ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Бетонның шөгуін азайту жолдары. 8Бетонның шөгуі (Усадка бетона) Бетонның шөгуі бетонның беріктік, деформациялық және ұзақ мерзімде экплуатациялық қасиеттерінің сақталуына (долговечность) әсер ететін негізгі факторлардың бірі. Сол себепті бетонның шөгуі темірбетон конструкцияларын жобалауда ескеріледі. Шартты түрде бетонның шөгуін алғашқы бетон араласпасының шөгуі және қату процесіндегі шөгу деп екіге бөлуге болады. Бетон араласпасының алғашқы шөгуінің себебі тығыздалып жайғасқан массадағы қатты бөлшектердің біртіндеп шөгіп тығыздалуының әсерінен седиментациялық процесс орын алады. Осының нәтижесінде тығыздалған бетонның бетіне су бөлінеді. Бетон араласпасының алғашқы шөгуі оның жайғасымдылығына, араласпаның құрамына, компоненттердің қасиеттеріне байланысты өзгереді. Алғашқы 30 минутқа дейін шөгу процесі жылдам өсіп, біртіндеп тұрақтануға бағытталады. Суы аз, цемент шығыны төмен, ірі толтырғыштардың шығыны жоғары қатаң бетон араласпасының алғашқы шөгуін төмен. Алғашқы шөгудің мөлшерін конструкцияның арматуралану ерекшелігіне әсер етеді. Жиі арматураланған жағдайда шөгу азайтады. Алғашқы шөгу процесінде ішкі қарсылық ететін кедергілердің болмауынан бетон массасының бетінде ішкі кернеу болмайды. Керісінше седиментациялық процесстің нәтижесінде толтырғыштардың цемент қамырымен (раствор) байланысуы жоғарылайды (түйісу беті жақсарады). Қату процесінің жалғасу нәтижесінде бетонның шөгу процессі басталып одан ары дамыйды (өседі). Бетонның шөгуі ұзақ тоқтаусыз, қоршаған ортаның ылғалдылығына, температурасына байланысты болатын процесс. Бетонның шөгуінің негізі цемент тасының шөгуімен тікелей байланысты. Өз кезегінде цемент тасының құрамындағы судың мөлшерінің қоршаған ортаның өзгеруіне байланысты өзгереді. Бетонның шөгу процессін шартты түрде екі мерзімге бөлуге болады. Бірінші мерзім (период) – бос және капиллярлық сулардың жоғалуынан (исчезнавение) қайтып орнына келмейтін (необратимая) деформацияның пайда болуы. Нәтижесінде бетонның бетінде сызаттар пайда болады (усадочные трещины). Екінші мезгіл – цемент тасындағы адцорбциялық байланыстағы судың жоғалу әсерінен болатын қайтарымды шөгу деформациясы (обратная деформация). Қажетті ылғалдық жағдай жасалғанда қайтарымды деформация жоғалып бетон бұрынғы көлемдік қалпына келеді. Іс жүзінде өндірістік жағдайда бетонның шөгуінің екінші мерзіміндегі процесстерін біліп, шөгу деформациясына әсер ететін факторларды анықтап шөгу деформациясын болдырмауға қол жеткізу керек.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|