Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Сан есімнің сөйлемдегі атқаратын қызметі




Сан есімнің негізгі қызметі – мағынасы жағынан заттың нақты санын білдіру болғандықтан, әдетте, сөйлемде сан есім анықтауыш қызметін атқарады. Сонымен бірге сан есім белгілі жағдайда сөйлемнің барлық мүшелерінің қызметін атқара алады.

1.Сан есім заттың мөлшерін, санын, ретін, бөлшегін білдіретіндіктен, зат есімнің алдында келіп, анықтауыш болады. Ондайда сан есім өзі анықтайтын зат есіммен орын тәртібі арқылы қабыса байланысады. Жұмысқа араласып адам бола бастағаны 2-3 жылдан бері ғана (Момышұлы). Ортасында бес үйлі бар көп үйлі ауыл (Әуезов).

Сан есім ілік септігінде тұрып та, матаса байланысып анықтауыш бола береді. Мұқаң екеуміздің арамызда алтын көпірдей жалғайтын – ұлы Абайдың рухы еді (Қаратаев). Екеуінің осы тұрысы – қылмысты адамның сыртынан бақылаған күзеттегі қарауыл секілді (Майлин).

2.Сан есім атау септігінде тұрып, бастауыш қызметін атқарады. Екеуі де жарасымды қалжың сияқты (Мүсірепов). Үшеуіміз жүргенде, толып жатқан күш едік (Махамбет).

3.Сан есім сөйлем аяғында келіп жіктеліп, баяндауыш болады. Екінші – ұят, сосын шындық - үшінші (Баласағұни)

 

4. Сан есім барыс, табыс,жатыс, шығыс, септіктерінің бірінде тұрып, өзінің бағынып тұрған сөздеріне меңгеріле байланысып, жанама, тура толықтауыш қызметін атқарады. Аңдыстырған екеуін, Құдайым-ай! (Абай).

5.Сан есімдер септік жалғауын қабылдамай-ақ, етістік алдында тікелей келіп, пысықтауыш болады. Үстінен «бес», «төрт» деп сатылай толтырылған жиырма бес көк аттестат қолымызда отырды (Нұршайықов)

6.Сан есім зат есіммен немесе қатыстық сын есіммен тіркесе келіп, сөйлемнің күрделі мүшесі, тіпті кейде үйірлі мүшесі де бола алады. Бұл шатыр төрт бұрышты, кеңдігі жүз адым, биіктігі үш найза (Жұмабаев). Қазақ әдетінде, қырықтан асқан әйел құдай жолына берілу керек (Майлин).






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных