Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Леуметтік психология» пәнінен глоссарий




Авторитарлық ахуал – топқа басшылық ететін адамның автоапатиялық, авторитарлық әдістемелерді осы топ ішінде орнықтыруға күш салуы кезіндегі жалпы әлеуметтік-саяси ахуалды сипаттайды. Әлеуметтену – индивидтің қарым-қатынасы және іс-әрекеті барцысында жүзеге асатын процесс, оның әлеуметті тәжірибені игеруінің нәтижесі.

Әлеуметтік өлшем әдісі – американдық психолог және социолог ДЖ.Морено шағын топтағы адамдардың қарым-қатынастарын зерттеу үшін енгізген әдісі. Басты мақсаты – топ ішіндегі адамдардың тілегі мен мүддесін анықтау.

Әлеуметтік психология – адамдардың әлеуметтік топтарға қосылуынан туындаған мінез-құлық және қарекет заңдылықтарын, сондай-ақ осы топтардың өздерінің психологиялық сипаттамаларын зерттейтін психология саласы.

Әлеуметтік-психологиялық біліктілік – индивидтің тұлғааралық қатынастар жүйесінде өзін қоршаған адамдармен бірлесіп әрекет ете білу қабілеті.

Әлеуметтік стереотип - әлеуметтік объектінің (топ, адам) қоғамда қабылданған орнықты және үстіртеу бейнесі.

Бейресми топ – заңдық тұрғыда мәртебесі жоқ, мүдделер, достық пен симпатиялар не прагматикалық пайдалылығы негізінде ықтиярлы түрде біріккен нақты әлеуметтік қауымдастық. Бейімделу – организмнің сыртқы ортаның әртүрлі жағдайына бейімделу қабілеттілігі. Жай-күй – белгілі топ, ортаға байланысты қатынас, көңіл-күйді білдіретін ұғым.

Жеке тұлға - әр адамның қайталанбас өзіндік, тек соған ғана тән ерекшеліктерінің жиынтығы. Идентификация – бір нәрсені, біреуді тану барысында субъект объектінің сыртқы мінез-құлық нысандарын, басқа адамның ойларын, сезімдерін, әрекетін өзіне көшіруі.

Икемділік - субъектінің алған білімдері мен дағдыларының жиынтығы арқылы іс-әрекетті орындауға қатысты меңгерген қабілеті. Икемділік жаттығу арқылы қалыптасады және іс-әрекетті үйреншікті жағдайда ғана емес, сонымен қатар өзгерген жағдайларда да орындауға мүмкіндік жасайды. Имандылық - ар-ұятты, сенімді медениетті әрекетің көрінісі. Адалдық, инабаттылық, ізеттілік, ізгілік — имандылықтың белгісі. Импульсивтілік - адам мінез-құлқының ерекшелігі (орнықты нысанда мінез қыры); сыртқы ықпалдық әсерінен немесе эмоцияның әсерінен әрекет ету.

Индивид - жекелей табиғи тіршілік иесі. Ноmо sаріеns түрінің өкілі филогенездік және онтогенездік дамудың, туа біткен және жүре біткеннің біртұтастығының өнімі, тән сипатты даралық белгілердің иесі ретіндегі адам; адамзат қауымдастығының жеке бір өкілі; табиғи шектелу шеңберінен асып шыққан, құралдарды, белгілерді пайдаланатын және осылар арқылы өзінің мінез-құлқы мен психикалық процестерді меңгеретін әлеуметтік тіршілік иесі.

Индукция – жекеден жалпығы қарай жасалатын ой қорытындысы.

Интериоризация - сыртқы әрекеттің ішкі психикалық әрекетке айналу процесі. Интерорецепторлар - ішкі мүшелер мен организм ұлпаларындағы жүйкенің аяқталған бөлігі. Интероцепторлар ішкі мүшелер мен жүйкелердің іс- әрекетін рефлекторлы реттеуге және гомеостаздың тұрақтылығын ұстап тұру үшін маңызды роль атқарады.

Интроспекция - тұлғаның өзінің психикалық тәжірибесін зерттеу, ішкі жақты қарау процесі. Адамның өзінің санасының психикалық мазмұнын, ішкі әлемін зерттеу. Көшбасшы – топ ішінде мәнді жағдаяттарда топ мүшелерінің мінез- құлықтарына әсер ететін адам Латентті әлеуметтік сәйкестендіру - әлеуметтік ұйымдағы индивидтің мінез-құлқына мәнді әсер ететін әлеуметтік роль. Нақты топ – адамдардың шағын, ортақ және уақыт пен кеңістікте болатын, нақты қатынастармен біріккен қауымдастығы. Өзін-өзі бағалау – адамның өзіне сындарлы көзқараспен қарап, өз мүмкіндіктерін өмір талабына сәйкес бағдарлай білуі, өз мақсатын нақтылап, ойын түйіндей алу қабілеттілігі. Топтық шешім - топтың барлық мүшелері үшін ортақ міндетті орындау кезінде, өзара ақпарат алу жағдайында топ жүзеге асыра алатын шешімдердің баламаларының бірін таңдау. Топтық іс - әрекет – адамдардың іс - әрекетіне, топқа кіретін әлеуметтік және әлеуметтік - психологиялық феномен, қарам – қатынас нәтижесі.

Топтық пікір – қоғам мен топ үшін мәні бар және осы топтың өзара қарым – қатынасын адамгершілік нормаларына сай сұрақтар бойынша топтық бағалау.

Ұжым – бір мақсатқа бағытталған мекемелерге жұмыс істейтін адамдардың немесе білім беру орындарында оқитын оқушылардың, студенттердің тобы.

Үлкен топ - белгілі бір әлеуметтік нышандары негізінде сараланатын адамдардың сан жағынан шектелмеген шарттық қауымдастығы.

Шағын топ – ортақ мақсаттарымен не міндеттерімен біріккен, тікелей байланыстағы индивиттердің біршама шағын тобы.

Білімгерлердің өзіндік жұмыстарын орындауға бөлінген бюджет уақыты

  Өзіндік жұмыстың атауы   Сағат саны
  CӨЖ-1 Реферат жазу 2,5*2 = 5
  Конспект жасау 1*10 =10
  Тақырып бойынша тест сұрақтарын құрастыру 2*5 =10
  СӨЖ-2 Баяндама дайындау 2,5*5 =5
  Сұрақтарға жауап жазу 1*15 =15
  Мақала жазу, ппсихологиялық жағдаяттар құрастыру 2*5 =10
  Мәліметтер жинау, ақпараттар қорын жасау 5,0
  Барлығы:60 сағат

 

Студенттің аудиториядан тыс (ОБӨЖ) арналған тапсырмалар тізімі.

Модуль бойынша ОБӨЖ тақырыптары Тапсырмалар Сағат саны Тапсыру мерзімі
  Әлеуметтік психология ғылым және оқу пәні ретінде. Әлеуметтік психологияның мәртебесі мен жүйесі Конспект жасау, сұрақтар құрастыру   2апта
  Әлеуметтік психологияның генезисі мен эволюциясы. Әлеуметтік психика ұғымы Слайд жасау   5 апта
  Әлеуметтік психологияның әдіснамалық мәселелері, оның табиғаты мен динамикасы Конспект талқылау   7 апта
  Қоғамдық сана мен қоғамдық психология. Әлеуметтік психологиядағы жеке адам феномені Реферат дайындау   9 апта
  Жеке адамды әлеуметтендірудің әлеуметтік- психологиялық құрылымы, жеке адамның рухани қуаты Конспект жасау   11 апта
  Лидерлік әлеуметтік – психологиялық құбылыс ретінде Реферат дайындау   13 апта
  Үлкен әлеуметтік топтардың психологиялық механизмдері Реферат дайындау 1,5 15 апта

 

 

3. Әдебиеттер тізімі:






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных