ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Тестер және есептер 4 страницаСіздің диагнозыңыз, емдеу тактикаңыз?
№14. 65 жастағы науқас оң иық буынының ауырсынуына, дене қызуының 40°С көтерілуіне, қалтырап тоңуына шағымданып, үйіне учаскелік дәрігерді шақырды. 2 апта бұрын осы буынына гидрокортизон суспензиясын салдырғаннан кейін аталған шағымдар пайда болған. Өзі үйде емделген: буынға компресс қойған, ауырсынуды басатын дәрілер ішкен, нәтиже болмаған. Науқастың жағдайы орташа ауырлықта. Тамыр соғу жиілігі мин. 96 рет. Оң қолын денесінен алшақтау, көтеріп ұстайды. Буын қатты ісінген, жергілікті температура жоғары, қол қозғалтпай, қатты ауырады. Сіз учаскелік дәрігер ретінде қандай диагноз қоясыз, қандай іс-әрекет жасайсыз? Науқасқа жүргізетін қосымша зерттеулер, ем?
№15. 54 жастағы науқасқа, оң жақ өкпе рагі ауруына байланысты, пульмонэктомия операциясы жасалған. Операциядан кейін 10 күн жақсы болған жағдайы, төмендей бастаған: әлсіздік, кеудесінің ауырсынуы, дене қызуының тәулігіне бірнеше рет 40°С. дейін көтерілуі. Тамыр соғу жиілігі- мин. 112-120 рет. Тыныс алу - мин. 26 рет, акроцианоз. Қан анализінде лейкоцитоз, лейкоцитарлық формуланың солға жылжуы, нейтрофилдердің токсикалық өзгеруі. Кеуде рентгенограммасында сұйықтық деңгейі 7-ші қабырғаға дейін. Науқастың операциясы немен асқынды? Емдеу тактикасы қандай?
№16. 59 жастағы науқас, аудандық ауруханада пневмониямен асқынған, жабық кеуде жарақаты, оң жақ 7-9-қабырғалардың сынуы диагнозымен емделген. Жағдайының нашарлауына байланысты қалалық хирургия клиникасына ауыстырылды. Түскен кезде кеуденің ауырсынуы, тоңып қалтырауы, әлсіздік, тершеңдікке шағымданады. Ақырғы күндерде жөтелмен, тәулігіне 300 мл-дей сары-жасыл түсті, тәттілеу иісті қақырық бөлінеді. Жағдайы ауыр, тері жабындысы бозарған. Дене қызуы 38-39°С. Тамыр соғысы мин.100-116 рет. Оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде перкуторлы тұйық дыбыс анықталады. Аускультацияда тыныс алу әлсіреген, кейде ылғалды сырыл естіледі. Қан анализінде: лейкоцитоз, лейкоцитарлық формуланың солға жылжуы, ЭТЖ-58 мм/сағ. Науқасты клиникаға қандай асқынумен ауыстырды? Диагнозды анықтауда қандай қосымша зерттеулер қажет? Науқасты емдеу тактикасы?
№17. 7 күн бұрын флегмонозды аппендицитке аппендэктомия жасалған ер адамда, дене қызуы көтерілген. Ауызының құрғауы, зәр шығару соңында ауырсыну, үнемі үлкен дәрет келу сезімі мазалайды. Операциялық жара ауырмайды. Пульс - мин. 108 рет. Өкпесінде везикулярлы тыныс. Тілі құрғақ, іші дұрыс пішінді, тыныс алуға қатысады. Іш пальпациясы: жұмсақ, төменгі бөлігінде ауырсыну. Щеткин-Блюмберг симптомы теріс. Қан анализінде: лейкоцитоз-17,2×109/л, таяқшаядролық нейтрофилдер-8%, ЭТЖ-30 мм/сағ. Жарада қабыну белгілері жоқ. Өкпенің рентгендік зерттеуінде өзгеріссіз. Науқаста қандай асқыну орын алған? Қосымша қандай зерттеулер қажет? Емі қалай?
№18. 47 жастағы науқас К. ішінің ауыруына, жүрек айнуына шағымданады. 3 сағат бұрын мас күйінде құлап ішімен соғылған, «жедел жәрдем» шақыртпаған. 12 сағаттан кейін шыдай алмағандықтан ауруханаға жеткізілген. Тексеру кезінде, науқас оң жақ қырында, аяқтарын ішіне тартып, қозғалмай жатыр. Тамыр соғысы- мин. 100 рет. АҚҚ - 115/80 мм. с.б. б. Тілі құрғақ, кір-сұр түсті жабындымен жабылған. Іші тыныс алу актісіне қатыспайды, бұлшықеттері қатайған. Саусақ ұштарымен абайлап перкуссялағанда, ішінің ауырсынуы күшейе түседі. Щеткин-Блюмберг симптомы оң, ішек перистальтикасы мүлде естілмейді («симптом гробовой тишины»). Сіз кезекші хирург ретінде науқасқа қандай диагноз қояр едіңіз? Емдеу тактикаңыз? Бірден операцияға аласызба? Науқасты операцияға қалай дайындайсыз?
№19. 18 сағат бұрын дамыған, жедел перитонитпен науқасқа операция жасау кезінде себебі анықталды: Тоқішек ректосигмоидалды бөлігінің қатерлі ісігінің перфорациясы. Іш қуысында көп мөлшерде, нәжіс иісті сұйықтық анықталды. Ісік айналасындағы мүшелер, тіндермен жабыспаған. Бауырда, ішек шажырқайларында рак метастазы жоқ. Ішастарында гиперемия, ұсақ қанталау. Жіңішке ішек ілмектері кеңейген, қабырғалары ісінген. Беттері фибринмен жабылған, перистальтика жоқ. Электрсорғышпен іш қуысы құрғатылды. Осы перитонит көріністерінде хирургтың тактикасы қандай?
№20. 84 жастағы науқас, ішінің тұтас, қатты, тұрақты ауыруына шағымданып хирургия бөліміне түсті. Іші 3 күн ауырады, ауырсыну эпигастрий аймағынан басталған. Бір тәулік бұрын бір рет құсқан, үлкен дәретке отырған. Тілі құрғақ, бетінде жабындылар. Іші кепкен, қатайған, тұтас ауырғанымен оң жақ бүйірінде ауырсыну қаттырақ. Перкуссия-тимпанит, бауыр тұйықтығы сақталған. Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Перистальтика естілмейді. Қанның анализі: лейкоциттер-18,1×109/л, таяқшаядролық-10%, сегментядролық-70%, лимфоциттер-18%, моноциттер-2%, ЭТЖ-16 мм/сағ. Іштің шолу рентгенограммасында бос ауа, «Клойбер тостағаншалары» жоқ, жіңішке ішектерде пневматоз анықталады. Сіздің болжам диагнозыңыз және емдеу тактикаңыз?
№21. Үйінде 5 күн ауырғаннан кейін, хирургия бөліміне науқас қабылданды. Түскендегі диагнозы: аппендикулярлы инфильтрат. Консервативті ем жүргізу нәтижесінде жағдайы жақсара бастады, лейкоцитоз, дене қызуы төмендеді. 6-шы тәулікте кенеттен науқастың іші қатты ауырып, температурасы көтерілді, тамыр соғысы жиіледі. Тілі құрғап, бір рет құсты. Тексергенде: іші кепкен, тыныс алу актісіне толық қатыспайды. Щеткин-Блюмберг симптомы оң, лейкоцитоз 9,8×109 /л-ден 16,7×109/л дейін өсті. Науқаста қандай асқыну дамыды? Сіздің тактикаңыз? Дәке тампондарын қолдануға кандай көрсеткіштер бар? ПАНАРИЦИЙ №22. Оң қолдың, 2-ші саусағының қатты солқылдатып ауыруына шағымданып, хирургтың қабылдауына әйел науқас келді. 4 күн бұрын балық тазалау кезінде, саусағын балық сүйегімен жаралап алды. Саусағы ауырғанынан екі түн ұйықтай алмады. Саусақтың тырнақ фалангасы ісінген, пальпациялағанда алақан беті қатты ауырады. Буынаралық қимыл шектелген, қолтықасты бездері ауырмайды. Қандай диагноз қоясыз? Емханада көрсетілетін ем?
№23. Ауырғанына 22 күн болған, 34 жастағы ер адам хирургиялық инфекция бөліміне қабылданды. Түскен кездегі шағымдары: оң қолының II саусағының ауырсынуы. Емханада, ауру басталғаннан кейін 8-тәулікте, саусақтың теріасты панарицийіне операция жасалған. Операциядан кейін саусақты марганцовка, ас тұзы ерітінділеріне салып, антисептиктермен жуып, стрептомицин, Вишневский майларымен таңу салынған. УЖЖ (УВЧ) терапия жүргізілген. 2 апта жүргізілген ем айтарлықтай нәтиже бермеген. Саусақтың тырнақ фалангасы түйрегіштің басы сияқты жуандаған. Операциядан кейінгі жарада гипергрануляция байқалады, болар-болмас серозды-іріңді сұйықтық бөлінеді. Науқас стационарға қандай асқынумен түскен? Диагнозды нақтылау үшін қосымша қандай зерттелер жүргізу керек?
№24. Ауруханада жатқан науқастың сол қолы, III саусағының көлемі үлкейіп, пішіні өзгерген. Буындарында қимыл жоқ, көптеген жыланкөздерден ірің, сүйек секвестрлері, сіңір өліеттерінің бөліктері шығады. Саусақ терісі некрозданған. Рентгендік зерттеуде саусақ сүйектері деструкцияланған. Науқаста қандай ауру? Қандай ем қолданасыз?
№25. Тырнақ айналасы тіндерінің ауырсынуына, ісінуіне, қызаруына шағымданып емханаға науқас әйел келді. III саусақтың тырнақ маңының тіндерінде ісіну, гиперемия, флюктуация анықталады. Ауру маникюрден кейін, келесі күні пайда болды. Науқаста қандай ауру дамыды, емі қалай?
№26. 7 жасар бала 2 күн бойы басы ауырады, дене қызуы 40°С дейін көтеріліп, сандырақтай бастады. Жедел-жәрдем педиатры тексергенде: тамыр соғысы мин 128 рет, тыныс алуы мин 28 рет, аускультация - өкпенің төмен бөлігінде құрғақ және ылғалды сырыл естіледі. Пальпация – іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыр, көкбауыр ұлғаймаған. Оң жақ санның төменгі 1/3 бөлігін пальпациялағанда ауырсыну анықталады. Педиатр «жедел респираторлы вирусты инфекция» диагнозын қойып, соған сәйкес ем тағайындаған. Сіздің болжам диагнозыңыз? Қандай тактика қолданасыз?
№27. Оң аяқ, тізеден төмен бөлігінің ауырсынуы, ісінуі, дене қызуының 38°С көтерілуіне шағымданып, хирургия бөліміне 35 жасар ер адам түсті. 12 ай бұрын балтыр сүйектерінің ашық сынықтарымен емделген (басында аяққа өкшеден қаңқалы созу, соңынан гипс салынған). Науқасты тексергенде: оң аяқ, тізеден төмен бөлігі ісінген. Алдыңғы-латералды бетінде гиперемия, жұмсақ тіндердің инфильтрациясы, қатты ауырсынуы, флюктуация симптомы оң. Науқаста қандай ауру болуы мүмкін? Диагнозды анықтау үшін қандай зерттеулер қажет? Жүргізілетін ем?
№28. Науқаста сол жақ аяқ ортан жілігінің созылмалы, оқ-дәрілік остеомиелиті жыланкөзбен асқынған. Жабылмай жүрген жыланкөздің себебін анықтау үшін қандай зерттеулер жүргізу керек? Емдеу тактикасы?
№29. Дәрігерлік кеңес отырысында, оң аяқ ортан жілігінің созылмалы остеомиелитімен ауыратын, 23 жасар науқастың сырқатнамасы талқыланды. Рентгенограммада сүйектің төменгі метафизінде, диаметрі 1,5 см. секвестр бар қуыс көрінеді. Науқасқа операция тағайындалды. Секвесртэктомия операциясынан кейін, санацияланған сүйек қуысын немен толтырған (пломбировка) жөн?
№30. Перзентханадан шығарылған нәрестенің жағдайы 3 аптадан бері нашарлай түсуде. Бала әлсіз, мазасыз, омырауды ембейді, салмақ қоспаған. Тері жабындысы бозғылт-сұр түсті, акроцианоз. Емген сүтін жиі құсып тастайды. Дене қызуы 37,6- 37,9° С. Іші жұмсақ, пальпация кезінде мазасызданбайды. Кіндік бетінде іріңді, бозғылт түсті жара, грануляция өте баяу. Учаскелік педиатр ретінде балада қандай ауру деп ойлайсыз? Тактикаңыз қандай?
№31. 22 жастағы әйел, 8 күн бұрын криминалды аборттан 2 күннен кейін, дене қызуы көтеріліп (38-40ºС), тоңып қалтырайтын болды, іштің төменгі бөлігі сыздап ауыра бастады. Жыныс жолдарынан қан аралас бөліністер барын байқады. Жағдайы нашарлауына байланысты, жедел медициналық көмек бригадасын шақыртты. Дәрігерлік тексеру кезінде, науқастың жағдайы ауыр, тері-түсі бозарған. Көзі сарғая бастаған, тамыр соғысы мин. 124 рет, ырғақты, толымдылығы әлсіз. Тілі құрғақ, бетінде жабындылар. Іші жұмсақ, төменгі бөліктерінде ауырсыну анықталады. Ішастарының тітіркену симптомдары айқын емес. Жедел жәрдем дәрігері ретінде қандай диагноз қоясыз, іс-әрекетіңіз?
№32. 44 жастағы ер адам, оқыстан ашық канализацияға құлаған. Оң аяқ балтырының төменгі 1/3-ің сүйектері ашық түрде сынған. Хирургия бөлімінде аяқ жарасына біріншілік хиругиялық тазарту жасалып, тігіс салынған. Сынған сүйектерді орнына салу мақсатында, скелетті созу тәсілі қолданған. 2-күннің кешінде науқас мазасыздана бастаған. Жарасы қатты керіп, ауырған. Жараға салынған таңғыш аяқты қыса бастаған. Науқаста екі тәулік бойы субфебрильді температура. Науқастың жарасында қандай асқыну дамуы мүмкін? Сіз ойлаған асқынудың белгілерін атаңыз.
№33. Хирургия бөліміне, оң аяқтың негізгі ірі қантамырлары және нервтері зақымдалған науқас түсті. Кезекші хирург тексергенде, жарақаттанған аяқта асқыған газды гангренаның дамығаны анықтады. Науқасқа қандай операция жасау қажет? Қосымша ем жүргізу керек пе?
№34. Науқас саяжайда қолқапсыз, оң қолының III саусағын абайсызда кіші-кірім жаралап алды. 5 күннен кейін температурасы көтеріліп, қолдың бұлшықеттері ауырды. Жұтыну, тамақ шайнау қиындады, жақ бұлшықеттері тырысып, сардоникалық күлкі симптомы орын алды. Науқаста қандай асқыну дамыды? Сіздің іс-әрекетіңіз? №35. Аудандық аурухананың қабылдау бөліміне, 6 сағат бұрын үйінде босанған әйел нәрестесімен жеткізілді. Ана және нәрестенің жағдайлары қанағаттанарлық. Сіз гинеколог дәрігер ретінде, ана мен балаға жедел түрде, сіреспеге қарсы сарысу тағайындайсызба?
№36. 30 жасар науқасқа аппендэктомия операциясы жасалды, соқыр ішектің құрт тәрізді өсіндісі гангренозды өзгерген. Операциядан кейін, іш қуысы түзілген экссудаттан құрғатылды. Экссудат бактерилогиялық зерттеуге жіберілді. Операция соңында іш қуысына түтікше дренаж қойылды, жараға тігіс салынды. Осы науқасқа жедел түрде сіреспеге қарсы, арнайы сарысу егіле ме?
№37. Аурухананың қабылдау бөлімшесіне, кеуде омыртқаларының ауырсынуына шағымданып науқас жеткізілді. Үйінде 1 сағат бұрын төсектен құлаған. Анамнезінде өкпе туберкулезімен ауырады. Кеуде омыртқаларының рентгенограммасында, 8-9 - кеуде омыртқаларының компрессионды сынығына күдік бар. Науқаста қандай патологиялық процесс болуы мүмкін?
№38. Емхана хирургының қабылдауына, оң жақ жамбас буынының ауырсынуына, тізе буынының артқы бетінде ісік пайда болғанына шағымданып науқас келді. Тексергенде ауырған аяқтың сан бұлшықеттері атрофияға ұшыраған, Александров симптомы оң, тізедегі ісікті пальпациялағанда флюктуация анықталады. Хирург ісікті пункциялап ірің алды. Хирург қандай қателік жіберді? Пункция алдында қосымша қандай зерттеу жүргізу керек еді?
№39. Хирургия бөліміне 39 жастағы науқас қабылданды. Түскендегі диагноз: Қысылған оң жақ сан жарығына күдік. Анамнезінде өкпе туберкулезі. Тексеру кезінде, сан жарығы шығатын жерде, мөлшері 3×6 см тығыз-эластикалық ісік тәріздес үрдіс анықталды. Пальпациялағанда ауырмайды, қозғалысы шектелген. Бетіндегі теріде өзгеріс жоқ. Ауырғанына 4 тәуліктей. Сіздің болжам диагнозыңыз? Дәлелдеу үшін қандай зерттеулер жүргізесіз?
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|