Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Аяқкиім іздерін өлшеу.




Жалаң аяқ табаны:

1 -саусак шетінен табанның шетіне дейінгі аралық.

2-табанның бас жағының ені.

3-табанның көтерілетін жерінің ені.

4-табан өкшесінің ені.

Қ - үлкен, ҚҚ —сұқ, ҚҚҚ —ортаңғы, ҚҮ —төртінші, Ү — шынашақ саусақтар.

Аяқ киім табаны:

1-табанның жалпы ұзындығы, 2-өкшенің ұзындығы, 3-өкше мен ұлтанның арасының үзындығы, 4-ұлтанның ұзындығы, 5-ұлтаннын ені, 6-аралықтың ені, 7-өкшенің ені.

Идентификациялык және диагностикалык мақсаттарды шешу үшін тек қана жалғыз із емес, окиға болған жердегі табылған аяқ, іздер жолы деп аталатын, табылған бірнеше аяқкиім іздері зерттеледі.

Яғни, бұл іздер жолына қарап, адамның жүріс-тұрысынын элементтерін, оның жұру жылдамдығын, бағытын, жобамен онын бойы мен салмағын, функционалды кемістіктерін анықтауы мүмкін. Бұндай зерттеуді жүргізу үшін оң және сол аяқ, іздердің тура ортасынан түзу сызық салынады. Бағыт сызығын жүргізіп, тергеуші жүріс сызығын анықтайды.

Бағыт сызығын жүргізу.

АБ — сол аяғының адымы, ВГ — оң аяғының адымы.

ДЕ — қадам ұзындығы.

Табылған іздерді фотосуретке түсіргеннен кейін оларды өлшемдеп, окиғаның хаттамасына толық сипаттап жазып, оған табылған аяқ іздерінің сызбасын тіркейді. Одан соң табылған іздердің көшірмесін, яғни көлемді іздер болса, онда гипспен немесе арнайы паста «К»-мен жабысынды көшірме, ал егер де үстірт із болса, онда дактилоскопиялық пленкаға алынады, іздердің фотосуреттері мен олардың көшірмелері сараптамалық зерттеуге жіберіледі.

Қан іздері - зат іздердің бір түріне жатады, бірақ бұл жерде канның биологиялық сипаттамасы, яғни сот медицинаға қатысты емес криминалистикалық мәнін қарастырамыз, (дәлірек айтқандакан іздерінін. Қалыптасуының себептерін). Қан іздерінің калпы кұрылу шарттарымен байланысты. Осы себептен, окиға болған жерде немесе киімнен табылған қан іздерінің қалпын зерттеп, олардың пайда болу тетігін аныктауға болады.

Тіс іздері - қылмыскерден тағамдарда калуы мүмкін (сыр, шоколад, жеміс-жидектер) және басқа заттарда (шөлмектін темір тығыны, қорғасын пломба және с.с. заттарда). Тіс іздері адамның (қылмыскер, жәбірленуші) үстінде де болуы мүмкін. Тіс іздеріне қарап, олардың қандай жағдайда қалғанын анықтап, тұлғаны идентификациялауға болады. Тістеуден калған іздер бойынша тіс аппаратының келесі жалпы және жеке белгілерін анықтауға болады:

-тіс доғасы қатарының қалпы мен елшемі;

- бір қатарда орналаскан тістердің саны;

- тістер арасындағы ара қашыктык;

- қатардағы тістердің қисаюы немесе жоқтығы;

- азу тістердің шайнайтын жағының бедерлігі;

- тіс протезінің болуы және с.с.

Тырнақ іздері — криминалистикалық зерттеудің объектісі ретінде, көбінесе жәбірленуші мен қылмыскердің үстінде кездеседі. Бұларды карау мен зерттеу кезінде іздерде жеке белгілердің қалмайтындығын ескере отыру керек және кейбір кезде бұндай іздер өздерінің жалпы белгілерін де езгертуі мүмкін (деформацияның әсерінен). Оған қарамастан тырнақ іздерінін бар екендігі олардың саны, түскен орны, кәрінісіне байланысты оқиғаның кейбір бейнесін аныктауға мүмкін болады (өзін қорғау фактісі, қылкындыру фактісі с.с). Егер де сезіктінің тырнағының астында жәбірленушінің терілерінің қалдыктары бар туралы мәлімет түссе, онда сезіктінің тырнағының астынан бар заттарды тазалап алып, тырнақтарын кесіп алып жібереді (сот-биологиялық сараптамаға).

Киім іздері — көлік кұралдарының боялған беттерінде (жаяу адамды басып кеткенде), жәбірленуші мен қылмыскердің алысқан жерлерінде және басқа окиға болған жердегі объектілерде кездеседі. Киім іздерінде жіптердің токылу іздері, суреті мен жіптің түрі сакталуы мүмкін (киімнінтігісі мен басқа белгілері).

Микрообъектілер - окиға болған жердегі пайда болатын майда зат—объектілер және бұларды зерттеу үшін арнайы техникалық күралдар мен аспаптар керек. Бүндай зерттеулердің объектісі болып микроіздер мен микрозаттар — 2 мм, кіші заттар және микробөлшектер болады. Тергеулік карау кезінде микрообъектілерді қылмыс қаруларынын үстінен, қылмыскердің киімдерінін, үстінен, автокөліктерден, тосқауылдардан және т.с.с. іздеген тиімді. Микрозаттарды іздеу әрекеті екі кезеңнен тұрады: біріншісі—оқиға болған жерде, екіншісі—лабораториялық жағдайда жүргізіледі.

Бұзу құрал іздерін механоскопия деп атап кеттік, және ол әр түрлі бүзу саймандар, аспаптар, өндіріс тетік іздері мен кұлып және пломбаларды зерттейді. Бұзу деп криминалистикада жабылған коймаларға (үй, пәтер, койма, сейф, шкаф. с.с.) заңсыз кіру максатында олардың жабу құралдарын немесе кабырғасын, төбесін, еденді, терезені және басқа тосқауылдарды толық немесе бөлшегін сындырып кіруді айтамыз.

Қылмыскерлердің қолданатын бұзу кұралдарын үш түрге жіктеуге болады:

1) бұзу үшін арнайы жасалған кұралдар «фомка», «балерина», «уистита»;

2)жалпы техникалық мақсаты бар кұралдар (газосварка, электросварка, әр түрлі аралар);

3) оқиға болған жердегі кездейсоқ қолданылған құралдар (әр түрлі темір саптар, арматуралар, тұрбалар, с.с.)

Бұлардың бәрін бұзылатын тосқауылға әсер ету бойынша механикалық және термикалық екі түрге бөлуге болады. Бірінші топқа (механикалық топ) келесі саймандар жатады: кесетін пышақтар, кайшылар, әйнек кескіштер, тістеуіктер, с.с, шауып сындыратындар (балта, зубило, сүймен, лом, с.с), аралайтын саймандар (аралар, егеулер т.с.с.) және тесетін саймандар, әр түрлі бұрғылар. Екінші топка (термикалық топ): газ және электр аппараттары, олармен қажет болса металдарды кесіп және косуға болады.

Оқиға болған жерде келесі бүзу іздері табылуы мүмкін:

- сындыру іздері;

- басылу іздері;

-қажалу немесе сырғу іздері;

- кесу іздері;

-термикалық әсерден қалған іздер.

Оқиғалы жерде табылған іздерді зерттеп талдаудың нәтижесінде келесі мәліметтер анықталуы мүмкін: бұзудың түрін, бұзу тетігін, бұзудың бағытын, қолданылған бұзу сайманның түрін, бұзу кезінде канша тұлғаның болғанын, жобамен қылмыскердің күші мен оның бойын, оның кәсіби машығын, бұзуға шамамен қанша уақыт кеткенін және қылмыскердің үсті мен оның киімінде (қалталарында, аяқкиімінде, тырнағының астында, шаштарында) қандай калдық іздердің болуы мүмкін екендігін анықтауға болады. Бұл жерде де, алдымен табылған бұзу іздерін көлемді тәсілді қолдана отырып фотосуретке түсіру керек, одан кейін қажетті өлшемдерді жасап, оны карау хаттамасына жан-жакты сипаттап кіргізеді, осы хаттамаға іздердің сызбалары мен түсініктемелерін тіркейді.

Құлып және пломбалардың криминалистикалық, яғни трасологиялық зерттеулерін, олардың жиі кездесу себебімен және олардың алғашқы қалпынан өзгеруіне байланысты жүргізіледі.

Құлыптар құрылысы бойынша төмендегіше жіктеледі:

а) жабылу объектісімен бекіту тәсілі бойынша тұрақты және алынып салынатын (ілінетін кұлып);

ә) мақсаты бойынша жалпы түрлі құлыптар (есіктік, жиһаздық) және арнайы құлыптар (сейф, автокелік, қойма с.с.)

б)бекітетін тетігінің кұрылысы бойынша серіппелік, сувальдалық, цилиндрлік, бұрандалуы, шифр жүйесімен қамтылған. Кұлыптардың көбінде олардың негізгі бөлшегі ретінде «ригель»— бекітетін кұрал саналады. Құлыпты бұзу мақсаты — оның «ригелін» жылжыту, сол себептен ригель оңайлықпен жылжымас үшін оны әр түрлі сувальда, серіппе, цилиндрлермен камтып, тек кана өзінің кілтімен ашылатын етіп жасалады. Оқиға болған жердегі алынған құлыптарға трасологиялық сараптама тағайындалып, оған келесі сұрақтар койылады:

-құлып кандай тәсілмен ашылған (бұзылған)?

- Құлыпты бұзғанда кандай күрал-сайман қолданған?

- құлыптың үстіндегі іздер колданбалы кілтпен бе немесе басқа заттың әсерінен калған ба?

Пломбалар - сақтандыру немесе бақылау ретінде қолданылады, солай бола түра олар да трасологияның объектісіне жатады. Пломбаларды коймалардың есіктеріне, вагондарға, контейнерлерге, қымбат тұратын заттарға қойып қолданады. Оларды қорғасын, темір, пластмасса, алюминий және басқа да матери-алдардан жасайды. Пломбалауды пломбаны сым темір немесе жіп арқылы керекті жерге іліп, оны үстінен пломбирмен қысу арқылы қажетті бақыланатын құралға бекітеді және пломбирді кысу кезінде пломбаның бетінде бақыланатын арнайы таңбалы белгіні пломбир қалдырады. Окиға болған жерді карау кезінде табылған пломбаны сол күйінде тиіспей фотосуретке түсіреді, бұл жерде макротүсіру тиімді болады, ол үшін объективке үлғайтқш сақиналар кигізіліп пломбанын, жалпы түрін, бүзылу іздері мен қысу іздерін фотоға түсіруді жүргізеді. Сараптама жүргізген кезде сарапшы ол пломбаны кесіп, бөліп, арнайы қүралдармен зерттейді. Зерттеу нәтижесінде ол оптикалық қүралдарды қолдана отырып, пломбаның ішкі кұры-лысында қосымша екінші рет іздер пайда болғандығын аныктап, койылған сүракка жауап береді.

3. Көлік құралдарының іздері оқиғалы жерде келесі жағдайларда қалады, біріншіден, қылмыскер қылмысты жасау мақсатында көлік пайдаланса, екіншіден, көлік қылмыс объектісі болса.

Көліктердің түрлеріне байланысты бұлардың іздері екі топқа бәлінеді:

- өздігінен жүрмейтін көлік іздері;

- өздігімен жүретін көлік іздері.

Өздігінен жүрмейтін көліктерге: жүк көліктерінің прицептері, арба, фаэтон, шаналар тағы с.с. Өздігінен жүретін көліктерге: автомобильдер, мотоциклдер, велосипедтер, мотороллерлер. Сондай-ақ өздігінен жүретін көлік санына тракторлар, басқа да өздігінен жүретін машиналар мен агрегаттар (ауыл шаруашылық, арнайы машиналар).

Окиға болған жердегі көлік іздерін зерттеу қылмыс тетігін аныктауға көлік құралдарының түрлері мен олардың кейбір ерекшеліктері туралы білім мүмкіндік береді. Автокөліктердің дөңгелектерінің іздерінен басқа оқиғалы жерде олардың шығынқы жерлерінің іздері тамған майларынын іздері және басқа да іздер калуы мүмкін. Көлік кұралдарының іздері көлемді және үстірт болады. Беті қатты жерлерде көліктерден қабаттану (ылғал, лас дөңгелектерден) және кабатсыздану іздері калады.

Өздігімен жүрмейтін көлік іздері арбаны немесе шананы, кол арбаны сүйреткен мал тұяқтарының іздерімен, ал кейде адам аяғының іздерімен қосарласады. Сондықтан мүндай кезде көлік ізімен бірге адамның немесе малдың ізін де қосып қарап зерттеу қажет.

Біріншіден, барлық іздердей көлік іздерін де фотосуретке бейнелеп бекіту қажет, бұл жерде де масштаб-сызыктық тәсілді және оқиға болған жерді түсірудің әдіс-тәсілдерін колданып жүргізу керек. Одан соң табылған іздердің бәрін өлшемдеп, сызбаға түсіріп, түсініктеме жазып, қарау хаттамасына енгізіледі. Одан кейін жақсы көрініп тұрған із болса, оны гипспен қүйып алу керек. Соңғы сатыда барлық жиналған іздердің көшірмелерін, фотосуреттер мен сызбаларын сараптамаға жіберу болады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных