Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Оршаған ортаның сапасын нормалаудың....




Экологиялық нормалау - қағидалардың (нормалардың) және олардағы қамтылған қоршаған орта жай-күйiнiң және оған әсер ету дәрежесiнiң сандық және сапалық көрсеткiштерiнің (нормативтерiнің) жүйесi.Экологиялық нормалаудың мақсаты экологиялық қауіпсіздікті, экологиялық жүйелер мен биологиялық әртүрлілікті сақтауды қамтамасыз ететін қоршаған орта сапасын реттеу және оған жол беруге болатын әсерді белгілеу болып табылады.Экологиялық нормалау процесінде қоршаған орта сапасының нормативтері, эмиссиялар нормативтері және табиғи ресурстарды пайдалану мен қорғау саласындағы нормативтер белгіленеді. Қоршаған орта сапасының нормативтеріне:1) қоршаған орта жай-күйінің химиялық көрсеткіштеріне сәйкес белгіленген нормативтер, оның ішінде радиоактивті заттарды қоса алғанда, жол беруге болатын шекті шоғырлану, химиялық заттардың шамалап алынған қауіпсіз деңгейлерінің нормативтері;2) қоршаған орта жай-күйінің физикалық көрсеткіштеріне сәйкес белгіленген, оның ішінде шудың, тербелістің, магнит өрістерінің, радиоактивтіліктің, жылудың және өзге де физикалық әсерлердің жол беруге болатын шекті деңгейлерінің нормативтері;3) қоршаған орта жай-күйінің биологиялық көрсеткіштеріне сәйкес белгіленген, оның ішінде қоршаған орта сапасының индикаторлары ретінде пайдаланылатын өсімдіктердің, жануарлардың және басқа да организмдердің түрлері мен топтарының нормативтері, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық ережелермен және нормалармен, гигиеналық нормативтермен регламенттелетін, микроорганизмдердің жол беруге болатын шекті шоғырлану нормативтер жатады. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жол беруге шекті шоғырлану нормативтерін белгілеу мақсатында зиянды заттарды қауіптілік дәрежесіне қарай сыныптауды қамтитын, ықтимал қауіпті химиялық заттарды мемлекеттік тіркеуді жүргізеді. Мемлекеттік тіркеуден өткен химиялық заттарды Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға жол беріледі.Жол беруге болатын шекті шоғырлану және заттардың шамамен алынған қауіптілік деңгейлерінің нормативтерін белгілеу тәртібі Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заңнамаларында, Қазақстан Республикасының жер заңнамасында айқындалады.Табиғи ресурстар жай-күйінің нормативтері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табиғи ресурстардың әрбір түрі бойынша белгіленеді.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных