен материалдар арасындағы тұрақты қатынасты сақтау өте маңызды.

Пальто үшін материалдар пакетінің қалыңдығы=13,5 мм шекті болып табылады.

Дененің әр түрлі аймақтарын жылыту тиімділігі бірдей емес. Ең үлкені-көкірек аймағында, ең кішісі-бастың, буынның, табанның. Дененің әр түрлі аймақтарын жылыту тиімділігінің бірдей еместігі киімдегі жылу изоляциялық материалдарының орналасу негізіне салынған. Материалдар пакетінің қалыңдығын киімнің нақты бөліктерінде біртұтас үлкейтуге байланысты жылулық қарсыласуын үлкейтуге болады (мысалға, көкірек «кеуде» аймақтарында, иықта), себебі белгілі бір шекке жеткеннен кейін киімнің басқа аймақтарындағы материадар пакетінің қалыңдығын үлкейту киімнің жылу изоляциялығының жоғарылауына ықпал етпейді.

Әрбір дене бөлігінің жылулық тиімділігінің көрсеткіші жалпы киімнің жылулық қарсыласу шамасының орташасына сол бөлігінің жылулық қарсыласу соммасының қатынасына қызмет етеді. Киім қалыңдығының орташасы жоағры болған сайын, адам денесінің әр түрлі аймақтарындағы жылу изоляциялығының біртегіс еместігі жоғарылайды. Киімнің материал пакетінің қалыңдығының қандай болу керек екендігін біле отырып, әрбір бөлігіндегі материал пакетінің рационалды қалыңдығын есептеуге болады. Мұндай жолдар киімнің жылулық қарсыласуын ортақ материалдар шығынын үлкейтпей, жалпылай жоғарылатуға мүмкіндік береді.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных