Главная | Случайная
Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Сан есімдердің морфологиялық ерекшелігі




Сан есім – дербес лексика-семантикалық ерекшеліктері, өзіндік морфологиялық белгілері, синтаксистік атқаратын қызметі бар сөз табы.Сан есімнің басқа сөз таптарынан негізгі айырмашылығы – зат есіммен тіркесіп, сандық жағынан анықтау және зат есімсіз қолданылып, сандық атауды білдіру. Сан есім басқа сөз таптарынан жасалмайды.

Сан есім контексте қолданылуына қарай заттың нақты санын,ретін, мөлшерін, бөлшегін білдіреді, сандық мағынаны тұспалдап, болжап көрсетеді. Осымен байланысты сан есімдерге сөзтүрленім жұрнақтанының жалғануы да біркелкі емес.

Дара сан есімдер де, күрделі сан есімдер де зат есіммен тіркесіп қолданылғанда, зат есімге көптік жалғауы жалғанбайды. Сейітқұл отыз үйлі кедейіне кетпен беріп, жер тегістеп, егін егуге кірісті. (Алтынсарин)

 

Қазіргі қазақ тілінде алпыс, жетпіс, сексен, тоқсан сан есімдерінің құрылысы ерекше.

Ал-пыс , жет-піс сөздерінде –пыш, -мыш элементі ескі дәуірде оң мәнін берген, ал сексен, тоқсан -сезіз он, тоғыз он сөздерінің бірігуі арқылы жасалған сан есімдер.

Сан есім сөйлемде жеке сөйлем мүшесі болумен бірге кейде күрделі сөз құрамына кіріп, күрделі сөйлем мүшесі қызметін атқарады.

-етістікпен тіркесіп келіп, күрделі баяндауыш болады. Қонаев кекірейіп кербезденбей, көптің бірі болып,жұпыны түрмен отыр. (Майлин)

-рет, жасар, есе, мәртебе,жыл сөздерімен тіркесе келіп, қанша? Деген сұраққа жауап беріп, етістіктің алдында еліп, бастапқы нақты сандық, мағынасы көмескіленіп,күшейткіш мағына үстейді. Бала көзінің астымен бір қарап алды.Қан жылаған халқын көріп, жүрегі бір өртенсе, қаны бір қазақтан қан қақсаған тағы көріп жүрегі екі өртенеді. (Есенберлин)

-бір сөзінің осылармен бірге тұрақты тіркес жасайтындары да аз емес: бір ауыз сөз, бір сырлы,сегіз қырлы, бір сөзді, бір жасау, бір киер киім, бір сабақ жіп, бір табан жақын.







Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2021 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных