ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Азақстан Республикасында Атмосфералық ауа мониторингін..Атмосфералық ауа - қоршаған ортаның атмосфера газдарының табиғи қоспасы болып табылатын компонентi.Атмосфералық ауаның жай-күйiн байқау, оның жай-күйiн кешендi түрде бағалау мен болжау, сондай-ақ мемлекеттiк органдарды, ұйымдар мен халықты атмосфералық ауаның сапасы туралы ағымдағы және шұғыл ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы, атмосфералық ауаның мемлекеттiк мониторингiн ұйымдастырады, Қазақстан Республикасының тиiстi аумақтарында оның жүзеге асырылуын қамтамасыз етедi. Атмосфералық ауаны қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылау:1) атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттарды шығаруға және оған зиянды физикалық әсер етуге рұқсаттармен белгiленген талаптарды;2) атмосфералық ауаны қорғаудың, оның iшiнде атмосфералық ауаны қорғауға өндiрiстiк бақылау жүргiзудiң стандарттарын, нормативтерiн, ережелерiн және өзге де талаптарын3) атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығаратын тұрақты көздерi бар объектiлердiң санитариялық-қорғаныш аймақтарының режимiн;4) атмосфералық ауаны қорғау бағдарламаларының орындалуын; 5) Қазақстан Республикасының атмосфералық ауаны қорғау саласындағы заңдарының өзге де талаптарын сақтауды қамтамасыз етуге тиiс. Атмосфералық ауаны қорғау саласындағы мемлекеттiк басқаруды Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы мен облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары жүзеге асырады. здерi үшiн белгiленген шектi жол берiлетiн нормативтен асып кететiн атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығаратын және (немесе) зиянды физикалық әсер ететiн көздерi бар жеке және заңды тұлғалар оларды азайту жөнiнде шаралар қабылдауға тиiс. Атмосфералық ауаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар Қазақстан Республикасының атмосфералық ауаны қорғау саласындағы заңдарына сәйкес жүргiзiлуге тиiс.Атмосфералық ауаның сапасын жақсарту жөнiндегi iс-шараларды жоспарлау және жүзеге асыру кезiнде азаматтар мен қоғамдық бiрлестiктердiң ұсыныстарын ескеру мақсатында атмосфералық ауаны қорғау бағдарламалары олардың талқылауына шығарылады.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|