Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Студенттердің білімдерін бағалау критерийлері




Курстық жұмыстың қорытынды бағасы мен шекаралық бақылау (үлгерім) бойынша қойылатын – 50%, 100% -ға жетілумен анықталады.

Әріптік жүйе бойынша бағалау Баллдар %-тік құрамы Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау
А цифрлық эквивалент 4,0 95-100 Өте жақсы
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89 Жақсы
В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74 Қанағаттанарлық
С 2,0 65-69
С- 1,67 60-64
Д+ 1,33 55-59
Д 1,0 50-54
F     0-49   Қанағаттанарлықсыз  

5. Курстың саясатты:

1. Аудиториядағы белсенділік, үйге берілген, өзіндік тапсырмалардың уақытында орындалуы. Сабақтан қалған күндегі тапсырмаларға Сіз жауаптысыз. Сіздерге міндетті түрде психологиялық, педагогикалық сөздіктермен де жұмыс жасап, қажетті жағдайда кейбір ұғымдарды орысшадан да аударуға тура келеді.

2. Әр сабақтың алдында Сіз лекцияның материалдарымен таныс боуыңыз қажет, өйткені сабақ сұрақ-жауаптармен өтілуі мүмкін. Лекцияның материалымен алдын-ала танысу арқылы Сіз сабақта сол алған біліміңізді тек бекітуге және түсінбеген жерлеріңізді сұрауға мүмкіндік аласыз. Оқу сабақтарында тақырып бойынша білімгерлер тарапынан сұрақ қою, жауап айтып, пікірталасқа қатысу керек. Осы тұрғыда сіздердің оқығандарыңыздан түсінгендеріңізді, оқулықпен жұмыс істегендегі ой түсініктеріңізді жазбаша, ауызша немесе тест сұрақтары бойынша алдын – ала ескерту жасамай-ақ тексеріп, оның нәтижесі қорытынды бағаға қосылады. Ол тақырыптар оқу сабақтарының кестесінде көрсетіледі.

3.Курсты оқу және меңгеру көбінесе Сіздің аудиториядағы жұмысыңызға байланысты болады. Сұрақтарды талқылаудағы белсенділігіңіз, қарастырылып жатқан мәселе бойыншы өз ұстанымыңыздың болуы, барлық тапсырмалардың дер кезінде және сапалы түрде орындалуы Сізге осы курс бойынша жоғары балл алуыңызға мүмкіндік береді.

Дискуссия – белгілі бір күрделі мәселені көпшілік болып пікірталас арқылы шешу. Оған қатысу алдын - ала тиянақты және жан – жақты дайындықты талап етеді. Сондықтан сізге дискуссияға қатысу үшін көптеген қосымша әдебиеттерді оқуға тура келеді. Дискуссия білімгерлердің көпшілік алдында сөз сөйлеу қабілетін шыңдайды, өзінің көзқарасын қорғай алу қабілетін қалыптастырады, ой - өрісін кеңейтеді.

Интерактивті сұхбаттасу – тақырып, мәселе бойынша «сұрақ - жауап» түріндегі өзара әңгімелесуі. Мұндай сұхбаттасу пікірталастыққа (дискуссияға) жақын болады, өйткені әңгіме даулы мәселенің төңірегінде жүріп отырады. Тақтаға шыққан білімгер немесе шағын топ «маман» ретінде аудитория қойған сұрақтарға жауап қайтарады. Аудитория да өз пікірін айтып отырады.

Карточка бойынша жеке жұмыс(ары қарай КБЖЖ деп жазылады): Сізге сабақта оқытушы береді және сіз оны сабақта орындайсыз. КБЖЖ- ның нөмірі бар және тапсырма саны біреуден үшеуге дейін қарастырылады, орындау уақыты – 10 минут. Карточка нөмірін және фамилияыңзды көрсетіп, таза дәптер парақтарына орындайсыз.

Білімгерлердің өзіндік жұмысы (БӨЖ) бойынша тақырыптық тапсырмақарастырылған және олардың орындалуы аудиториялық сабақтардан тыс

өткізілінеді.БӨЖ тапсырмалары шолу кестесінде көрсетілген уақыт аралығында орындалады және оқытушыға тексеруге тапсырылады. Тексергеннен соң сіз оқытушы көрсеткен уақытта қорғауыңыз керек. БӨЖ- ді қорғау міндетті.

Үй тапсырмасы (ҮТ) тек машықтану сабақтарында оқытушы береді. Үй тапсырмасы сабақ аяқталарда және жеке карточка түрінде берілуі мүмкін. Бұл тапсырманы келесі машықтану сабағына дайындап, оқытушыға тапсырасыз

Бақылау жұмысы – машықтану сабақтарында өткізіледі. Өткізу уақыты – 20 минут.

Коллоквиум - өтілген тақырыптардың теориялық материалын сіздің сұраққа жауап тапсыруыңыздан тұрады. Колоквиум ауызша түрде әрбір тараудан кейін өткізіледі.

Тақырыптық тесттер - әрбір тараудан соң қабылданады.

Қорытынды бақылау – емтихан тест түрінде өткізіледі.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных