Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып Адамның сырт бейнесі жөнінде криминалистикалық ілім. Криминалистикалық тіркеу.




1. Криминалистикалық габитология жоне оның ғылыми негіздері

2. Адамның сыртқы бейнесі элементтерінің жүйесі

3. «Ауызша суреттеудің» әдістемесі және әдістері

4. Криминалистикалық тіркеудің түсінігі, мазмұны және құқықтық негіздері

5. Криминалистикалық тіркеудің түрлері

6. Криминалистикалық тіркеудің объектілері мен мақсаттары

 

1. Адамның сыртқы белгілерін сипаттаудың сілтемелері криминалистика ілімінде пайда болмас бұрын әдеби шығармалар-да кеңінен пайдаланған. Көбінесе адамды сипаттау барысында жазушылар белгілі жүйеге қарамастан, өздерінің қарапайым, күнделікті пайдаланып жүрген сипаттауды келістіріп жүзеге асырған.

Габитоскопия негізінде кылмыскерлердің бет әлпеті белгілері мен сыртқы пішінінің белгілерін сипаттау арқылы ұстауы көне заманнан бастап қолданған, бірақ, кеңінен тарамаған. Осы тұрғыда XVIIIғасырда Ұлыбритания мен Франция мемлекеттерінде бас бостандығынан айыру орындарында, сол мекеменің қызметкерлерінің бақылауымен кылмыскерлерді жабыктүрдегі шерулерін өткізу арқылы полиция агенттеріне қылмыскерлерді түр-әлпетін естеріне сақтап калуларына ықпалын тигізіп, сонымен қатар олардың арасынан бұрын сотты болғандарды айқындауға септігін тигізіп отырған. Себебі мекеменің күзетін қамтамасыз етіп отырған тұлғалар қылмыскерлердің бет әлпетін, жүріс-тұрысының белгілерін жаттап естеріне сақтап отырган. Ал криминалистика іліміне габитоскопия кейіннен XIX ғасырдың екінші жартысында, дәлірек айтқанда 80 жылдары белгілі Француз ғалымы Альфонс Бертильонның жасаған еңбектерінін нәтижесінде қылмыспен күресуші органдарында адамның сыртқы бетәлпетін сипаттаудың жүйесі пайда болды. Бұл жұмысы «сөздік портрет» атауымен жарық көрді де, кейіннен фото-портретті идентификациялайтын сараптамаларда кеңінен қолданылды, сонымен қатар айта кететін бір мәселе бұл «сөздік портрет» жүйесін жедел-іздестіру барысында колданылуы.

Көптеген тергеулік және жедел іздестірушілік шараларды жүзеге асыру барысында, құқық органдарынан бой тасалап кеткен кылмыскерлерді, сонымен қатар жазасын өтеу жерлерінен кашып кеткен қылмыскерлерді іздеу мен ұстау барысында, тану үшін көрсету мен куәландыру, сондай-ақ хабар-ошарсыз кеткен тұлғаларды іздестіруді жүзеге асыруда, бастапқы ақпараттарды жинастыру барысында атқаратын қызметі өте зор.

Габитоскопия деген сөз латын және грек тілінің екі сөзінен құралған біріншісі - латын тіліндегі (габитус) сыртқы келбеті, ал екіншісі — грек тіліндегі (скопия) қараймын деген екі сезден құралған. Осы жоғарыда көрсетілген жайттарды ескеріп, 2001 жылы жарық көрген Б.М. Нұрғалиев пен А.О. Шакеновтің «Криминалистика» атты оқу қүралында берген түсініктері бойынша криминалистикалық габитоскопия деп адамның сыртқы келбетініңтүрлі бейнеде суреттелініп қалу заңдылыктарын оқып-үйрететін және қылмыстың алдын алу, тергеу мақсаттарында сырт-келбет туралы мағлұматтарды пайдалану кезінде қолданатын техникалық кұралдар мен әдістерді дамытатын криминалистикалық техниканың саласын айтамыз.

Негізінде криминалистикалык техниканың осы тарауына қатысты көптеген ғалымдардың жұмыстары бар, оларды атап кететін болсақ, олар: Р.А. Рейсс, В.А. Лебедьев, Н.С. Бокарин, С.М. Потапов, Н.В. Терзиев, Н.И. Якимов, А.А. Гусев, В.А. Снетков, З.И. Кирсанов, П.Г. Орлов, А.П. Пересункин, А.М. Зинин, И.Ф. Пантелеев, П.П. Цветков деген ғалымдарды атап кеткен жөн болар. Осы ғалымдардың жұмыстарына токтала келіп, криминалистикалық габитоскопияның келесі тұрғыдағы түсінігін беруге болады.

Адамның сырткы келбетінің әр түрлі көріністе сакталып қалу зандылыктарын зерделейтін және қылмысты ашу, тергеу оның алдын алу максатында адамның бет келбеті туралы деректерді жинау, зерттеу және пайдалану әдістері мен техникалық криминалистік тәсілдерді кұрастырушы криминалистикалык техниканың саласы.

Криминалистикалық габитоскопия дегеніміз, бұл — қылмыстарды алдын алуда, ашуда және тергеуде маңызы бар ақиқатты айқындау үшін белгілерді қолдануына мүмкіндік беретін әдістеме ретінде адамның сыртқы келбетінің материалдық және идеалды бейнелері туралы ілім бола тура, кршиналистикалық техника тарауының бір саласы болып табылады. Антропологиялық жалпы және сот медицинасының, адамның морфологиялық, криминалистикалық техниканың дамып, жетілуімен сот фотосурет-еуі мен тергеулік, жедел-іздестірушілік және сараптамалық тәжірибенің жетілуінің нәтижесінде криминалистикада габитоскопия ілімі туралы оқу пайда болды десе де болады. Криминалистикалық габитоскопияның негізіне: адамның ажары, бейнесі, жүзі, көркі, көрінісі, нұсқасы, рабайы, сұры, тұрпаты, шырайы, әлпеті, өңі, өн-түсі, үсті-басы кіреді. Осы сипаттың барлығын бір сөзбен айтқанда адамның бет-әлпеті кіреді десек қателеспейміз.

Криминалистикалық габитоскопияның затына келесілер кіреді:

- адамның сыртқы келбеті туралы криминалистикалык ілімнің түсінігі, оның қасиеттерін, белгілерін және элементтерінің жайттары туралы мағлұматтарды толығымен оқып үйрету;

- адамның сыртқы келбетінің түрлі бейнеде суреттелініп қалуының зандылықтарын окытып үйрету;

- адамның сыртқы келбеті туралы мағлұматтарды жинау, айқындау зерттеу және қолданудың жалпы заңдылықтарын, қажетті әдістер мен құралдарды пайдалану негізіндегі жайттары туралы мағлұматтарды толығымен окып үйрету;

- криминалистикалық сараптаманы, сот портреттік сараптаманы және фотосәйкестіру әдісін адамның бас сүйек қалдықтары бойынша алғашкы келбетін қалпына келтіру.

Ғылыми-техниканың ұдайы ілгері жылжуына байланысты криминалистикалық габитоскопияға қатысты адамның бет әлпетін қылмыстарды тергеу, ашу, оларды алдына алу барысында қолданылатын техникалық құралдар және ол белгілерді дұрыс пайдаланудың тактикалық тәсілдері өзгертіліп, жетілдіріліп және оларды колдану өрісі ұлғайып отырды. Осы себептер қылмыстарды тіркеудің жаңаланған тұр-әлпетті сипаттайтын тәсілінің жүйесінің пайда болуына әкеліп соқтырды. Соттық фотосуреттеуді пайда болуына байланысты қылмыскерлердің сыртқы келбетін сипаттаудың жаңа мүмкіндіктері пайда болып, оларды суретке түсірумен қатар бет әлпетін сипаттау әрекеттері бірдей жүзеге асырылып отырылды. Кейіннен криминалисти-калық мақсаттарда адамдардың сыртқы келбетін сипаттаудың және фотосуреттік бекітудің катаң ережелері пайда болып, портреттік сараптама және адамның бас сүйегі бойынша тұлғаның бет-пішінін қалпына келтірудің ғылыми негізделген әдістемесі қалыптасқан. Адамның бас сүйегі бойынша тұлғаның бет-пішінін калпына келтірудің ғылыми негізінін әдістемесін Ресейде атақты орыс ғалымы Герасимов іске асырған.

Криминалистикалык тұрғыда жүйелендірілген адамның сыртқы келбетінің белгілерін пайдалану, кылмыстарды ашу мен тергеу барысы бағыттарының басқа да мүмкіндіктерін кәрсетеді. Атап айтқанда бұл криминалистикалық түрғыда жүйелендірілген адамның сыртқы келбетінің белгілері келесі міндеттерді шешу үшін қажет:

а) қылмыс субъектілерінің жеке басын тексеру мен куәландыруда;

ә) қылмыстық істің ашылуы мен тергеуіне байланысты сол іс бойынша мүдделі және мүдделі емес тұлғалармен танысу үшін;

б) қылмыс жасап, сот және қалмыстық із кесу органдарынан бой тасалап жүрген қылмыскерлерді, хабар-ошарсыз кеткен тұлғалардын іздеуін ұйымдастыру барысында жеке басы анықталмаған мәйіттердің табылғанында;

в) жазасын етеу жерінен қашкан қылмыскер тұлғаларды іздеуге (жергілікті, республикалык және ТМД-лық іздеуге) жариялауда және іздестіру кестесін толтыру барысында;

г) мәйіттер мен адамдарды тану үшін көрсету барысында;

д) куәлардың, қылмыс оқиғасын ез көзімен керген тұлғалардың, жәбірленушілердің айтуы бойынша жеке басы анықталмаған қылмыскерлердің қиысты (композициялық) суреттерін салу үшін;

е) криминалистикалық сараптаманы, сот портреттік сараптаманы және фотосәйкестіру әдісін қолданып жүргізілетін сараптамаларды жүргізу барысында;

ж) сүйек калдықтары (бас сүйек) бойынша мәйіттің жеке басын анықтау үшін тірі күйіндегі калпына келтіру (реконструкциялау) барысында.

Габитоскопия криминалистикалық ілім ретінде адамның сыртқы келбетінің қалыптасуы заңдылыктарын айкындайды, сол адам келбетінің элементтері мен белгілерін жүйелендіреді, қылмысты жасауға катысы бар немесе хабар-ошарсыз кеткен тұлғаларды іздестіру, анықтау мен идентификациялау үшін адамның сыртқы келбеті туралы мәліметтерді жинау мен пайдалану кұралдары мен тәсілдерін даярлайды.

Адамның сыртқы келбетінің белгілері, сол тұлғаның барлык өмір сүру барысында аса қатты өзгерістерге ұшырамай, тұрақты болып отырады. Негізінде бұл тұжырымды жоғарыда атап кеткен Француз ғалымы А.Бертельен: «адамның антропологиялық белгілері бойынша тіркеуді жүргізу қажет»,- деген. Дегенмен бұл аталып отырылған белгілер өзгеріске ұшырайтыны айқындалынған. Негізінде адамның дене бітімі 25 жасқа дейін өзгеріске ұшырап дене бітімі калыптасады. Сол мезеттен бастап адамның сырқы келбеті өзгеріске ұшырамайды.

Адамньщ келбетінің даралығы, өзгеріске ұшырамауы және тұрақтылығы, ақпараттар көздерін жинактау барысында материалды (объективті) және идеалды (субъективті) келбетінің белгілері арқылы кайта калпына келтіруге мүмкіндік тудырып, оның маңызы өте зор болады.

Объективті акпараттардық катарына - адамның өзі, фотосуреттері, рентгенді және флюрограммалы түсірілген суреттері, кино және бейне фильмдері, мәйіттің бет-перделері, денесінің әр түрлі бөліктерінен алынған жабысындылар (кұлак бакалшағы, қолдың, алаканның, табанның, аяктың) және сүйегінің калдықтары.

Субъективтік акпараттардың катарына - адамның ойында қалған бейнелер, салынған суреттер, киысты (композициялық) суреттері, беттін, және бас сүйекті пластикалык қалпына келтіру (реконструкциялау), сөздік портрет жүйесінін негізінде немесе еркін тұрғыда сипатталынуы.

Адамның сыртқы келбетінің белгілері өзіне тән (кайталануы болмайтын), салыстырмалы өзгермейді және материалдық бейнелерде бекітіле алады, сонымен қатар баска да адамдардың естерінде сақталуы мүмкін.

Криминалистикалық габитоскопия жүйесі:

а) қылмыс субъектілерінің жеке басан тексеру мен куәландыруда;

ә) қылмыстық істін ашылуы мен тергеуіне байланысты сол іс бойынша мүдделі және мүдделі емес тұлғалармен танысу үшін;

б) қылмыс жасап, сот және қылмыстық із кесу органдарынан бой тасалап жүрген қылмыскерлерді, хабар-ошарсыз кеткен тұлғалардың іздеуін ұйымдастыру барысында жеке басы анықталмаған мәйіттердің табылғанында;

в) жазасын өтеу жерінен кашқан кылмыскер тұлғаларды іздеуге (жергілікті, республикалық және ТМД-лық іздеуге) жариялауда және іздестіру кестесін толтыру барысында;

г) мәйіттер мен адамдарды тану үшін көрсету барысында;

д) куәлардың, қылмыс оқиғасын өз көзімен көрген тұлғалардың, жәбірленушілердің айтуы бойынша жеке басы анықталмаған қылмыскерлердің композициялық суреттерін салу үшін;

е) криминалистикалық сараптаманы, сот портреттік сараптаманы және фотосәйкестендіру әдісін қолданып жүргізілетін сараптамаларды жүргізу барысында;

ж) сүйек қалдыктары (бас сүйек) бойынша мәйіттін жеке басын анықтау үшін тірі күйіндегі қалпына келтіру (реконструкциялау) барысында.

Криминалистикалық габитоскопияның пәні:

- адамның сыртқы келбеті туралы криминалистикалык ілімнің түсінігі, оның касиеттерін, белгілерін және элементтерінің жайттары туралы мағлұматтарды толығымен оқып үйрету;

- адамның сыртқы келбетінің түрлі бейнеде суреттелініп калуының заңдылықтарын окытып үйрету;

- адамның сыртқы келбеті туралы мағлұматтарды жинау, айкындау зерттеу және қолданудын жалпы заңдылықтарын кажетті әдістер мен кұралдарды пайдалану негізінде мағлұматтарды толығымен оқып үйрету;

- криминалистикалық сараптаманы, сот портреттік сараптаманы және фотосәйкестендіру әдісін, адамнын бас сүйек қалдықтары бойынша алғашкы келбетін калпына келтіру.

2. Криминалистикалық габитоскопияда адамнын сыртқы келбетінің элементтерін және белгілерін жіктеу маңызды рөль атқарады. Егер де белгілеріне тоқталатын болсақ, онда белгілер - бұл сыртқы келбеттің толыктай немесе оның жеке элементтерінің жеке сипаты, мысалы, адамның басы, құлағы, мойны және тағы да басқа дене бітімінің бөлшектерінен алынып, оның жеке сипаттамалары қалыптасады.

Адамның келбетінің белгілері өзіндік жөне ілесіп алынып ғана болып бөлінеді. Өзіндікті ашып айтатын болсақ, оларға мыналар жатады: ол адамның жеке өзіндік қасиеттері, оның сыртқы түріне, бет әлпетіне тән белгілер, ал ілесіп алынылғандардың катарына — адам келбетінің айырғысыз болып табылмайтын, бірақ онын ерекшеліктерін сипаттай алатын белгілерді алуға болады. Мысалы, адамның көзінің көру кабілетінің нашарлауына қатысты көзілдірік киюі, яки болмаса киімнің ерекше заттары және т.б. Өздік болып табылатын белгілер өзінің ішінде екіге жіктеледі, олар: морфологиялық және функционалдық. Бұл жіктелу түрі бірте-бірте шешуші болып бара жатыр. Бірақ тәжірибеде бұл жіктелуді функционалды және анатомиялық деп атап кеткен.

Адамның жалпы физикалық белгілеріне: жыныстық белгілері жатады. Адамның пішінінің (фигурасының), бетаузының құрылымы, шаш бүршегінің бар болуы, я болмаса болмауы, сонымен катар бет-аузының манайында болуы, шашының таралғандығы (причес) және т.б. белгілері кіреді.

Адам жасын білдіретін белгілердің қатарына: жастығын, орта буында екендігін, ұлғайған және өте карт жаста екендігін көрсететін белгілер, яғни бет қыртысынын, түсі, әжімдері, басындағы, бет-аузындағы шаштүсі, оның тығыздығы (коюлығы, сиректігі), дене бітімінің пішіні (фигурасы) және козғалу дағдылығын көрсететін белгілер, мысалы, адамның абыржуы, я болмаса күйгелектеніп қысқа өлшемдегі кадам жасауы, аяғын әлсіз басып, кей жағдайларда сүйретіп, сылтып басуының ерекшеліктері жатады.

Нәсілді-этникалық таптық белгілеріне — адамның антропологиялық нәсілдік, ұлттық топқа жататындығын білдіретін бет пішінінің белгілері (азиат, европейд, монголид, кавказдық сияқты белгілері) кіреді. Бұл белгілер тәжірибеде кеңінен колданылады, мысалы, жәбірленуші сипаттау барысында кавказ нәсілді деп кылмыскердің сипатын берген жағдайда іздеуге катысты шеңбер азаяды.

Конституциялық қалыптасу белгілері - бүл белгілердің тарапына атлетикалық дене бітімі, эстетикалық дене бітімін және әдеттегі дене бітімі көрсететін белгілер жатады.

Анатомиялық белгілердің қатарына мыналар жатады адамның дене кұрылымының белгілері (пішіні, фигурасы, бойы, пропорциясы, толықтығы) және адам денесінің баска да бөліктері (басы, бет-аузы, мойны, иығы, төсі, аркасы, іші, қолдары, сонымен қатар алақандары, қол саусақтары, тырнақтары аяғы және т.б.) Бастың және бет-ауыздың анатомиялық белгілері (дәлірек айтқанда — анатоморфологиялық белгілері) және олардың элементтері криминалистикалық габитоскопияда жеткілікті мөлшерде жіктелген. Себебі адамның бет-аузы мен басы адамның есінде жиі қалады.

Адамның сыртқы келбетінің анатомиялык белгілері тұрпаттары шығыңқы, кіріңкі, тегіс, дөңгеленген болады, жобасы және кескін үйлесімі адамның бет-аузын жанынан карастыру арқылы айқындауға болды. Ауқымы бойынша: биіктігі, терендігі, ұзындығы, енінің өлшемі толығымен кіреді, дәлірек айтканда үлкендігі, кішілігі, орташа өлшемде болуы және басқа да өлшемдерімен пропорционалдығы кіреді.

Анатомиялық белгілеріне токталатын болсақ, олар ерекше топтама құрып, адамның дүниеге келгенінен бастап пайда бо-ған кемістіктермен ұштасады немесе ауру сыркаттармен, төтенше, аяқ-асты күтпеген жағдайдың салдарында пайда болған, патологиялық немесе т.б. жағдайлардың салдарынан пайда болған белгілермен үштасады. Кейбір жағдайларда оларды ерекше (айрықша көзге түсетін) белгілер деп атайды. Бұл белгілер ерекше түрде тергеу кезінде жүзеге асырылатын тануға ұсыну секілді тергеу әрекеттерін жүргізу барысында қылмыскерлерге іздеу салғанда, сонымен қатар сараптамалық зерттеулер жүргізу барысында орасан зор орын алады. Олардың тарапына келесі физикалық кемістіктер жатады:

-дене бөлшегінің болмауы;

- көздің, колдың, аяктың, тістін орнында протездердің болуы;

-омыртқасының қисайып орналасуы, бір қолының, я болмаса аяқ-колдың бір-бірінен қыскалығы басқа да кемтарлығы т.б.

Сонымен катар адам денесінің теріс қабат қыртысының беткі кабатында орналасқан белгілердің де маңызы өте зор. Бұл белгілер қатарына пигментті дактар жатады, мысалы, қылмыскердің қолында сүйелдің болуы, күйіп қалғандықтан калған дақтары, қол саусақ іздерінің папеллярллы дақтардың морфологиялық, өзіндік ерекшеліктері, денеге бастырылып жазылған мәтіндер, суреттер мен таңбалар /мәселен, олардың түсі, орналаскан жері/, адамның тері кыртысының үстінгі қабатының күйі /қатпарлануы, әжімділігі және т.б.

Адамның өмір сүру барысында қызметтік, яки болмаса функционалды белгілері калыптасады. Олар адамның жүріс-тұрысын, дене бөлшектерінің белгілерін және олардың элементтерінің статикалық жағдайының және олардын /морфологиялық/ сырткы пішінінің кұрылымын айқындауда ықпалын тигізеді. Функционалды белгілердің катарына келесілер жатады:

- қ алпы (орналасуы) — /бастың, мойынның, кеуденің, йықтың, колдың, аяктың бітімі және адам денесінің басқа да бөліктерінің орналасуы, отырған, тұрған жатқан да адамның дене бітімінің орналасуы және т.б.; жеке жағдайларда адамның мүсіні (сымбаты) — түзу, бүкір, әдетпен калыптасқан кеудесіне екі қолын айқастыруы; басын артқа тастап немесе кәдімгі қалыпта ұстауы; столда отырудағдысы жәнет.б. жатады;

- жүрісі — /жүру барысында адамның денесінің козғалу жағдайы; кадамының ұзындығы — үлкен, кіші, орташа; адамның жүру барысында колын жан-жағына лактырып, я болмаса денесіне жакын ұстап, кісенделген тәрізді жүруі; адам жүрісінің сипаты — тез, баяу, жеңіл, ауыр, секіріңкі және аяғын сүйреп басуы т.б./;

- ишаралануы (ымдауы, қол сермеуі) — біреумен дидарласу, сөйлесу барысында колымен иығымен қозғалтуы; мәнерлік дәрежесі - жігерлігі, салбырлығы және т.б./;

- (мимикасы) — эмоционалды жағдайларда бет етінің тыржиюы, таңдануында, куанғанында, ренжуінде және т.б. мәнерін тез арада не болмаса баяу түрде өзгертуі/;

- артикуляциясы — /сөйлеу барысындағы ернінің козғалысы; мәнерлік дәрежесі/;

- әдеті — /темекі шегу барысында папиросты, сигаретті ұстау дағдысы, алақанын укалауы, бір аяғынан екінші аяғына қүбылуы/;

- машығы мен қабілеттілігі — /автокөлігін жүргізу, спортпен айналасу, ұсталық құралдармен жұмыс істеу барысындағы өзгеше қимылдаудағы ерекшеліктері және т.б./.

Ілеспелі (косымша) белгілер, бұл — киімдерінің тұрмыстық киетін заттарынын белгілері. Алдында керсетілген белгілер секілді криминалистика ілімінде бұл белгілер адамның бет әлпеті жайлы ілімнің алдына койылатын мәселелерді шешуге мүмкіндігін арттырады. Ілеспелі белгілер киімнін (түсін, өрнектерін және т.б.) матасының кұрылымы, өлшемі, фасоны және түрі көрсетеді. Өзінің ішінде ілеспелі белгілер екі түрге жіктеледі, олардың біріншісі технологиялық (өндірістік) болса, екіншісі пайдаланымдық (эксплуатациялық) болады. Біріншісі — затты өндіру не жасап шығару үрдісінде калыптасады. Мысалы, кейлекті алатын болсак, ол қалың, ұзын женді, я болмаса жеңіл қысқа женді және т.б. болуы ықтимал. Ал, екіншісіне токталсақ, онда ол киімнің киіс беруіне, жөндеп тігіп, жамауына катысты калыптасатын белгілерді айтады.

Адамның сыртқы келбеті жайлы ақпараттардың көзі үш топқа жіктеледі: біріншілік, екіншілік және аралас (біріншілік — ақпарат, екіншілік — акпараттың косылуының нәтижесінде калыптасатын акпараттар кездері). Біріншілік ақпараттар - адамның сыртқы бейнесі жайлы өз көзімен көріп, кабылданған көріністің сипатын береді, екіншілік акпараттар — біреудің көріп сипаттауы нәтижесінде жинакталған акпараттар көздері, ал үшіншісіне тоқталатын болсақ, олар адамның бет әлпеті жайлы ақпараттарды жоғарыда аталып кеткен екі акпараттық көздерінің болу нәтижесінде қалыптасатын ақпараттарды атаймыз.

 

3. Сөздік портрет — бұл негізінде іздеуге жататын тұлғаның бет әлпетін есінде жақсы сақтап қалған куәнің тікелей катысуымен әдеттегідей 13x18 см өлшемге үлкейтілген фотосуреттердің жиынтығын пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Ол үшін куәға бірнеше суреттерді ұсынып, қылмыскерге ұқсас тұлғалардың суреттерін таңдап алуына рұқсат етіледі. Кейіннен сол фото негізгі композицияның қызметін атқарады. Одан кейін қалған суреттерден ұқсас белгілері (көз, мұрын, қас және т.б. белгілер) алынып, негізгі тандалынып алынған суретке жабыстырылады да осындай тәсілмен жинақталынған бейнекөрініс репродуктелініп сурет өнделінеді.

Фоторобот — бұл құрастырылатын фотосуреттердің жұмысын жеңілдетеді. Бұл үшін адам суретінін беті үш бөлікке бөлінеді: мандай, мұрын, ауыз белігі. Бұл бөліктер компъютерлік өңдеу арқылы бірі-біріне келістіріп, куәнің айтуымен және көрсетуімен қажетті бейнекөрінісі пайда болады.

Айдент-кит — бұл тәсіл негізінде Германия АКШ-та 60—80 жылдары кеңінен таралып арнайы диапозитивтердің көмегімен жүзеге асырылған, бірақ казіргі танда бұл тәсілдің тиімділігі мен үнемділігінің және шығындылығы ескеріліп, сапасының төмендігіне қатысты пайдаланудан алынып тасталынған. Оның орнына Бейне плюс деген бағдарлама шығып, оның негізінде композициялық, сандық фотосуреттеу негізінде және сандық бейнетаспаға түсіру негізінде компъютерлік жетістіктердің алға басуына сай жүзеге асырылып отыр. Айдент-ки пайдаланбағандықтан кейін көп окулықтарда бұл туралы деректер кездеспейді. Сонымен қатар тәжірибеде пайдаланатын адамның бет әлпетін сипаттаудың кеңінен тараған үш бағыты бар, олар өзінше жіктелінеді.

Бұның бірінші бағыты — адамның келбеті жайлы деректерді құжаттық және дәлелдемелік акпараттарды карау нәтижесінде алу. Осының ішінде:

- фотосуреттерден алу (адамның сыртқы келбетін сипаттаудың кеңінен тараған түрі);

- кино-бейне таспаларынан алу (бұларда адамның келбеті туралы деректерді жинақтаудың маңызды ақпараттың көзі болып есептеледі);

- рентгенограммаларын алу (негізінде мәйіттердің дәрігерлік және криминалистикалық зерттеулерін жүргізу үрдісінде пайдаланып, адамның тірі кезіндегі және каза болған мезеттегі рент-гено суреттерін салыстыру негізінде жүзеге асырылады);

- жабысындыларды алу (адам келбетінің жеке бөлшектерінің белгілерін, тұлғадан алынған гипс қүймаларымен ұқсастыру негізінде айкындау мен аныктау маңызында жүзеге асы-рылатын үрдіс);

- фономатериалдарды алу /дыбыс жазбалар/ (бүл жерде барлығымызға мәлім кеңінен тараған фоно материалдан магнитті таспалардағы жазылған дыбыстар. Осы материалда оның ше-шендігі, физикалық кемістіктері және мәнерлеуі жайлы ақпарат көздері болуы мүмкін);

-хат материалдары (бұл жерде жоғары аталып кеткен белгілерден басқа, тұлғаның келбетін сипаттауға бағытталған акпараттардың кездері болуы мүмкін).

ОБЖ карау барысында қылмыскерге қатысты мәліметтерді алу өзінің ішінде келесідей жіктеледі: тергеліп отырылғын оқиғаның мән-жайы; қол саусақ іздері; аяқ пен аяқ киім іздері; тістің іздері; басқа да іздер; киімнің іздері болып жіктеледі.

Соңғы бағыты сүйек қалдықтарын зерттеу мен жеке басы аныкталмыған мәйіттерді карау барысында каза болғаннын келбеті жайлы деректерді жинақтау. Бұл бағытта жұмыс жоғарыда керсетілген мәйіттер табылған мезетте, олардың сыртқы келбеті жайлы мәліметтер мен деректерді анағүрлым тез арада айқындап бекітуден тұрады. Себебі адамның бұзылу үрдісінен кейін ақпараттық деректерді толығымен қамтып жинақтау қиыншылыққа түседі.

 

4. Қазіргі таңдағы колданып жүрген криминалистикалык тіркеудің жүйесі уақытпен тексерілген тарихи жетілдірудің нәтижесі. Алғашқы кылмыскерлерді тіркеудің түрлеріне тоқталатын болсақ, онда тіркеу адам затына таңба салу мен мүгедектеу арқылы жүзеге асырылған. Тарихи деректерде 17 ғасырларда, адам ұрлық жасаса оның алдымен сол құлағын кесіп, егерде ол қылмысты қайталаса, екінші қүлағынан айырған. Сөйтіп қылмыскерді мүгедектеу арқылы жасаған қылмысының дәрежесі мен қайталануын көрсеткен. Адамды таңбалаудың тәсілдері мен нысандары уақыттың өтуіне катысты өзгеріп отырылған. Мәселен Ресейді алатын болсак, ондай тәсілдер 1863 жылдарға дейін сақталған. 1845 жылы каторгаға айдалғандардың мандайына К-әріпің, оң бетіне А-әріпің, сол бетіне Т-әріпі тәрізді таңба басқан, егер тұлға диуана, каңғыбас, мүсәпір болса, оң колының білегіне Б-әріпінің таңбасын басқан.

Алғаш рет қылмыскерлерді тіркеудің ғылыми негізделген әрекетін 1870 жылы, адамдарды антропологшлық тәсілмен тіркеуді Париж каласының жандарм қызметкері Альфонс Бертильон бастаған. Оның әдісінің мәні — адам денесінің бөлшектерін белгілі бір жағдайда өлшемдер жасау арқылы жүзеге асырған. Сөйтіп, антропологиялық тіркеу жер жүзіне жариялы болып, 1880 жылы Ресейде ең бірінші антропологиялық бекеті ашылған. Бірақ, кылмыскерлерді антропологиялық белгілері арқылы тіркеу әдісі көпке ұзамай өзінің қылмыстылықпен күресудегі дәрменсіздігін көрсетті. Себебі адамның дене бітімі 24-25 жасқа дейін өсіп, сүйек жүйесінің қалыптасуы өзгеретіндігі анықталынды. Антропологиялық тіркеудің орнына дактилоскопиялық тіркеу қалыптасты. Ол уақытта қылмыстық жауаптылыққа тартылған тұлғалардың тіркеуі жүргізіліп олардың жасалған қылмыстары ғана тіркелген. Кылмыстылықты тіркеудің нәтижесінде «қылмыстық техника мен қылмыстық тактика» деген ұғымдар пайда болды. Ал тіркеу — «кылмыстық тіркеу» деп калып койды. Ғылыми жетістіктердің дамуымен байланысты тіркеулердің саны да өсіп отырды. Қазіргі танда тіркеудің қатарына: қылмыстың қолсұғу заттары, қылмыстың жасалу тәсілдері мен құралдары, кылмыс іздері және тағыда басқа объектілер кіреді. Тіркеу түрлерінің көбеюіне байланысты оның объектілерін сипаттайтын ақпараттарды жинаудың криминалистикалық әдісі мен құралдары да өзгерді, Осы себептен «қылмыстық тіркеу» деген ұғым өзгеріп «криминалистикалық тіркеу» -деп қалыптасты. Атақты орыс криминалисі Р.С. Белкин 1987 жылғы «Криминалистика: Проблемы, тенденции, переспективы» атты еңбегінің 165-бетінде «Учение о криминалистической регистрации» атты тақырыбында тереңірек ашып көрсеткен.

Казіргі таңда криминалистикалық тіркеу - қылмыстар туралы криминалистикалық мәнісі бар қылмыстық әрекеттердің тәсілдері мен құралдары жайлы ақпараттарды жинақтау мен өндеу, кылмыстарды ашу, тергеу және олардың алдын алуда қолданылатын ғылыми негізделген қызмет жүйесі.

Криминалистикалық тіркеудің объектілері дегеніміз - қылмыстық ізге түсу немесе жедел іздестіру шараларының шеңберіне түскен ақпараттар жүйесі. Оны қолданудың арқасында қылмыстарды тергеу, қылмыскерлер мен дәлелдемелік заттарды іздестіру, түрлі жағдайларды анықтау және кылмыстың алдын алу жүзеге асырылады.

Қоршаған ортадағы объектілердің индивидуалды тұрақтылығы, олардың шағылысуының, қактығысуының, өзара әрекеттесу қабілетімен байланысты іздерді қалыптастырады. Олар кейіннен идентификациялау мүмкіндігімен бйланысты криминалистикалық тіркеудің ғылыми шарттарымен корытындыланады. Бұл шарттар криминалистика іліміндегі іздерді айқындау туралы, адамның сыртқы келбетінің белгілері туралы криминалистикалық жеке даралықтеориясында байқалады. Тіркеу объектілерін ұқсастыруға және іздеу үшін сілтеме жасауға жәрдем беріп негізделеді.

Тіркеудің құқықтық негізі ретінде: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының ҚІЖК, Казакстан Республикасынын ҚҚО-дары туралы заңы, жедел-іздестіру әрекеттері туралы заңы, заңнамалар, ішкі заң актілері жатады.

Қазақстан Республикасының ҚІЖК-де криминалистикалық тіркеуді жүзеге асыруға тікелей сілтеме жасайтын баптар жоқ. Бірақ, осы заңның 8-бабын қарастырсақ: 8-бап. Қылмыстық процестіц міндеттері

1.Қылмыстық процестің міндеттері қылмыстарды тез және толық ашу, оларды жасаган адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауапқа тарту, әділ сот талқылауы және қылмыстық заңды дурыс қолдану болып табылады.

Тіркеу мәліметтерін қолдану және жүргізудің техникалық ұйымдастырылуын жүзеге асыру, ішкі заң актілерімен, жекелеп айтқанда Қазақстан Республикасының ІІМ-нің және Бас Прокуратураның бұйрықтары мен нұсқауларының негізінде реттеледі.

Криминалистикалық тіркеу келесі заңдылық негіздері болған жағдайда жүзеге асырылады:

-қамауға алу, бұлтартпау шарасын қолдану туралы тергеушінің, анықтаушынын қаулысы бойынша;

-айыпталушы ретінде жауапка тарту туралы қаулы болса;

-сезіктіні ұстау хаттама болса;

-соттың үкімі бойынша;

-басқа да іс жүргізу кұжаттары бойынша (ОБЖ карау хаттамасы, тінту, алу хаттамалары және т.б.).

Бұл жерде тіркеуді жүргізу үшін тиісті органдар арнайы кұжаттар (карточкалар) толтырып, мысалы (карточкалар Ф.1.0, Ф.1.1,Ф2.0, Ф.2.1, Ф.3.0, КАК-іздестіру акпараттық карточка (ИПК)тағы с.с.) оларды ҚСжАЕК (Құқықтық статистика және арнайы есептер комитетіне) және КАБ (Криминалды акпарат басқармаларына) жолдайды. Осы жолмен криминалистикалық тіркеулердің бір қатары жүзеге асырылады.

Криминалистикалық тіркеудің объектілеріне төмендегілер жатады:

- хабар-ошарсыз кетіп іздеу жарияланған белгілі адамдар, кылмыс жасаған тұлғалар, кылмыс жасап бой тасалап кеткендер, ұсталғандар, қамауға алынғандар;

-мәйіттер (үстінде қылмыс іздері бар мәйіттер және жеке басы анықталмаған мәйіттер);

- қарулар (жоғалтылған, ұрланған, алынған, табылып алынған аңшылық және ойық ұңғылы сонымен қатар қолдан жасалған атыс қарулары, суық қарулар);

- ұрланған объектілер, автокөліктер және басқа да шығу тегі мен кімдікі екені белгісіз заттар, мәселен кылмысты жасауға пайдаланған бұзу күралдары;

- іздердің кейбір түрлері (мысалы ашылмаған қылмыстар бойынша окиға болған жерден алынған кол саусақ іздері, көлік құралдарының іздері, аяқ іздері, бұзу қүралдарының іздері, атыс қаруларының іздері);

-құжаттар (мысалы жасанды, кұнды қағаздар және т.с.с);

- жануарлар (ұрланған, табылған және қанғып, адасып жүрген иесі жоқ малдар);

- ашылмаған кылмыстар туралы акпараттар.

5. Криминалистикалық тіркеу өзіне тән ақпараттық жүйе болғандықтан, криминалистикалық есеп деп аталатын ішкі жүйе ден тұрады. Есепке алу дегеніміз - белгілі бір акпараттарді жіктеу, мысалы криминалистикалық мәні бар ақпараттарді немесе тасымалдағыштарды жүйелендіру, жинақтау, өңдеу жән сұрыптау әрекеттеріне қатысты (мысалы: атылған оқтар, гильзалар, жасанды құжаттар т.с.с.) жүргізіледі.

Тіркеудің түрлері оның объектілеріне қатысты пайда болады, мысалы дактилоскопиялық, не болмаса жасанды ақшалардың, хабар-ошарсыз кеткендердің, суық қаруының тіркеуі.

Криминалистикалық тіркеу түрлерінің кайсысы болмасын бәрінің негізінде ақпараттарды жинау, тіркеу, жіберу, жинақтау, жүйелендіру, өңдеу, сақтау мен керек болған жағдайда оны қолданушыларға тиімді, қарапайым түрде беруінде.

Қазіргі танда криминалистикалық тіркеудің келесі анықтамалық коллекциялары кұрылған:

• қылмыстарды жасау барысында қылмыс құралы ретінде пайдаланған құрал-саймандар;

• аяқкиімдер мен аяқкиім табанынын өрнектері;

• бұзу іздері;

• суық қарулар мен атыс қарулар;

• есірткі заттар.

Технологиялық жағынан тіркеу, әр түрлі объектілердің құрылымы мен белгілерін тіркеуден тұрады. Осыған орай объектіні тіркеудің бір немесе бірнеше тәсілдері арқылы тіркелуі мүмкін.

Қазіргі таңда криминалистикалық тіркеу объектілерді күрылымы мен белгілеріне қатысты қолданылып жүрге тіркеудің төмендегі тәсілдері бар:

- сипаттау (демографиялық мәліметтері, қылмысты жасау тәсілі, адамның сыртқы пішіні, ұрланған заттардың белгілері бойынша және т.б.);

- дактилоскопиялық (ашылмаған қылмыстар болған жеріне алынған, белгісіз қылмыскерлердің қол саусақ іздері, жеке бас анықталмаған мәйіттердің қол саусақ іздері және т.б.);

- фотографиялық, санды фотосуреттеулік немесе бейнежабалық (адамның келбетінің белгілерін бекіту, әр түрлі дәлел, заттарды бекіту, қол саусақ іздерін бекіту және т.б.);

-коллекциялық (гильзалар, октар, ашылмаған кылмыс болған жерінен алынған оқтар, кұжаттар, акшалар және т.б.);

- аралас тәсілдер (жоғарыда көрсетілген тәсілдердің бірнеше түрлерін комбинацияда колдану. Мысалы: кылмыс жасаған тұлғаны фотосуреттеу, бейнежазбаға түсіру, дактилоскопиялау).

Жергілікті криминалистикалық тіркеулер келесі түрде жүзеге асырылады, олар: картотекалар, дактилотекалар, оқ-гильзатекалар, бұзу кұралдар іздерінің коллекциясы, альбомдар бейнежазбалар және т.б.).

Тіркелген объектілер бойынша ақпаратты жедел түрде алу мақсатында тәжірибеде бұрын алды тіркелген ақпараттар мен жаңадан қалыптасқан мәліметтер біріктірілуде. Бұл тіркеу барысында компьютерлік техниканы колдану мүмкіндігі туады. Компьютерлік тіркеу мен катар картотекалық тіркеу де жүргізілуі қажет. Арнайы техниканы пайдалану аркылы жүзеге асырылатын акпараттар АІЖ (акпараттық-іздестіру жүйесі) немесе ААІЖ (автоматтандырылған ақпараттық-іздестіру жүйесі) деп аталады. Криминалистикалық тіркеуді автоматизацияландыру ғылым мен техниканың дамуымен байланысты енуде. Ішкі істер органдарындағы криминалистикалық тіркеуі жалпы жүйеленген әрекеттерге өтуде.

Осы жүйенің бір элементіне қылмыстылық туралы жүйелендірілген тіркеуі жатады. Оның негізгі міндеті қылмыстылықтың талдауын камтамасыз ету.

Жедел-анықтамалық тіркеулер алфавитті-анықтамалы және дактилоскопиялық карталар нысанында жүзеге асырыла ды. Алфавитті-аныктамалық тіркеулер келесі тұлғаларға қатысты толтырылады:

-жергілікті теңіректе кылмыс жасаған тұлғаларға;

- сотты болғандарға (бұл жерде оған қатысты соттың үкімінде бас бостандығынан айырылғандарға ғана емес жалпы сотта болған тұлғаларға катысты);

- іздеу жарияланғандарға (орталандырылған және жергілікі тіркеулер);

-жедел-іздестірушілік қызметінің шенберіне түскен тұлғалар (нашақорлар, жезөкшелікпен айналысатындар, әкімшілік қадағалаудағы тұлғалар т.б.);

- ауыр қылмыстар үшін сотты болғандар.

Криминалистикалық тіркеулердің деректері жедел іздестіру мақсатында және қылмыстық іс бойынша кылмыскердің кінәсін дәлелдеу барысында колданылады.

Тіркеулердің нысандарына коллекциялар, картотекалар, альбомдар, бейнежазбалар санды фотосуреттер, фототекалар, бейнежазу корлар ЭЕМ (ЭВМ) жиынтыктары т.с.с. жатады.

Объектілерді тіркеуде негізінен келесі тәсілдер: сипаттау дактилоскопиялық, фотосуреттік, коллекциялық және араласқан тәсілдер қолданылады.

 

 

6. Бұл сұракта Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасындағы, Құқықтық статистика және арнайы есептер Комитетінің жүйесімен жүзеге асырылатын міндеттерді айта кеткен жөн. Оларға:

-белгісіз аурулармен ауыратын тұлғаларды, жеке басы аныкталмаған мәйіттерді және хабар-ошарсыз кеткен тұлғалардың тіркеуі;

-қылмыс үшін ұсталғандарды, іздеу жарияланғандарды, сотты болған тұлғалардың алфавитті-дактилоскопиялық тіркеуі;

- нөмірленген үрланған және алынған заттардың тіркеуі (ұрланған қарулардың мәліметі, түрмыстықтехника, антикварлы заттар, медальдар және ордендер және т.б.);

-ТМД-ның автоматтандырылған іздеу жүйесі (ұрланған және үрлау мақсатынсыз айдап кеткен автокөлік кұралдарының мәліметтері).

Ақпараттарды беретін негізгі субъектілердің қатарына келесілер кіреді:

1. ҚР Бас Прокуратурасы;

2. ҚР Ұлтық қауіпсіздік комитеті;

3. ҚР Ішкі істер министрлігі;

4. ҚР Қаржы полициясы;

5. ҚР Кеден комитеті;

6. ҚР Әділет министрлігі;

7. ҚР Төтенше жағдай министрлігі.

Криминалистикалық тіркеулердің түрлеріне карай әркайсысы жеке тұрғыда төмендегіше ашылады.

Бас Прокуратураның, облыстық (қалалық) прокуратураларының жузеге асырылатын ОҚС (Орталандырылганқщықтық статистика) тіркеуінің жүйесі.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных