Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ндірістік және тұтыну қалдықтар...




Өндіріс қалдықтары - шикізаттың, материалдардың, өзге де бұйымдар мен өнімдердің өндіріс процесінде түзілген және бастапқы тұтыну қасиетін толық немесе ішінара жоғалтқан қалдықтары. Қызметі нәтижесінде өндіріс және тұтыну қалдықтары құралатын жеке және заңды тұлғалар олардың меншік иелері болып табылады. Қалдықтарға меншік құқығын басқа тұлға сатып алу-сату, айырбастау, сыйға беру шартының немесе қалдықтарды иеліктен шығару туралы өзге де мәміле негізінде алуы мүмкін. Қалдықтардың меншік иесі қалдықтарды жинаудың орталықтандырылған жүйесін немесе қалдықтарды жинау, кәдеге жарату, қайта өңдеу, сақтау, орналастыру немесе жою жөніндегі операцияларды атқаратын субъектілердің қызмет көрсетулерін пайдалануға тиіс не қалдықтарды орналастыру мен жою жөніндегі операцияларды дербес жүзеге асыруға міндетті.Өндіріс пен тұтыну қалдықтарының мемлекеттік кадастры қалдықтарды орналастырудың әрбір объектісі (олардың кеңістіктегі орналасуын көрсете отырып) бойынша геоақпараттық жүйелер, сондай-ақ қалдықтардың түрлері, олардың шығу көздері мен физикалық-химиялық қасиеттері (халыққа және қоршаған ортаға қауіптілігі ескеріле отырып), компоненттік құрамы, сандық және сапалық көрсеткіштері, оларды сақтаудың, көму мен тастаудың техникалық, гидрогеологиялық және экологиялық шарттары, оларды пайдалану мен залалсыздандыру технологиялары негізінде жүйелендірілген, кезеңділікпен толықтырылатын және нақтыланатын бірегей мәліметтер жиынтығы болып табылады. Қалдықтардың мемлекеттік кадастры мемлекеттік органдарды, мүдделі жеке және заңды тұлғаларды қоршаған ортаны қорғауға қатысты технологиялық, экономикалық, құқықтық және басқа да шешімдерді бағалау, болжау, әзірлеу үшін ақпаратпен қамтамасыз ету, сондай-ақ қалдықтардың жалпы мемлекеттік кешенді есебін жүргізу мақсатында жүргізіледі.Қалдықтардың мемлекеттік кадастрын жүргізудің негізгі міндеті жалпы мемлекеттік, өңірлік және салалық ақпараттық-сараптамалық жүйелерді және деректер банкін қалдықтар, оларды өңдеудің қасиеттері мен технологиялары бойынша ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных