ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Тестер және есептер 2 страница4) нәрестенің ауыз қуысындағы патогенді микрофлора; 5) ауа – тамшы арқылы түсетін инфекция.
13. Маститтің дамуына ықпал ететін факторлар: 1) қосалқы аурулар; 2) босану кезіндегі асқынулар; 3) босанғаннан кейінгі асқынулар; 4) омырауда сүттің аз болуы.
14. Инфильтративті маститтің клиникалық көріністері: 1) сүт безінің үлкеюі; 2) шекарасы айқын емес инфильтраттың түзілуі; 3) омырауда беті тегіс емес, шекарасы анық түзілістің анықталуы, 4) дене қызуының жоғарылауы; 5) интоксикация белгілері.
15. Гангренозды маститтің клиникалық көріністері: 1) омыраудың үлкеюі; 2) ісінген тері бетінде қанды- сарысулы көпіршіктердің түзілуі; 3) қабынған терінің некроздануы; 4) қабынған омырау терісі өзгеріссіз; 5) лейкоцитоздың жоғары болуы.
16. Лактостаздың еміне кіреді: 1) қалған сүтті сауып тастау; 2) омыраудың қатайған жерлерін қатты басып сүтті сауып алу; 3) баланы емізуді тоқтату; 4) анаға сұйықтық ішуді азайту; 5) омырауды көтеріңкі ұстау.
17. Серозды және инфильтртивті маститте қолданады: 1) сүтті үнемі сауып тастау; 2) антибиотиктер; 3) дезинтоксикалық терапияны; 4) ультражоғары жиілікті, ультракүлгін сәулесін қолдану (УВЧ, УФО); 5) оталау.
18. Іріңді маститтің оперативті еміне кіреді: 1) іріңдікті тіліп ашып, іріңді эвакуациялау; 2) өліеттерді кесіп алып тастау; 3) айналасындағы қабынған тіндерді кесіп алып тастау; 4) іріңді жараны тазарту; 5) дренаж арқылы үздіксіз жуу.
19. Омырау ұшы жарылғанда қолданады: 1) левомиколь майын; 2) бриллиант көгін; 3) 40-50% этил спиртін; 4) лазеротерапия; 5) синтомицин майын.
20. Мастит дамығанда лактацияны тежеуге көрсеткіштер: 1) омырау сүтінің стерилды болмауы; 2) қабыну омыраудың екі квадрантын зақымдаса; 3) антибиотиктерді параэнтералды қолданғанда; 4) созылмалы іріңді процесте; 5) флегмонозды және гангренозды маститте, омыраудың екі квадранттан көп бөліктері өліеттенгенде;
21. Созылмалы маститте жасалатын операция көлемі: 1) тек іріңді қуысты тіліп ашу; 2) омыраудың инфильтрацияланған жерлерін толық кесіп алып тастау;
22. Лактацияны азайтатын дәрілер: 1) бромокриптин; 2) парлодел; 3) эстрадиол және тестостерон; 4) диуретиктер; 5) антибиотиктер.
23. Лактациялық маститтің негізгі қоздырғышы: 1) стафилокок; 2) стрептококк; 3) көкірің таяқшасы; 4) ішек таяқшасы.
24. Лактациялық маститте операция жасау үшін қолданатын жансыздандырудың тиімді түрлері: 1) көктамыр ішілік наркоз; 2) эндотрахеялды наркоз; 3) 2% лидокаин ерітіндісімен жергілікті инфильтрациялық анестезия; 4) ретромаммарлы блокада.
25. Созылмалы маститке операция кезінде міндетті түрде жасалады: 1) регионарлы лимфа бездерін алып тастау; 2) сүт безі тіндерінен биопсия алып, гистологиялық зерттеу; 3) іріңдікті тіліп ашқаннан кейін жараны тігу.
Панариций
1. Тері панарицийінде іріңді сұйықтықтың түзілетін жері: 1) эпидермис пен дерма арасында; 2) дерма ішінде; 3) тері астында.
2. Клюшка тәрізді тілік жасалатын панариций түрі: 1) пандактилитте; 2) тырнақ фалангасының терасты панарицийінде; 3) ортанғы және негізгі саусақ фалангілерінің панарицийінде; 4) параонихияда; 5) сіңір панарицийінде.
3. Саусақ ісініп жуандаған, жартылай бүгілген, саусақты жазу әрекетінде қатты ауырады, сіздің диагнозыңыз: 1) пандактилит; 2) буын панарицийі; 3) сіңір панарицийі; 4) сүйек панарицийі; 5) теріасты панарицийі.
4. Тырнақ айналасындағы тіндер ісінген, көтерілген. Бұл көрініс тән: 1) тырнақасты панарицийіне; 2) буын панарицийіне; 3) сүйек панарицийіне; 4) сіңір панарицийіне; 5) паронихияға.
5. Саусақ қатты ісінген, терісі көкшіл-қызғылт түсті, жыланкөздерден аздап сұйықтық бөлінеді, грануляциялары әлсіз, өсуі баяу. Бұл көрініс тән: 1) теріасты панарицийіне; 2) сіңір панарицийіне; 3) сүйек панарицийіне; 4) буын панарицийіне; 5) пандактилитке.
6. Панарицийдің беткейлі түрлері: 1) сіңір панарицийі; 2) тері панарицийі; 3) теріасты панарицийі; 4) тырнақ айналасының панарицийі (параонихия); 5) тырнақасты панарицийі;
7. Панарицийдің терең түрлері: 1) сүйек панарицийі; 2) буын панарицийі; 3) сіңір панарицийі; 4) теріасты панарицийі; 5) пандактилит.
8. Тері панарицийіне ұқсас келеді: 1) эризипелоид (шошқа тілмесі); 2) «запонка тәріздес» абсцесс; 3) бурсит.
9. Тері панарицийі операциясында жансыдандыру түрі: 1) жергілікті жансыздандыру; 2) Лукашевич-Оберст тәсілімен; 3) жансыздандыру жасалмайды.
10. Тері панарицийі операциясында іріңдікті тілу: 1) Клапп бойынша тілу; 2) клюшка тәріздес тілу; 3) көтерілген эпидермисті кесіп алып тастау.
11. Инфекция теріасты панарицийінде таралады: 1) буынға; 2) сіңір қынаптарына; 3) сүйекке; 4) теріге.
12. Панарицийді консервативті емдеудің жалпы принциптері: 1) терең орналасқан түрлерінде саусақты иммобилизациялау; 2) физиотерапиялық ем; 3) сүйек және буын панарицийінде рентгенотерапия; 4) панарицийдің барлық түрлерінде антибактериалды терапия жүргізу; 5) терең орналасқан түрлерінде антибактериальды терапия жүргізу;
13. Тырнақ фалангасының теріасты панарицийінде жасалатын тіліктер: 1) доғал (в форме рыбьей пасти); 2) жартылай доғал(клюшка тәріздес); 3) тек саусақтың сыртынан; 4) тікелей іріңдік үстінен.
14. Сіңір панарицийіндегі саусақтың пішіні; 1) сосиска тәріздес; 2) пішіні өзгеріссіз; 3) түйрегіш тәріздес; 4) ұршық тәріздес; 5) жартылай бүгілген.
15. Сіңір панарицийінде пальпация жасалады: 1) саусақты саусақпен; 2) саусақты зондпен.
16. Сіңір панарицийінде, саусақты пальпациялауда ауырсыну сезімі анықталады: 1) саусақтың бүйірлерінде; 2) ауырған саусақтың сіңір қынабының бойымен; 3) негізгі фалангадағы ауырсыну алақан ортасына тарайды; 4) ауырсыну саусақ сыртында анықталады.
17. Сіңір панарицийінде жасалатын операциялық тілік: 1) Клапп тәсілімен; 2) доғалдап тілу; 3) жартылай доғал.
18. Сіңір панарицийінде жасалатын тіліктің тереңдігі: 1) теріні кесу; 2) терімен теріасты майын; 3) фалангааралық буынды тіліп ашу; 4) теріні, теріасты майын, сіңір қынабын.
19. Буын панарицийінде аныталады: 1) буынның қатты ісінуі, ауырсынуы; 2) буын пішінінің ұршық тәріздес болуы; 3) буында сықырлау (крепитация), патологиялық қозғалыстың анықталуы; 4) ауырған саусақтың біркелкі үлкеюі; 5) буынды рентгендік зерттеуде, буын қуысының тарылуы.
20. Буын панарицийінің бастапқы кезеңінде жүргізілетін ем: 1) буынды күнделікті пункциялап, жуу; 2) антибактериалды терапия; 3) буынды тіліп, дренаждау; 4) радикалды операция жасау.
21. Буын панарицийінде, буындағы сүйек бастары деструкцияланғанда жасалады: 1) буынға резекция жасау, артродезбен (буын анкилозы) аяқтау; 2) буын пункциясы; 3) рентгенотерапия.
22. Сүйек панарицийінің негізі локализациясы: 1) тырнақ фалангасы; 2) негізгі фаланга; 3) ортанғы фаланга.
23. Біріншілік сүйек панарицийінің алғашқы белгілерінде жүргізілетін ем: 1) жгут салынып, антибиотиктерді регионарлы көктамырға енгігу; 2) рентгенотерапия; 3) иммобилизация; 4) антибиотиктерді эндолимфалық енгізу; 5) сүйекке резекция жасау.
24. Буындағы сүйек бастары секвестрленген (өліеттенген) екіншілік сүйек панарицийінде жүргізілетін ем: 1) саусақ фалангасына ампутация жасау; 2) саусақ фалангасын секвестрлермен грануляциялардан тазарту; 3) зақымдалған сүйекке резекция жасау; 4) саусаққа ампутация жасау.
25. Саусақтың барлық тіндерінің іріңді қабынуы: 1) тоталды панариций; 2) пандактилит; 3) эризипелоид.
26. Пандактилитті емдеу тәсілдері: 1) жгут салынып, цефалоспориндердің жаңа түрлерін регионарлы артерияларға енгігу; 2) рентгенотерапия; 3) саусақтың бойымен терең тіліп іріңдіктерді ашу; 4) саусаққа ампутация жасау.
27. Пандактилиттегі саусақтың өзгерістері: 1) саусақтың өте үлкеюі; 2) цианозы; 3) іріңді-некрозды жыланкөздердің дамуы; 4) тек тырнақ фалангасының деформациясы.
28. Алақан абсцесінің жиі кездесетін асқынуы: 1) комиссуралды флегмона; 2) тенар флегмонасы; 3) U тәрізді флегмона.
29. Панарицийде «ұйқысыз өткен бірінші түн» симптомы оң болғанда: 1) іріңдікті тіліп ашуға көрсеткіш; 2) аналгетик жасалып, консервативті емді жалғастыруға көрсеткіш;
30. Суйек-буын панарицийінде ең тиімді антибиотик: 1) линкомицин; 2) пенициллин; 3) тетрациклин.
31. Алақан жастықша тәріздес ісінген, кол ұшының I, V -саусақтары жазылмайды. Бұл симптомдар тән: 1) алақанның орталық майлы клетчаткалы кеңістігі флегмонасына; 2) гипотенар флегмонасына; 3) U тәрізді флегмонаға.
Остеомиелит
1. Гематогенді остеомиелиттің дамуына ықпал ететін факторларды атаңыз: 1) аллергия; 2) ағзада жедел және созылмалы қабыну ошақтарының болуы; 3) аутосенсибилизация; 4) қобалжу; 5) сүйек жарақаты.
2. Гематогенді остеомиелиттің рентгендік зерттеуде көрінетін алғашқы белгілері: 1) сүйек құрылымында жұқару және тығыздалу ошақтарының анықталуы; 2) сүйек контурларының желінуі; 3) сүйек қабының қалыңдауы; 4) сүйек қабының сүйектен бөлінуі (отслойка); 5) секвестрлердің пайда болуы.
3. Созылмалы остеомиелитте қолданатын радикалды операциялар және операциялық тәсілдер: 1) патологиялық грануляциялардан тазарту; 2) жыланкөздерді сылып алып тастау; 3) тек секвестрэктомия; 4) секвестрлі қорапшаларды ашып, оларды үздіксіз жуу; 5) сүйектің өзгерген жерлерін остеотомия жасап, санациялау.
4. Гематогенді остеомиелиттің асқынулары: 1) артрит; 2) патологиялық сынықтар; 3) патологиялық шығулар; 4) жалған буын; 5) сепсис.
5. Созылмалы гаматогенді остеомиелиттің асқынулары: 1) ішкі мүшелердің амилоидозы; 2) жалған буын; 3) патологиялық сынық; 4) сепсис; 5) патологиялық шығу.
6. Созылмалы остомиелиттің негізгі клиникалық, рентгенологиялық белгілері: 1) рецидив беруі; 2) сыртқы жыланкөздер; 3) сүйек секвестрлері; 4) сүйек қабының сүйектен бөлінуі (отслойка); 5) оссифицирленген периостит.
7. Гарре остеомиелитінің рентгенологиялық белгілері: 1) сүйектің ұршық тәріздес деформациясы; 2) сүйек контурларының желінуі; 3) остеопорозды ошақтармен қатар сүйектің остеосклерозы; 4) секвестрлі қорапшалардың болуы; 5) оссифицирленген периостит.
8. Жедел гематогенді остеомиелитте қабыну процессіне қамтылатын морфологиялық құрылымдар: 1) жілік майы; 2) сүйектің кемікті және тығыз бөлігі; 3) сүйек қабы; 4) сүйек айналасындағы жұмсақ тіндер; 5) регионарлы лимфа бездері.
9. Жедел гематогенді остеомиелит басталғанда, бірінші аптадағы клиникалық көріністері: 1) қол-аяқтың бойымен абайлап соққылағанда (өкшеден, тізеден, шынтақтан) қабыну ошағында ауырсынудың сезілуі; 2) қабыну ошағының үстіндегі жұмсақ тіндердің ісінуі, ауырсынуы; 3) палпациялауда жергілікті ауырсыну; 4) қол-аяқтың мәжбүрлік бүгілуі; 5) лейкоцитоз.
10. Созылмалы гаматогенді остеомиелиттің рентгенологиялық белгілері: 1) оссифицирленген периостит; 2) сүйек қуыстарының пайда болуы; 3) сүйек қабының сүйектен бөлінуі (отслойка); 4) сүйек контурларының желінуі; 5) секвестрлердің болуы.
11. Жедел гематогенді остеомиелитте рентгендік белгілерінің пайда бола бастау мерзімі: 1) 1 – 7 тәулікте; 2) 10 – 14 тәулікте; 3) 21 -30 тәулікте.
12. Жедел гематогенді остеомиелитте қабыну бірінші болып басталатын сүйектің бөлігі: 1) жілік майы (костный мозг); 2) сүйек қабы; 3) сүйектің қатты бөлігі; 4) сүйек кемігі.
13. Остеомиелитте іріңдіктің сүйекқабы астына таралғанда (субпериосталды абсцесс) жүргізілетін хирургиялық іс шаралар: 1) жұмсақ тіндерді тілу; 2) қабынған тұстан сүйекқабын тіліп ашу; 3) остеоперфорация; 4) қабынған сүйек каналын антисептиктермен үздіксіз жуу; 5) секвестрэктомия.
14. Рентгендік зерттеуде сүйекқабының сүйек бетінен көтерілгені (отслойка) ол: 1) сүйек майының (костный мозг) ісінуі; 2) сүйекқабы астындағы абсцесс; 3) бұлшықет аралық флегмона; 4) периостит.
15. Гематогенді остеомиелиттің токсикалық түрінің клиникалық белгілері: 1) аяқ астынан басталуы; 2) сандырақтау; 3) дене қызуының өте жоғары болуы; 4) жергілікті белгілердің болмауы; 5) жергілікті белгілердің айқын болуы.
16. Сүйектегі патологиялық қуыс «секвестралды қорапша» деген ол: 1) қуыс шеттері склерозданған; 2) қуыс ішінде патологиялық грануляциялар; 3) қуыс ішінде ірің; 4) қуыс ішінде секвестрлер; 5) сүйек қабының сүйектен бөлінуі (отслойка).
17. Сүйекішілік Броди абсцесінің рентгенологиялық көріністері: 1) жілік метафизіндегі қуыс; 2) көптеген сүйек қуыстары; 3) жілік метафизіндегі қуыс айналасында склерозды зонаның болуы; 4) айқын оссифицирленген периоститтің болуы; 5) нәзік периосталды реакцияның болуы.
18. Остеомиелит басталғаннан кейін секвестрлердің қалыптасу мерзімі: 1) 7 – 10 күн; 2) 2 – 3 апта; 3) 1 ай немесе одан да кеш.
19. Сүйекішілік Броди абсцесінде жасалатын операциялық іс-әрекеттер: 1) сүйек қуысына трепанация жасау; 2) абсцессэктомия; 3) қуысты қырып тазалау; 4) секвестрэктомия; 5) патологиялық қуысты антисептиктермен үздіксіз жуу.
20. Гарре остеомиелитінің консервативті емі: 1) линкомицин; 2) фузидин; 3) пенициллин; 4) ультражоғары жиілікті (УВЧ) сәулелендіру; 5) жыланкөз өзектерін жуу.
21. Сүйек айналасына іріңді қабынудың таралуын атайды: 1) субпериосталды абсцесс; 2) параоссалды флегмона;
22. Жедел гематогенді остеомилитте антибактериалды терапияны жүргізу ережесі: 1) кең спектрлі антибиотиктердің таблеткаларын орташа терапевтік дозасымен емдеу; 2) кең спектрлі антибиотиктердің орташа терапевтік дозасын параэнтералды енгізу; 3) кең спектрлі антибиотиктердің ең жоғары терапевтік дозасын параэнтералды енгізу; 4) бактерицидті, остеотропты, «антистафилококкты» антибиотиктердің ең жоғарғы тәуліктік дозасын тағайындау.
23. Жедел гематогенді остеомиелитте қатты ауырсынудың себебі: 1) микробтар экзотоксиндерінің сүйек қабына әсер етуі; 2) сүйекішілік қысымның жоғарылауы; 3) қандағы кальций деңгейінің өсуі.
24. Жедел гематогенді остеомиелит диагнозын қоюда өте маңызды: 1) ерте пайда болатын жергілікті белгілерді анықтау; 2) ауыр интоксикация және гипертермия; 3) нейтрофилды лейкоцитоз; 4) флюктуацияның болуы.
25. Секвестр- бұл: 1) бөлектенген некрозданған сүйек фрагменті; 2) калцийленген сүйек фрагменті.
Перитонит
1. Перитонит патогенезінің ерекшелігі: 1) қабынудың ауқымдылығы; 2) асқорыту жүйесінің салдануы; 3) ішкі органдарда токсикалық өзгерістердің орын алуы; 4) ішастары арқылы ағзаға бактериалды токсиндердің сорылуы; 5) ішектен ағзаға бактериалды токсиндердің сорылуы.
2. Ішастарында қабыну үрдісі дамиды: 1) қабынудың ішастарына тікелей мүшелердің серозды қабатынан таралуы; 2) іш қуысының өтпелі жараларында; 3) паренхиматозды мүшелердің жыртылуында; 4) қуысты мүшелердің анастамозының жіптері сөгілгенде; 5) ішек қабырғаларының өтімділігі жоғарлағанда.
3. Перитониттің кезеңдері: 1) паралитикалық; 2) токсикалық; 3) тоталды-жайылған; 4) полиоргандық жетіспеушілік; 5) транссудатты; 6) реактивті.
4. Перитонит диффузды деп аталады: 1) қабыну 1 анатомиялық аймақты қамтыса; 2) қабыну 3 анатомиялық аймақты қамтыса; 3) қабыну 4 анатомиялық аймақты қамтыса; 4) қабыну 5, одан да көп анатомиялық аймақты қамтыса.
5. Жайылған перитониттің бегілері: 1) тамыр соғысының жиі және әлсіз болуы; 2) іштің бұлшықетінің қатаюы; 3) іштің кебуі; 4) іштің ойпат жерлерінде сұйықтықтың түзілуі; 5) дене қызуының жоғарылауы.
6. Перитониттің токсикалық кезеңінің клиникалық көріністері: 1) іштің кебуі; 2) қан қысымының төмендеуі; 3) жиі, әлсіз пульс; 4) құсу, шөлдеу; 5) ентігу; 6) перистальтиканың анықталмау
7. Перитонитте жедел операция жасауға қарсы көрсеткіштер; 1) жедел инфаркт; 2) қосалқы жарақатта дамыған ауыр жарақаттық шок; 3) науқастың агонияға түсуі; 4) операциядан кейінгі перитонит; 5) қарсы көрсеткіштер жоқ.
8. Жайылған перитонитте міндетті түрде жасалады: 1) перитониттің көзін жою; 2) іш қуысын санациялау, дренаждау; 3) су-электролиттік бұзылыстарды реттеу; 4) антибактериалды терапияны жүргізу; 5) дезинтоксикациялық терапияны жүргізу.
9. Перитониттің клиникалық ағымына қарай жіктелуі: 1) аэробты, анаэробты; 2) инфекциялы, абактериалды; 3) жедел, созылмалы; 4) өтті, зәрлі, нәжісті; 5) серозды, фибринозды, іріңді, шірікті.
10. Перитонит жайылуына байланысты бөлінеді: 1) жеңіл, орташа, ауыр; 2) қалталанған, жайылған; 3) жергілікті, диффузды, жалпы; 4) 1-сатысы, 2-сатысы, 3-сатысы; 5) ішастарының бетінде, іш қуысында, ішастарының сыртында.
11. Перитонитке тән: 1) брадикардия; 2) іштің ауырмауы; 3) анизокория; 4) қан қысымының жоғарылауы; 5) бет терісінің сұр топырақ тәріздес болуы.
12. Перитонитте хирургтың тактикасы: 1) күтіп, жоспарлы операция жасау; 2) жедел операция жасау; 3) консервативті емдеу; 4) барокамерада емдеу, антибииотиктер беру; 5) гемосорбция және антибиотикотерпия.
Плеврит
1. Іріңді плевритке жатпайтын патологияны атаңыз: 1) плевра эмпиемасы; 2) висцералды және париеталды плевраның шектелген қабынуы; 3) висцералды және париеталды плевраның диффузды қабынуы; 4) пиоторакс; 5) өкпедегі іріңдік.
2. Іріңді плевриттің емі басталады: 1) плевра қуысын дренаждаудан; 2) жасанды пневмоторакс салудан; 3) гирудинотерапиядан; 4) оңқа төңкеру, қышақағаз қолданудан; 5) протеолиттік ферменттерді трахея куысына енгізуден.
3. Жедел іріңді плевриттің белгілері: 1) тыныш отырғанда ентігу; 2) дене қызуының көтерілуі; 3) плевра қуысында сұйықтықтың анықталуы; 4) кеуденің ауырсынуы; 5) көкірекаралығының ауырған жаққа ығысуы.
4. Өкпе абсцесі жарылып, плевра қуысына ірің, ауа жиналса: 1) кеуденің қатты ауырсынуы; 2) қатты жөтелу; 3) беткейлі тыныс алу; 4) тахикардия; 5) өкпенің, көкірекаралық мүшелердің сау жаққа ығысуы.
5. Жедел плевра эмпиемасының нәтижелі емі: 1) протеолиттік ферменттерді трахея куысына енгізу. 2) торакотомия, плеврэктомия; 3) плевра қуысын Бюлау тәсілімен дренаждау; 4) плевра қуысын дренаждау, белсенді аспирациялау; 5) плевра қуысын пункциялау, күнделікті іріңді аспирациялау.
6. Іріңді плевритте сұйықтықты анықтаудағы негізгі тәсіл: 1) кеудеге рентгенография жасау; 2) компьтерлік томография; 3) плевра пункциясы; 4) ультрадыбыстық зерттеу.
7. Пиоторакстің анықтамасы: 1) плеврапневмония; 2) қабырғааралық невралгия; 3) кеуденің флегмонасы; 4) плевра қуысында іріңді экссудаттың жиналуы; 5) өкпенің іріңдіктері.
8. Плевриттің жергілікті клиникалық белгілері: 1) преркуторлы дыбыстың даңғырап шығуы; 2) перкуторлы дыбыстың қатаюы, тұйықтығы; 3) везкулярлы тыныс алудың әлсіреуі; 4) палпация кезінде дыбыс дірілінің күшеюі; 5) кеуденің ауырсынуы, жөтелу Сепсис 1. Жоғарғы температура, қалтырау, бактериемия, тершеңдік, жүдеу сепсиске: 1) тән; 2) тән емес.
2. Хирургиялық сепсистің қоздырғыштары: 1) ішек таяқшасы; 2) гемолитикалық срептококк; 3) алтын түсті стафилококк; 4) протей; 5) көкірің таяқшасы.
3. Хирургиялық сепсис дамуда инфекция көздері: 1) терең күйіктер; 2) жабық сынық; 3) жаралар; 4) бет карбункулы; 5) перитонит.
4. Сепсистің клиникалық жіктелуіне қатысты: 1) жедел; 2) найзағай тәріздес; 3) рецидивті; 4) оперциядан кейіңгі; 5) криптогенді.
5. Сепсисте қолданылмайтын емдік шаралар: 1) іріңдікті тіліп ашу; 2) антибиотиктерді енгізу; 3) сұйқтықты құюды азайту; 4) қан құю; 5) витаминотерапия.
6. Аталған ауруларда сепсис жиі дамиды: 1) қант диабеті; 2) артериалды гипертония; 3) акромегалия; 4) бронх демікпесі; 5) кардиосклероз. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|