Главная | Случайная
Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Сан есімнің лексика-семантикалық сипаты




Зару Назира Қанатқызы

Сан есім

Азіргі қазақ тіліндегі сан есім- дербес сөз табы.Ол басқа сөз таптарынан лексика-семантикалық, грамматикалық жағынан ерекшеленеді.

Сан есімнің лексика-семантикалық сипаты

Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімдер – заттың немесе заттық ұғымдар мен құбылыстардың санын,мөлшерін, бөлшегін, ретін білдіретін сөз табы. Тек Мағашты үш күндей оңаша алып отырып, арманын есітті. (Әуезов). Жеті атасын білген ұл жеті жұрттың қамын жер (Мақал).14-15 жасында-ақ тамаша әншілігімен даңқы шыққан (Мағауин) деген сөйлемдердегі үш, жеті,14-15 сан есімдері есім сөздердің санын,ретін,мөлшерін білдіріп, сандық белгісін анықтап тұр.

Қазақ тіліндегі барлық сан есімдер жиырма шақты сөздер арқылы жасалады. Оларды бірлік, ондық, жүздік, мыңдық деп алуға болады.

Бірлік: бір, екі, үш,төрт,бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз.

Ондық: он, жиырма, отыз, қырық, елу, алпыс, жетпіс, сексен, тоқсан.

Жүздік: бір жүз, екі жүз, үш жүз, төрт жүз, бес жүз, алты жүз, жеті жүз, сегіз жүз, тоғыз жүз.

Мыңдық: бір мың, екі мың, үш мың, төрт мың, бес мың, алты мың, жеті мың,сегіз мың, тоғыз мың.

Миллион, миллиард сан есімдері түркі тілдеріне, соның ішінде қазақ тіліне де орыс тілі арқылы еңген.

Морфологиялық құрамы жағынан сан есім дара, күрделі болып екіге бөлінеді.

Бір түбірден құралған негізгі және туынды сан есімдер дара сан есімдер деп аталады. Екінші тілек тілеңіз... (Бұқар жырау)

Дара сан есімдер іштей негізгі және туынды болып бөлінеді. Дара сан есімдерге морфемалық бөлшектерге бөлінбейтін сөздер жатады. Есеттің екі

жағында отырған екі жігіт оның үстіне қонжия түсіп, екі қолынан тастай ұстап, дедектетіп отырып... (Жүнісов)

Туынды дара сан есімдер әр түрлі грамматикалық жұрнақтардың жалғануы арқылы жасалады. Салқын судың ағынына бірер сүңгіп алып ем (М үсірепов)

Күрделі сан есімдер дара сан есімдердің тіркесуі не қосарлануы арқылы жаслады. Он төртінде дөп-дөңгелек болып мінсіз туған ай иыққа көтерілгенше жүрді. (Жүсінев)

Сан есімнің бір ерекшелігі – басқа сөз таптарынан жасалмауы. Барлық сан есімдер есептік сан есімдердің өзара тіркесу, қосарлану , әр түрлә жұрнақтардың жалғануы арқылы қалыптасқан.

Қазіргі қазақ тілінде семантикалық жағынан сан есімге жақын біраз сөздер тобы бар. Олар:

-салмақ өлшемдерін білдіретін сөздер: қадақ, пұт, келі

-көлем мөлшерін білдіретін сөздер:бір шымшым, бір уыс, бір тілім, бір құшақ т.б.

-қалындық мөлшерін білдіретін сөздер: шынашақ, бармақ, екі елі т.б.

-қашықтық мөлшерін білдіретін сөздер: адым, таяқ тастам, шақырым, қозы көш жер т.б.

-ұзындық өлшемін білдіретін сөздер: тұтам, сынық сүйем, кере қарыс, аршын, құлаш т.б.

 

-сан есімдердің тура мағынасындағы сөздер:

Жарты мағынасын білдіретін сөздер: жарты, жарым.

бір мағынасын білдіретін сөздер: жеке, дара, жалғыз, жалқы.

екі мағынасын білдіретін сөздер: егіз, қос, пар.

төрттен бір мағынасында: ширек.

Уақыт мөлшерін білдіретін сөздер: сүт пісірім уақыт, шай қайнатым, биенің бір сауымындай уақыт.

Бұл сөздер мөлшерлік мағынада қолданылғанымен, лексика-грамматикалық ерекшеліктеріне қарай басқа сөз таптарына жатады.

 

 




Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2019 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных