Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ашық» түріндегі киімнің жылу изоляциялық қасиеттерінің көрсеткіштері.




Зерттеу нәтижесінде қысқы пальтоның жылу изоляциялық көрсеткіштері киімдегі материал пакеті Вр мен жел ағынының адамның салқындану интенсивтілігінің жоғарылайтынын көрсетеді.

Пальто киген адамның В р =0-ден 7- дм3/(м2*С) ие болатын жылу жоғалтушылығы жылдамдық диапозоны 10м/с дейін біршама бірдей. Берілгендердің анализі 2 м/с Vжел дейін В р =0-ден 6- дм3/(м2*С) кезінде киімнің жылу изоляциялық қасиеттеріне аз әсер ететінін көрсетеді. Vжел=4м/с бастап киімдегі жылулық қарсыласуы әр түрлілігі нақтырақ көрінеді (әсіресе V=8-10 м/с кезінде).

Жүру кезінде пальтода да киім жинағындағы жылулық қарсыласу қосымша ≈18 % төмендейді. Vжел және В р байланысты киімнің Rсум өзгеруі мына теңдеумен анықтаулады:

Rсум.в.=0,82 Rсум.н.в.-(0,00018 Вр+0,0093)V

Мұндағы: Rсум.в.- жел жағдайындағы киімнің жылулық қарсыласу соммасы, м2*С/Вт

Rсум.н.в.-физикалық тыныштық жағдайындағы адаммен анықталған қозғалмайтын ауа кезіндегі киімнің жылулық қарсыласу соммасы, м2*С/Вт

Вр-пальтоның материал пакетінің ауа өткізгізтігі, дм3/(м2*С)

V-жел жылдамдығы, м/с.

Rсум.н.в. біле отырып, материал пакетінің орташа өлшенген қалыңдығын анықтауға болады.

 

Жылудан қорғауға арналған киімді жобалаудағы негізгі мақсаттары.

1.Ысытылған ортаның адам ағзасына әсері.

Тұрмыста адам жаздыкүні ыстық ортаның әсеріне түседі, ал өндірісте кейде бүкіл жыл бойына (айна-металлургиясы).

Ысып кетуден адамды қорғау-өте қиын тапсырма, себебі адамды бір мезгілде жылу ағыннан қорғау керек (күн радиациясынан, бір қатар жылу шуағының ағынынан) және ағзада құралатын жылу беруді қамтамасыз ету.

Жаз мезгілінде адам біздің республикамыздың көпшілік бөлігінде жылулық әсерген ие болады. Бөлме киімнің комплектісін киген адамның жылулық ыңғайлығы (Rсум.=0,155 м 2 *с/Вт) t в.≈220С кезінде байқалады. t в. =250С кезінде жеңіл киім қажет етіледі. (Rсум. ≈0,08 м 2 *с/Вт),ал t в.>250С кезінде кез-келген киім киген адамда термореттеушілік үдірістерінің күшеюі пайда болады.

Жоғарғы ауа температурасы t0 кезінде үлкен жылдамдықты жел ортаның ысу әсерін жоғарылатады. Жел кезінде жоғарылайтын шаңды ауа дене бетінің кірленуіне ықпал етеді. Бұл тер шығатын жолдарының шаңдануы әсерінен тер бөлушілігінің төмендеуіне әкеп соғады. Тұзды сөл бөлушілігінің жұмысы бұзылады, тері құрғақтанады, жылу өтімділігі азаяды.

Киім көмегімен адам ағзасының шектен тыс ысуының метеорологиялық факторлар әсерінің азаюы мүмкін.

Лекция №6.

2.Тұрмыстық және арнайы киімдерге қойылатын талаптар.

Ыситын ішкі ортадағы шарттарындағы жоғарғы тыныс алу жолдарының және дене бетінен ылғалдың булануы жылулық балансты ұстап тұрудың негізгі әдісі болуы мүмкін. Киімді дайындау кезінде тер бөлушілік тиімділігінің жоғарылауы үшін барлық мүмкіндіктерді ескеру қажет:

- киім дене айналасында ауа қабатының болуын қамтамасыз етілуі үшін денеге жабыспауы қажет. Ау қабаты теріден ылғалдың булануына ықпал етеді, яғни ағзаның жылу берушілігін жоғарылатады. Тері мен киім арасындағы құралған су буының қабаты күн радиация әсерін төмендетеді;

- дене айналасында ауа қабатының болуын қамтамасыз ету үшін, тері киім теріге жабысып тұрмауы қажет. Ауа қабаты теріден ылғалдың булануына ықпал етеді, бұл ағзаның жылу берушілігін жоғарылатады. Тері мен киім арасындағы түзілетін су буының қабаты күн радиациясының әсерін төмендетеді;

- киім асты кеңістігі вентиляциялануы қажет. Бұл киім материалдарының ауа өтімділігі-

мен және оның құрылымымен жетіледі (вентиляциялық құрылымдар болған жағдайда);

- киім материалдары қоршаған ортадан ылғалды сіңіре және бере білу керек, сонымен қатар гигроскопиялы болу керек. Бұл киім асты кеңістігіндегі ылғал ауаны азайтуға мүмкіндік береді. Ауа ылғалының жоғарылауы теріден ылғалдың бөлінуін төмендетеді жән адам өзін-өзі нашар сезіне бастайды;

Жоғарғы ауа өтімділік және гигроскопиялық

- бұл жазғы киімдеріне арналған материалдары үшін айнымас талап. Жазғы бұйымдар үшін (көйлектер, жейделер, костюмдер) Вр=<330-370дм3/(м2*С) үлкен емес;Wr=<7% (φ=65% болғанда) үлкен емес. Жоғарғы ауа өтімділікті сақтау талабы тегістелген материал үшін өте маңызды;

- тамшылы-сулы ылғал бөлінген кезде материалдардың ылғал сыйымдылығы үлкен маңызға ие. Бөлініп шығатын теріні сіңдіруші материал оының ағуына ықпалын тигізеді, соның нәтижесінде ылғал бөлінушілік тиімділігін жоғарылатады;

- киімге арналған материалдар дене бетіне жабыспауы қажет, себебі терінің тер бөлушілік қызметі төмендейді. Мата беті кедір-бұдыр болуы керек;

- тез кеуіп кететін маталар қасиеті қажет емес, себебі ылғалдың тез буланып кетуі дене бетімен тығыз жанасып тұрған аймақтарда материалдың интенсивті сууы пайда болады. Ылғалданған тері-тұмау ауруының себебі болады. Құрғақ ыстық екі қабаты киім кию ұсынылады. Мұндай киім іш ортаның ысу іс-әрекетін (материал пакетінің төмен жылу өтімділігінің салдарынан) төмендетеді және термен ерекшеленетін жоғарғы киімнің кірленуі азайтады.

Мақта маталары жоғары дәрежеде гигиеналық талаптарды қанағаттандырады. Қасиеттерін сақтай отырып, жақсы жуылады. Креп айқаспалы маталардың жылу өтімділігі төмендеу, теріге мүлдем жабыспайды, гигроскопиялығы жоғары, ылғалды жақсы ұстап тұрады және ол жай буланып шығады. Мақта мата киімдерін қолданатын адамдарда синтетикалық материалдар киімін қолданатын адамдарға қарағанды ылғал жоғалтушылығы азырақ және сондай-ақ ылғал және ауа өтімділік көрсеткіштері де. Мүмкін бұл табиғи талшықты материалға қатысты кешенді ылғалдылық қасиеттерімен негізделуіне байланысты. (мысалға, жоғарғы гигроскопиялықты және капилярлықты, ылғал берушілігі төмен және т.б.)

Жазға арналған тұрмыстық киімді дайындау үшін материал таңдау кезінде олардың ылғалдылық және ауа өтімділік кешенді қасиеттеріне негізделу қажет.

Материалдың ылғалдану себебінен оның ауа өтімділігін төмендетеді және нақты жағдайдағы киімді қолдануда ағзаның жылулық жағдайын төмендетуі мүмкін. Жалпы жағдайында ≈370 (синтетикалық) және 330 (табиғи материалдар) дм3/(м2*С) ауа өтімділікке ие болатын материалдар қолданылуы қажет. Табиғи талшықтан жасалған материалдар ең жақсысы болып табылады (матадан). Киім асты вентиляциясы үшін киім құрылысы да үлкен маңызға ие. Кең пішімді киімдер ауа қабатының температурасын t0 және ылғалдылығын азайтады және тері температурасын t0 төмендетеді.

Ашық жаға, вентиляциялық құрылымдар ауа алмасуына ықпал етеді, дене бетінен ылғалдың булануын күшейтеді және ағзаның ысып кету дәрежесін төмендетеді.

Жаздыкүнге арналған жейде киімдерін дайындау кезінде 1-ші орында оның қорғаушылық қасиеттері орын алуы мүмкін, мысалға, шаққан қорғаныс мұнай өнімдерінен және т.б.

Материалдарға қорғаныс қасиеттерін беру, ережеге сай ауа және ылғал өтімділігінің көрсеткіштерін киім құрылысының жақсаруымен негізделуі қажет (киім асты кеңістігіндегі вентиляциялық ылғалдануы). Киімді үзіліссіз қолдану уақытының критериясына рұқсатталынған жылулық жағдайына сәйкестенетін адамның жылулық жағдай көрсеткіші қызмет етеді.

Ыстық цех жұмыстарына арналған жейделі киімдері материалына қойылатын талаптар орта параметрлеріне негізделген. Сонымен, аз интенсивті жылу сәулелену кезінде (шамамен 2080 Вт/(м2*С) киімді дайындау үшін металданған материалдар қажет емес, себебі жеткілікті қорғанысты қамтамасыз етеді, мысалға, мақталы мата костюмдер жүнді маталардан үстемесі бар (≈3 мм кезінде). Адамның барлық дене беті сәуле жылуының әсеріне түскен жағдайда ғана, барлығы металды материалдан жасалған костюм қажет етіледі. Ысып кетуден сақтану үшін онымен үзіліссіз қолдану уақыты лимиттелінеді, бұдан жылулық жағдайының рұқсатталған дәрежесін қамтамасыздандыру қажеттілігі.

 

 

Дебиеттер тізімі.

1. Делль Р.А. және т.б. «Киім гигиенасы» жеңіл өнеркәсіп вуздары үшін өқу құралы. /Р.А.Делль, Р.Ф.Афанасьева, З.С. Чубарова, Р.Ф. Афанасьеваның басқаруымен/. М:Легкая индустрия, 1979-144 бет.

2. Баженов В.И. «Тігін бұйымдары үшін арналған материалдар»-М:Легкая и пищевая промышленность, 1982-312 бет.

3. Пожидаев Н.Н., Д.Ф. Симоненко, Н.Г. савчук, «Киімге арналған материалдар».

-М: Легкая индустрия, 1975-224 бет.

4. Чубарова З.С. «Арнайы киімдер сапасын бағалау әдістері».-М:Легпромбытиздат, 1988-160 бет.

5. Р.Ф.Афанасьева «Суықтан қорғау үшін киімді жобалаудағы гигиеналық негізі».-М.,1973жыл.

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных