ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Жануарлар дүниесін жалпы пайдалану кезіндегі экологиялық талаптарЖануарлар дүниесін жалпы пайдалану Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жануарлар дүниесі объектілерін табиғи ортадан алып қойылмай жүзеге асырылады.Жануарлар тіршілігінің пайдалы қасиеттерін, сондай-ақ жануарлар дүниесі объектілерін ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелік, эстетикалық және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа мақсаттарда пайдалану жануарлар дүниесін жалпы пайдалану тәртібімен жүзеге асырылады.Жануарлар дүниесін жалпы пайдалануды жүзеге асыру кезінде жануарларды алып қоюға, олардың паналау орындарын және басқа да құрылыстарды қиратуға, жануарларды көбею кезеңінде мазалауға, жануарлардың тіршілік ету ортасын бұзуға және олардың көбею жағдайларын нашарлатуға тыйым салынады. Балық аулау ережесі, балық аулау объектілері, балық шаруашылығы мен балық аулауды жүргізу үшін балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру тәртібі, балық ресурстары мен басқа су жануарларын беру тәртібі Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасында белгіленеді.Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жеке тұлғаларға жануарлар дүниесі объектілерін жалпы пайдалану тәртібімен балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қорында бір рет балық аулауға шыққанда бес килограмға дейін тегін әуесқойлық (спорттық) балық аулауға мүмкіндік беріледі. Бұл ретте жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы белгіленген ережелер, нормативтер, шектеулер мен тыйымдар сақталуға тиіс.Сулы-батпақты алқаптарда және балық ресурстарының және басқа да су жануарларының тіршілік ету және таралу орындарында гидромелиорациялық жұмыстар мұндай қызметтің жобалары мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткеннен кейін жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның рұқсаты бойынша жүзеге асырылады.Балық аулау Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|