Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Кесте Зәрдің физикалық қасиеттері олардың патология кезіндегі өзгеруі




Физ.қасиеті Норма Нормада өзгеруі Патологияда өзгеруі
       
       
       
       
       

 

 

Физикалық қасиеті Норма Қалыпты жағдайда өзгеруі Патология кезінде өзгеруі
Мөлшері Тәулігіне 1000 -2000 мл Физиологиялық полиурия - тәулігіне 2л-н артық. Физиологиялық олигоурия -тәулігіне 500 - 1000 мл. Физиологиялық поли- және олигоурия ішкен сұйықтық мөлшері мен тердің бөліну дәрежесіне байланысты.   Патологиялық полиурия- зәрдің тәулігіне 2литрден артық бөлінуі, бүйректік және бүйректен тыс болып бөлінеді (бүйректен тыс қантты және қантсыз диабетте байқалады). Патологиялық олигоурия- тәулігіне 50-500 мл. Анурия тек патологиялық болады-тәулігіне 50 мл - ден аз. Патологиялық олигоурия және анурия преренальды (шок алғанда), ренальды (бүйрек аурулары кезінде), постренальды (зәр шығару жолдарының ауруларында) болып бөлінеді.
Меншікті салмағы (салыстырмалы тығыздығы) Зәрге жалпы анализ кезінде 1,010-1,025. Зимницкий сынамасы бойынша 1,002-1,032 Зәрдің құрамындағы тұздар мен мочевинаға байланысты. Физ. гиперстенурия физ. - олигурия кезінде, физ. -гипостенурия физ. полиурия кезінде байқалады. Патологиялық гиперстенурия белок пен глюкозаның есебінен - бүйрек аурулары және қантты диабет кезінде байқалады. Патологиялық гипостенурия бүйрек жеткіліксіздігі кезінде байқалады. Бұл жағдай изостенурияға әкелуі мүмкін. Изостенурия тек патологиялық болады, оны тек Зимницкий сынамасы арқылы ғана анықтауға болады, бұл кезде зәрдің меншікті салмағы (1,002-1,005) тәулік ішінде өте аз өзгереді.
рН 5,0-7,0 (әлсіз қышықылдық орта) Натрий және калий дигидро- фосфаттарына (КН2РО4, NaH2PO4) байланысты.рН-ң жоғарылауы сілтілі минерал суларды көп мөлшерде қолданғанда, өсімдікпен ғана тамақтанатын адамдарда, ем- шек тегі балаларда (сүтте көп мөлшерде сілтілі өнімдер бар) байқалады. рН-ң төмендеуі көп мөлшерде ет жегенде байқалады. Клиникалық практикада рН мәнінің жоғарлауының маңызы бар, өйткені зәрдің сілтілік реакция беруі зәр шығару жолдарында инфекцияның дамуына әкеледі. рН мәні кейбір дәрілік заттарды қолданғанда, зәр шығару жолдарының қабыну ауруларында (аммиакты ашу), ұзақ уақыт құсқанда (қышқыл эквиваленттер жойылады) жоғарылайды. рН мәнінің бірден төмендеуі қызбада және қантты диабетте (белоктардың ыдырауы, амин қышқылдарының катаболизмнің артуы) байқалады.
Түсі Сабан сары түстен янтарь сары түстіге дейін Зәрдің түсі онда пигменттер- дің – урохром, стеркобилин, урозеин, уроэритрин болуына байланысты. Зәр түсінің сандық өзгеруі – гиперхромурия және гипохромурия. Гиперхромурия физ. олигоурияда, ал гипохромурия физ. полиурияда байқалады. Зәр түсінің сапалық өзгеруі қызылша немесе басқа да бояуы бар тағамдарды қолданғанда байқалады. Гиперхромурия пат. олиго - және анурияда, ал гипохромурия пат. полиурияда байқалады. Зәр түсінің сапалық өзгеруі зәрдің қызыл - қоңыр түсі (ет жуындысының түсіндей) қан болғанда, яғни гломерулонефритте және жарақат алғанда, бүйрек- тас ауруында байқалады. Қоңыр түс (сыра тәрізді) бауыр және өт шығару жолдары ауруларында байқалады. Бұл зәрде уробилин мен тікелей билирубиннің болуына байланысты. Липурияда ақ түс байқалады. Зәрге ХМ-ң және хилёзді фистул кезінде лимфаның түсуі кезінде байқалады. Зәр түсінің көк-жасыл түсті болуы ішекте шіру процестері күшейгенде байқалады, бұл индигоға байланысты.
Мөлдірлігі Толық Біраз уақыт тұрған соң лайланады. Лайланған зәр - 1) тұздардың, 2)липидтердің, 3)бактериялар мен іріңнің, 4) белоктың болуына байланысты.
Иісі Әлсіз миндаль немесе жаңа піскен ет сор- пасының иісіндей Патология кезінде зәр иісі жиі өзгереді, оның негізгі себебі амин қышқылдары алмасуының туа пайда болған бұзылысы болып табылады. Аммиак иісі зәр шығару жолдары қабынғанда, ацетон иісі қант диабетінде, тышқан иісі фенилкетонурияда, үйеңкі қайнатындысының иісі тармақталған амин қышықылдары -лейцин, изолейциннің туа пайда болған патологиясымен байланысты.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных