ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Халықаралық ынтымақтастықтың басымдықтары ...Конституцияның 4-бабының 2-тармағы бойынша ратификацияланған халықаралық шарттар заңнамалық актілердің иерархиясында жоғары заң күшіне ие, барлық аумақта тікелей қолданылатын Конституциядан кейінгі орында орналасқан.Мемлекеттің халықаралық шарттары бүкіл мемлекет атынан немесе жекелеген мемлекеттік органдар атынан жасалады. Бірақ бұл шарттар мемлекеттің еркімен санкцияланған, сондықтан да орындалуға міндетті болып табылады. Алайда халықаралық шарттарды жасайтын мемлекеттік органдардың иерархиясымен байланысты болатын өз иерархиясына ие. Конституция ұлттық құқықтық жүйе мен халықаралық құқықтық жүйесін жалғастыратын буын ретіндегі басты трансформатор рөлін атқарады. Ынтымақтастық – түрлі мүдделі топтардың бейбіт қатар өмір сүру жағдайында экономикалық, саяси-әлеуметтік, рухани-мәдени және халықаралық мәселелерді бірлесіп шешудегі қабілеттілігі. Ынтымақтастық қоғамдық қатынастардың әр түрлі деңгейінде көрінеді. Сондықтан қазіргі әлемдік қатынастардағы ынтымақтастық бағыттары сан алуан. Әрине шешуші ынтымақтастық бағыттары – экономика ынтымақтастық, сауда, мәдени-техника, технология және ақпараттық ынтымақтастықтарының маңыздылығы арта түсуде. Халықаралық шарт - (ағылш. international treaty; нем. internationaler Vertrag) Халықаралық құқықтар мен міндеттерді, оның қатысушылары үшін бекітетін олардың өзара және халықаралық қатынастарының түрлі мәселелері бойынша, мемлекеттер мен басқа халықаралық құқық субъектілері арасындағы келісім; халықаралық құқықтың негізгі көзі. Конвенция - лат. Conventio - келісім) кез келген саладағы адамдардың мінез-құлқының және іс-әрекетінің, оның ішінде, жаһандық мәселелерді шешу барысында келісім бойынша қабылданған ережелер мен қағидалар; Мысалы: шөлге айналуға қарсы күрес туралы БҰҰ Конвенциясы (9.07.97 ратификацияланған, 7 маусым 1997 жылғы «шөлге айналуға қарсы күрес туралы БҰҰ Конвенциясын ратификациялау туралы» ҚР заңы, 28.06.97 сенат қаулысы), «биологиялық әртүрлілік жөніндегі Конвенция» (биоқауіпсіздік туралы Картахендік хаттама негізінде 2000 ж), ж.е т.б Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|