Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Сан есімнің мағыналық топтары




Сан есімдер қолданылу ерекшеліктеріне қарай бір тобы зат есіммен тіркесіп,оны анықтап, есебін,ретін, мөлшерін білдірсе, біразы жинақтылық ұғымды, бөлшелік үлесті, болжалдық, шамалық мағыналарды білдіреді. Осындай мағыналық ерекшеліктеріне қарай қарай сан есім алты топқа бөлінеді.Олар: есептік сан есім, реттік сан есім, жинақтық сан есім, топтау сан есімі, болжалдық сан есім және бөлшектік сан есім.

 

 

Есептік сан есім заттың нақтылы санын және абстракты сандық ұғымды білдіріп, қанша? Неше? Деген сұрақтарға жауап береді. Есептік сан есімнің арнайы грамматикалық көрсеткіштері жоқ, олар түбірден тұрады. Абай жаз сайын Жаңылға деп, бір сиыр, 2-3 бие сауын жіберіп отыратын (Әуезов).

Қазақ тілінде есептік сан есімдер деректі санауға болатын зат пен заттық ұғымды білдіретін сөздерді ғана айқындап, солармен сөз тіркесін жасай алады.

Есептік сан есім жеке, зат есімсіз қолданылған жағдайда абстракты сандық ұғымды білдіріп,соның атауы ретінде қолданылады. Елу үш пен жиырма алтыны қоссаңыз неше болады?(Момышұлы)

Есептік сан есімдер құрылысы мен дәрежесіне қарай бірлік, ондық, жүздік, мыңдық сандар болып бөлінеді. Бірлік сандарға бір санынан бастапон-ғадейінгі,ондық сандарға он, жиырма, отыз, қырық, елі, алпыс, жетпіс, сексен, тоқсан сандары жатады. Жүздік, мыңдық сандарға жататын сөздер: жүз екі жүз..., мың, екі мың т.б.

Реттік сан есім заттың саналу ретін, орын, тәртібін білдіріп нешінші? Деген сұраққа жауап береді де, есептік сан есімдерге дауыссыз дыбыстардан соң –ыншы, -інші, дауысты дыбыстан соң –ншы, -нші жұрнақтарының жалғануы арқылы жаслады. Бірінші рет қатты өкпелегенін жасыра лмай барады (Мүсірепов).Әбіш бұдан бөлек екінші қағазды тағы жазды (Әуезов).Ырысты төртінші тәулік дегенде барып... (Жүнісов).Тоғызыншы тілек тілеңіз... (Бұқар жырау) деген сөйлемдердегі бірінші, екінші, төртінші реттік сан есімдері қағаз, тәулік, тілек сөздерінің ретін, орын тәртібін білдіріп тұр.

Реттік сан есімдер құрамына қарай дара және күрделі болып екіге бөлінеді. Дара реттік сан есім бір сан есім арқылы жаслады. Жаздың бірінші жаңбыры құйындата келіп төгіп жіберді (Майлин).

 

 

Күрделі сан есімдерге бірнеше сан есімдердің тіркесіп келуі арқылы жасалады. Бір мың тоғыз жүз жиырма жетінші жылы демалысқа келгенімде... (Момышұлы)

Қолданылу стильдік ерекшелігіне қарай реттік сан есімдерін жасайтын жұрнақтар ондық, жүздік, мыңдық сандарға қарағанда, бірлік сандарға жиі жалғанатыны байқалады.

Синтаксистік қызметі жағынан реттік сан есмінің зат есімнің алдында келіп, анықтауыш болады. Бұл- оның негізгі қызметі. Тентекті тәртіпке шақыру – бірінші парыз (Иманжанов). Екінші мәселе: жұмысшыларды топқа бөлу (Майлин) деген сөйлемдердегі бірінші, екінші сан есімдері парыз, тілек секілді зат есімдерді реттік жағынан анықтап тұр.

Реттік сан есімдер сөз тудырушы жұрнақтар қабылдап, басқа сөз табына айналып кетеді.Мұндай сөздер көп емес. Олар –лей жұрнағы арқылы жасалған екіншілей сөзі (үстеу), -лік жұрнағы арқылы жасалған біріншілік сөзі (зат есім). Бір сынаған адамды екіншілей сынама. (Махамбет). Әлем біріншілігінде алғашқы бестікке ілініп... («Алматы ақшамы»)

Жинақтық сан есім – заттың жинақталған сандық мөлшерін білодіріп, нешеу? Деген сұраққа жауап беріп, сан есімдерге –ау, -еу жұрнақтарының жалғануы арқылы жаслады. Үшеуі тізелерін қосқанда, найзалы баран атты атының басын тартыңқырап, анау екеуімен қатарласа берді (Сейфуллин). Адам баласы екі нәрседен: бірі-тән, бірі- жан. Достарың мың болса да, аз деп біл, дұшпаның біреу болса да, сақтан (Мақал) деген сөйлемдердегі екеуі, біреу, үшеуі сан есімдері жинақтық жағынаны білдіріп тұр.

Жинақтық сан есімдер бір мен жеті аралығындағы сан есімдерге –ау, -еу жұрнақтары жалғануы арқылы жаслады: біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау,, жетеу. Мұнда екі, алты, жеті сөздеріндегі қысаң –ы, -і дыбыстары түсіріліп қолданылады.

 

 

Жинақтық сан есімдердің бір ерекшелігі, әдетте, зат есімдерсіз жеке қолданылып, заттық мәнге ие болып, әрі сандық, әрі заттық мағынаны бірдей білдіріп тұрады. Алтау ала болса, алдындағыны алдырып, төртеу түгел болса, төбедегіні түсірер. Екеуі көп отырмай, үйге қайтты («Ғашық Наме»). Біреуі-сол сұмдардың Құсан залым (Байзақов).

Синтаксистік тәсілмен жинақтық сан есімдер қосарланып немес ара сөзімен бірігу арқылы үстеу сөз табына айналып ктеді: екеу-екеу, екеуден-екеуден, екеуара т.б. Балауыз шамның түбінде екеуден-екеу күңкілдесіп отырғанбыз (Сәрсенбаев)

Жинақтық сан есімдер құрамы жағынан тек дара түрінде ғана қолданылады.

Топтық сан есімдер заттар мен құбылыстардың санын топтап көрсетіп, қаншадан? Нешеден? Деген сұрақтарға жауап беріп, есептік, болжалдық сан есімдерге шығыс септігінің көнеленген қосымшаларының жалғануы арқылы жасладв. Біз екі-үштен бөлініп кеттік (Керімбеков). Беті шиқандай екі еркек, қасында бір-бірден бала жігіт бар (Мүсірепов).

Топтық сан есімдер морфологиялық жағынан дара және күрделі болып бөлінеді.

Дара топтық сан есім есептік сан есімдерге көнеленген шығыс септігінің жалғануы арқылы жасалады. Екі ана үш рет екеуден туған (Мұқанов)

Күрделі топтық сан есімдер бірнеше есептік сан есімдердің тіркесіп, соңғысына көнеленген шығыс септігінің жалғауы жалғануы арқылы жасалады. Екі моторлы қайыққа алты адам үш-үштен бөлініп мініп, айданға бет алды (Тілегенов).

Топтық сан есімдер грамматикалық көрсеткіштерімен түрленбейді және жаңа сөздер жасай алмайды.

 

 

Болжалдық сан есімдер заттар мен құбылыстардың санын дәл білдірмей, шамамен болжамдап, тұспалдап көрсетіп, қанша? неше? қай шамалы? қаншадай? Секілді сұрақтарға жауап береді. Он мыңдаған қой, мыңдаған түйе иттің құлы итақайда өреді. (Мұқанов). Жиырма бес күндей армияның жорығына біздің полк та қатысты (Момышұлы). Нағашысы төрт-бес жүз атымен кеп, Ақан серінің үйіне кеп қонады (Мұқанов).

Болжалдық сан есімдер, біріншіден, сан есімдерге немесе сан есім анықтап тұрған есім сөздерге әр түрлі қосымшалар жалғану арқылы жасалады, екіншіден, сан есімнің қосарлануы арқылы жасалады. Осымен байланысты оларды синтетикалық, аналитикалық тәсіл арқылы жасалған болжалдық сан есімдер деп бөлуге болады.

Болжалдық сан есімдердің синтетикалық тәсіл арқылы жасалуы:

 

1.Есептік сан есімдерге –лаған, -леген, -даған, -деген, -таған, -теген жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады.

Өз сыбағасының ешкімге жібермегендігі мыңдаған жыл тарихында айқындалған (Момышұлы).

2. Сан есімдерге –дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.

Төрт мыңдай жылқы сату керек (Мүсірепов).

 

Болжалдық сан есімнің аналитикалық тәсіл арқылы жасалуы:

1. Есептік сан есімдердің қосарлануы арқылы жасалады. Түбектің аумағы -қырық-елу гектар (Мұстафин). Үй саны елу-алпысқа жетеді (Мұқанов).

2. Есептік сан есімдерге (түбір және барыс, шығыс тұлғаларында) шақты, шамалы, қаралы, таман, жуық, астам, асқан, келген, тарта, таяу сөздерінің тіркесуі арқылы жасалады. Қоңыр өзектің ішінде жүз қаралы мал жатыр екен (Мүсірепов). Меніңше, екі жарым шамасында келісерміз деймін (Мүсірепов).

Болжалдық сан есімдер сандық ұғымды білдіріп, зат есіммен тіркескенде, грамматикалық қосымшаларды қабылдамайды. Қалғандары арамызда 5-6 адам (Аманжолов). Бірінен-бірі алшақ салынған он шақты үйлер тұр (Мүсірепов)

Болжалдық сан есімдердің қосарланып келуі арқылы жасалған бірнеше сөздер бар. Олар: бірді-екілі, бесті-оңды т.б. Отан соғысы жылдарында бірді-екілі мақалаға тоқталайық (Әлімбаев).

Болжалдық сан есім бірнеше жолмен жасалады:

1) Есептік сан есімдерге -лаған, (-леген), -даған, (-деген), -таған, (-теген), -лап, (-леп), -дап, (-деп), -тап, (-теп), -дай, (-дей), -тай, (-тей) жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Мысалы: жүздеген, отыздаған, қырықтаған мыңдап, елулеп, жетпістей, тоқсандай т. б.

2) Есептік сан есімдерге әуелі көптік жалғауы, оның үстіне жатыс септік жалғау жалғану арқылы жасалады. Мысалы: (жасы) елулерде, (сағат) ондарда, бестерде т. б.

3) Есептік сан есімдердің қосарлануы арқылы жасалады. Мысалы: он-он бес, қырық-елу, жетпіс-сексен, қырық-елудей, елу-елу бестерде, жүз-жүздеген т. б.

4) Есептік сан есімдерге шамалы, шақты, қаралы, таман, тарта, жуық, жақын сияқты сөздердің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: жүз шамалы, мыңга тарта, отызға жақын т. б.

 

Бөлшектік сан есімдер- заттар мен құбылыстардың бөлшектік санын, үлесін білдіреді.

Бөлшектік сан есім морфологиялық жағынан күрделі болып келеді. Ол сан есімдердің белгілі бір грамматикалық формалары арқылы тіркесуінен жасалады.

Бөлшектік сан есімдер тілде жай бөлшек және ондық бөлшек болып жұмсалады. Жай бөлшек сандар сан есімдер тіркесінің бөлімі шығыс немесе ілік септігінің бірінде, ал алымы тәуелдік тұлғада тұру арқылы жаслады. Қарашық лашқарларының үштен-бірі Жәнібек жағына шықты (Есенберлин) деген сөйлемде бөлшектік сан есімнің алымы шығыс септігінде тұрған сөз үштен және бөлімі тәуелдік тұлғада тұрған бірі сөздері арқылы жасалған.

Бөлшектік сан есімдер есептік сан есімдерге жарты, жарым, ширек сөздерінің тіркесуі арқылы немесе жеке тұрып қолданылуы арқылы жасалады. Әуреленіп жарты километрдей жер жылжыдық (Момышұлы). Ал соңғы бір жарым айда екеуі күн сайын кездесіп тұрды десе де болғандай (Жұмаділов).

Бөлшектік сан есімдер заттың бөлшектік санын білдіреді. Бөлшектік сан есімдер жай бөлшек және ондық бөлшек болып екі түрде қолданылады. Жай бөлшек сандар екі есептік сан есімнің бөлімі шығыс я ілік септікте, алымы тәуелдік тұлғада жұмсалады.

Мысалы: екіден бірін (1/2), ал, үштің бірін (1/3), оннан екісі (2/10) т. б. Сол сияқты бөлшектік сан есімдер есептік сан есімге жарты, жарым, ширек сөздердің тіркесінен де жасалады. Мысалы: екі жарым, үш ширек т. б. Ондық бөлшектік сан есім бөлімі ондық, жүздік, мыңдық сияқты болып жасалады. Мысалы: екі бүтін үш ондық (2, 3), бес бүтін төрт жүздік (5, 04), он бүтін жүз елу бір мыңдық (10,151) т. б.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных