Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып Криминалистикалық техниканың жалпы ережелері. Криналистикалық фотография және бейнежазба.




1. Криминалистикалық техниканың пәні мен түсінігі

2. Тергеуші мен криминалист-маманның қолданатын ғылыми-техникалық құралдары.

3. Сарапшылардың қолданатын ғылыми-техникалык құралдары.

4. Криминалистикалық фотография, бейне- жәнә дыбысжазбаларының түсінігі, маңызы және жүйесі

5. Сот-жеделдік фотографиялық әдістер

6. Тергеу әрекетін жүргізу барысында фотографияны қолданудың ерекшеліктері

7.Сот-зерттеу фотографияларының әдістері.

 

Криминалистикалық техника криминалистиканың бір бөлімі ретінде қылмыстық іздерді табу, бекіту, алу, жинауға қолданылатын және тергеліп отырған оқиға мәліметтерін қалпына кайта өндеуге бейімделген ғылыми-техникалық кұрал-әдістерді теориялық ережелер және қағидалар тұрғысынан өңдеп жетілдіру, сондай-ақ қылмыстардың алдын алу мен техникалық қүралдардың жүйесі болып табылады.

Криминалистикалық техниканың негізгі міндетіне — кылмыскердің жеке басы туралы, оның қолданған қаруы, оларды қолдану және жасалған қылмыстың өзге де жағдайлары жөніндегі мәліметтерді алу мақсатымен қылмыстың материалдық іздерін табу, бекіту, алу және зерттеу жатады. Криминалистикалық техника теориялық жағынан криминалистиканың бір бөлімі ретінде келесі мәселелерді қарастырады:

- жалпы жасалған қылмыстық іске қатысты қандай нысандар, қандай іздер қалдырылады және олардың қандай қасиеттері, сипаттары бар;

- риминалистикалық техниканы дамыту.

Сонымен қатар, тәжірибелік маңызына қарай арнайы мәселелерді зерттейді:

- қылмыстың ізін қалай және қандай техникалық құралдардың көмегімен табуға болатындығын;

- олар дәлелдеме болуы үшін, оларды қалай және қандай техникалық құралдармен тауып, бекітуге болатындығын;

-бұл дәлелдемелерді, қалай және қандай техникалық құралардың көмегімен алуға болатындығын.

- бұл дәлелдемелер қалай және қандай тәсілмен анықталғанын қарастырады, бірақ кебінесе бұл мәселені экспертология шешеді;

- қылмыстық іс, қолданылған қару, кылмыскерлер, қалдырылған іздер және т.б. мәселелер жайлы мәліметтерді қалай және қандай тәсілдер арқылы жинауға болатындығын;

- қандай техникалық кұралдар кылмыс жасауға кедергі жасайтындығын.

Табылған іздер бойынша объектілердің ішінен кажетті жекеленген іздерді немесе оларға катысты объектілердін түрін, тегін анықтау мәселелері туындайды. Іздерді калдырған деп табылған объектілерді анықтау мәселелері идентификациянын көмегімен шешіледі.

Крим техниканың барлық аталған мәселелерін екі топқа бөлуге болады:

- Идентификациялық

- Идентификациялық емес (іздерді іздеу т.б.)

Криминалистикалық техниканың ерекшелік сипаты — оның заңға сәйкес қолдануы болып табылады.

Криминалистикалык техника занда көрсетілген тергеу әрекеттерінде колданылады. Олар Қылмыстық іс жүргізу кодексінде қарастырылған — қарау, тінту және басқа да тергеу әре кеттерін жүргізу (фотосуретке түсіру, өлшеу, үлгі алу, калып жасау және т.б.) кезінде қолданылады.

Тергеу әрекеті барысында қолданылған криминалистикалық техника ол міндетті түрде хаттамаларында бекітілуі кажет. Қарау хаттамасында қандай объект фотосуретке түсірілгендігі, ол қандай нүктеден және кандай әдіспен түсірілгендігі нақты көрсетілуі тиіс.

Криминалистикалық техниканы тергеу әрекеттерін жүргізу барысында заңмен белгіленген тәртіп ережелерін сақтамай қолданылған жағдайларда, оның нәтижелері дәлелдемелік күшін жоғалтады.

Крим техниканың келесідей негізгі салалары калыптасқан:

• криминалистикалық техниканың жалпы ережелері;

•криминалистикалық фотография, дыбыс- және бейнежазба;

• трасология (іздер жөніндегі ілім);

• криминалистикалықбаллистика;

• криминалистикалық қолжазбатану және автортану;

• құжаттарды техника-криминалистикалык зерттеу;

• суық қаруды криминалистикалық зерттеу;

• криминалистикалық жарылыстану;

• заттар мен материалдарды криминалистикалык зерттеу;

• одорология;

• фоноскопия;

• дамдарды сыртқы бейне белгілері бойынша теңдестіру (габитология);

• криминалистикалык тіркеу және есепке алу.

Криминалистикалық техниканы тағайындау әдістерін келесі топтарға бөліп кәрсетуге болады:

I. Заттай дәлелдемелерді табу, бекіту және алудың әдістері мен тәсілдері.

II. Заттай дәлелдемелерді зерттеу әдістері мен тәсілдері

Криминалистикалық техниканың әдістері, олардың табиғи негізінде жатқан құбылыстар мен қай ғылыми топка жататындығы бойынша жүйеленеді. Атап айтқанда: а) физикалык; ә) химиялық; б) физика-химиялық; в) ботаникалық; г) физиологиялық; д) математикалық; е) логикалык; ж) биологиялық.

Криминалистикалық техника жалпы ғылым, сондай-ақ арнайы әдіс ретінде қолданылады.

2. Дәлелелдемелерді жинау процесіне оларды бекіту, алу және анықтау кіреді. Іздер мен басқа да объектілерді анықтау үшін қолданылатын криминалистикалық техниканың әдістері мен тәсілдері әр түрлі болады.

Тергеуші мен маман-криминалистің қолданатын техникалық құралдарын келесідей топтарға бөлуге болады: 1) жарықтандырғыш 2) өлшегіш; 3) іздейтін; 4) бекіту және алу; 5) буып-тұю құралдары.

Жарықтандырғышқа жарықтың фотовспышка, үлтракүлгін сәуле сперма, қан сияқты объектілер үшін.

Іздейтін құралдарға: қуыс бұрғылардың түрлері (щуп) және қондырғылары, әр түрлі үлкейткіш шынылар, дактилоскопиялық ұнтақтардың жиынтығы, дактилоскопиялық және магнитті кистілер жатады. Металдық объектілерді іздеген кезде әскери бейнедегі индукциондық металл іздегіштер және криминалистикалық мақсатқа арнайы дайындалған магниттік металл көтергіштер қолданылады.

Криминалистикалық бекітудің мақсаты - мүмкіндігінше нақты объектіні бекіту, фактіні, окиғаны, кылмыстың материалдық ізін және басқа да қылмыстық іс бойынша кажетті ақиқатты анықтау үшін бекіту.

Бекітудің әр түрлі тәсілдері қолданылады:

• вербальдық - хаттамаланған, дыбыс жазбалык;

• графикалық - графикалық бейнелік (схемалық және масштабтық жоспар, схемалар, соның ішінде суретті салу);

• пәндік - сол пәннен алынған, материалдық модельден жасалған

• қаралатын-бейнелік - суреттер; фототусірілімдер, бейне-жазбалары.

Бекіту объектіні, сондай-ақ оның белгілі бір касиеттерін, белгілерін, құрамын сақтау үшін бағытталуы мүмкін. Арнайы ортада құрылған заттай объектіні сақтау - бекіту арқылы жүзеге асырылады.

 

3. Сараптамалық тәжірибеде әр түрлі әдістер қолданылады. Әдістердің қандай касиеттерді зерттеуіне байланысты оларды топқа бөлеміз: 1) объектінің морфологиясын зерттейтін әдістер мен ғылыми-техникалық кұралдар; 2) объектінің физика-химиялық қасиетін зерттейтін әдістер мен ғылыми-техникалық құралдар; 3) объектінің жекелеген қасиеттерін зерттейтін әдістер мен ғылыми-техникалық құралдар; 4) ақпаратты өндейтін әдістер мен ғылыми-техникалық құралдар.

4. Криминалистикалық фотография — фототүсірілімдердң жалпы және арнайы түрлерін қолданудың құрал-жабдықтары мен әдістеріне, оларды криминалистикалық мақсатта қолданудың ғылыми негізделген мәліметтеріне, сондай-ақ криминалистикалық зерттеулердің сәйкес нәтижелеріне негізделеді. Криминалистикалық техниканың бөлімі ретінде, ол қылмысты ашу мен тергеуге байланысты әр түрлі криминалистикалық қызмет барысында қолданылатын фототүсірілім құралдары мен әдістерінің жетілдірілген ғылыми жүйесін құрайды.

Криминалистикалык фототүсірілім жекеленген тергеу әрекеттерін, жедел-іздестіру шараларын, кей жағдайларда сараптамалық зерттеулерді жүргізу барысы мен нәтижелерін көрнекі түрде бекітудін тиімді әдіс-құралы. Криминалистикалық мәселелер мен криминалистикалық қызмет түрлерінің ерекшеліктерін ескере отырып, сот фотографиясын екі түрге бөліп көрсетуге болады:

1.сот-жеделдік фотография;

2. зерттеу фотографиясы.

Сот-жеделдік фототүсірілімдер оптикалық кұралдарды қолданбай-ақ көзге көрінетін әр түрлі іздер мен объектілерді бекітуде колданылатын әдіс, ал зерттейтін фототүсірілімдер көзге көрінбейтін іздер мен объектілердің бөлшектерін, түс айырмаппылықтарын анықтап бекітуге негізделген әдіс болып табылады.

 

5. Сот-жеделдік түсіру әдісі әр түрлі сипаттағы объектілерді суретке, атап айтқанда: жергілікті жер, ғимарат, тұрғын-жай, су және әуе кеңістіктерін, адам, мәйіт, заттар мен күжаттардм және олардың белшектерін; объектілердің сыртқы бейнесі меи ерекшеліктерін бекіту мақсатында материалдык іздерді, сондай ақ қандай да бір іс-әрекет немесе олардың үзіндісін дәлелдейтін жағдайларды толық немесе бөлшектеп түсіруді қамтиды.

Бейнелеу фототүсірілім келесі әдістерден тұрады:

1) карапайым; 2) панорамалық; 3) сигналитикалық немесе тануға көрсету үшін; 4) өлшеп түсіру; 5) репродукциялық; 6) ірі масштабта (макротүсіру); 7) стереоскопиялық түсіру әдістері.

1. Қарапайым түсіру әдісі - бір кадрге ғана фототүсірілім жасау арқылы жүзеге асырылады.

2. Панорамалық түсіру - сот фотографиялық түсіру әдістерінің бірі, яғни үлкен кеңістіктегі не үлкен көлемді объектіні, сондай-ақ ғимараттың ішіндегі немесе тар жердегі мәйітті бөлшектеп түсіріп, кейін ол белшектерден бір панорамалық фотосурет шығару.

Панорамалық түсіру әдісінің схемасы: а) сызықты; ә) шеңберлі.

3. Тануға түсіру әдісі — іздеуде жүрген және қылмыстық тіркеуде түрған кылмыскерлерді тануға көрсету үшін, сондай-ақ тергеу кезінде адамдардың, мәйіттің жеке басын анықтап және оларды қылмыстық тіркеуге алу мақсатында қолданылады. Тануға түсіру әдетте екі түрлі әдіспен жүзеге асырылады 1. қарсы алдынан (фас), бетпе-бет; 2. оң жақкырынан (профиль), Суретке түсіру барысында келесідей шарт талаптары міндеті түрде сақталуы қажет. Танылушы адам бас киім, сырт киім, көзілдіріксіз, шашы мандайын, кұлағын жауып тұрмайтын ашық болып, тік отырып немесе түрегеліп тұруы тиіс.

4. Өлшеп түсіру әдісі тергеу әрекеттерін жүргізу барысында кейбір объектілердің ұзындығын, келемін немесе олардың арақашықтығын аныктап білу қажеттілігі туындауына байл-нысты қолданылатын криминалистикалық техника бөліміндегі сот-жеделдік түсіру әдістерінің бірі. Өлшеп түсіру әдісі масштабты және метрлік болып ек түрге бөлінеді.

5. Репродукциялық түсіру - құқық корғау органдары қызметінде әр түрлі құжат, схема, мәтіндер мен сызбалардың, дактилоскопиялық карталардың және басқа да тегіс беттегі объектілердің фотокөшірмелері қажет болған жағдайда тіке үстінен түсіру арқылы жүзеге асырылатын әдістің бір түрі.

6. Ірі масштабта немесе макротүсіру кішкентай объектілердін табиғи өлшемін түсіру немесе микроскопты қолданбай-ақ тікелей үлкейтіп түсіретін әдіс болып табылады. Ол тергеу әрекеттерін және сараптамалық зерттеу жүргізу барысында жүзеге асырылады.

 

6. Тергеу әрекетін жүргізу барысында фототүсірілімдер өте жиі колданылады. Фототүсірілім объектілеріне: оқиға болған жердің жалпы жағдайы мен оның бөлігі, мәйіт, іздер және басқа да заттай дәлелдемелер жатады.

Оқиға болған жерді суретке түсіру келесідей тәртіпте орындалуы тиіс:

а) оқиға болған жер және оның жекеленген белігінің жағдайы жөнінде толық мағлұмат алатындай көрнекі түрде түсірілуі шарт;

ә) оқиға жағдайы барынша толық, әрі дәлме-дәл түсірілуі қажет;

б) қажет болған жағдайда түсірілген объектілердің көлемі жөнінде мәлімет бере алатындай етіліп (метрлік және масштабты) түсірілуі тиіс.

Оқиға болған жерді түсіру келесідей әдіс түрлері арқылы жүзеге асырылады: бағдарлап, шолып, түйінді және детальды түсіру әдістері.

Бағдарлап түсіру - оқиға болған жердің өзін ғана түсіріп қоймай, сонымен қатар айналадағы оған жақын тұрған объектіні де қамтып түсіруге арналған әдіс.

Шолып түсіру - бүл оқиға болған жерді қоршаған айналасынсыз тек өзін ғана түсіру әдісі.

Түйінді түсіру - оқиға болған жердің жеке учаскелерін және ондағы кылмыстық материалдық белгілерінің барынша көп шоғырланған жерлерін ірі масштабта түсіру әдісі.

Детальды түсіру — бұл жеке іздерді және заттарды өлшеу масштабымен түсіру әдісі.

Іздер мен заттар — яғни заттай дәлелдемелер олардың табылған жерлері мен орналасу жағдайы, сыртқы құрылысының жалпы және жеке белгілері көрсетіле отырып суретке түсіріледі.

Нашар көрінетін қолдың майлы іздерінің фототүсірілімі (әйнек, пластмасса, жылтыр бетті заттарда қалдырылған) қараңғы бөлмеде күңгірт әйнекті фотокамерамен 1:1 масштабымен жүзеге асырылады.

Заттарды түсіру кезінде екі жарықтандыру көздерін қолдану қажет, тікелей — объектінің жалпы контурын көрсетіп және қырынан бедерлі белгілері көрінетіндей етіп түсіру керек.

Құжаттардың фототүсірілімі көбінде үлғайтқыш сақина көмегімен және қосымша жарықтандыру көздерін пайдалану жолымен жүзеге асырылады.

 

7. Микрофотография — зерттеліп отырған объектілердің микроқұрылымы мен микробедерін анықтау жөне бекіту максатында қолданылатын сот-зерттеу әдістерінің бір түрі. Бұл әдіс құжаттарды зерттеу барысында кеңінен колданылады, атап айтқанда: қиылысатын штрихтардың басып жазылу кезектілігін аныктау кезінде, карындаш штрихтары мен көшірме қағазының бояуын ажырату кезінде; трасологиялық зерттеулерде, мысалы: бұзу құралдары мен құрал-саймандарынан қалған іздерді идентификациялау үшін; атыс қаруларын атылған октар мен гильзалары арқылы идентификациялау; криминалистикалық зерттеу барысында яғни, лакпен боялған заттарды, талшықтарды, өсімдік белшектерін және есірткі заттарының құрамын, шыны, металл үгінділерін идентификациялау, сондай-ак идентификациялык, емес мәселелерді шешу кезінде қолданылады.

Микрофотография келесідей екі түрлі әдіспен жүзеге асырылады:

а) объектіні кішкене ғана үлкейтіп түсіру, арнайы қысқа фокустық объективтермен және микрообъективтермен қамтылған фотокамералар арқылы орындалады

ә) объектіні едәуір үлкейтіп түсіру жарықтандырғыш, электронды микроскоппен жабдықталған фотокамералар аркылы жүзеге асырылады. Микротүсіру кезінде жарықтандыру жеткілікті түрде күшті және бірқалыпты болуы керек.

Микрофототүсірілім жоғары шешу қабілеттілігі бар қарама қарсы түсті фотоматериалдарда орындалады.

Жарық сәулелі, растрлы-электронды, электронды микро скоптардың көмегімен әр түрлі үлғайту дәрежесінде өткізгіштік қабілеті жоғары фотосурет шығаруға мүмкіндік беретін фото камералар бар.

Жарықфильтрмен фотосуретке түсіру әдісі. Жарыкфильтр мен түсірілетін түсірілім түс ажыратқыш деп аталады. Оныи мақсаты — белгілі бір зерттелетін объектінің немесе онын бөлшектерінің түс өзгешеліктерін (айырмашылықтарын) анықтау.

Контрастылы түсірілім. Контраст негізінде объектілердің түс айырмашылықтары бойынша, яғни көлеңкелі контрастыларды қоса алғанда, бедердін, беткі қабатындағы көлеңкелердің бедерінен екендігін көрсететін байланыстардың болуын айтамыз.

Ультракүлгін сәулелерінде фотосуретке түсіру. Мұндатүсірілімдегі бейне көрінісі — түсірілім объектісінен көрініс табатын фотоматериалға ультракүлгін сәулелермен әсер ету немесе ультракүлгін сәуле әсерінен пайда болған көрінетін люминесценттік жарықты жіберу аркылы шығады. Жалған құжаттарды зерттеуде қолданылады.

Рентген сәулелерінде фотосуретке түсіру. Рентген сәулесін н фотосуретке түсіру — түсірілетін объект арқылы өтетін рентген сәулесімен фотоматериалға әсер ету нәтижесінде көлеңкс.ш бейне көрінісін алу әдісі. т.б.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных