Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың...




Қоршаған ортаны қорғауды және табиғат пайдалануды экономикалық реттеу тетiктерiнiң түрлерi:қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды жоспарлау мен қаржыландыру; қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн ақы төлеу; табиғи ресурстардың жекелеген түрлерiн пайдаланғаны үшiн ақы төлеу; қоршаған ортаны қорғауды экономикалық ынталандыру;нарықтық тетiктер және қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн квоталарды сату; экологиялық сақтандыру; Табиғатты үнемдеудің мемлекеттік реттеу зиянды заттар тастандыларын шектеу мақсатында, сондай-ақ экологиялық таза технологияларды қолдануды заттық ынталандыру үшін мемлекеттік мекемелер қолданатын заңнамалық, әкімшілік және экономикалық шаралар жүйесі болып табылады. Экономикалық реттеу тәсілдері табиғат пайдаланушыларды ынталандырудың дұрыс әдісіне (салық салу жеңілдіктері және несиелеу) және қоршаған ортаға кері әсер тигізгеніне төлем ақы мен айыппұл салуға алып келетін, ынталандырудың кері әсері. Табиғат пайдаланушыларда шығарындыларды тоқтатуға шығынды төмендету үшін жаңа мүмкіндіктерді іздеуге үнемі ынталандыру пайда болады Табиғатты үнемдеудің мемлекеттік реттеуі ерекше кең қолданылатын және тиімді құралы салық болып табылады. Қоршаған ортаны ластаған үшін салық салу жүйесі шығарындылардың көлемін қысқартуға инвестицияны ынталандыруды құруға арналған. Табиғатты үнемдеудің мемлекеттік жүйесінде экологиялық тепе-теңдік қызметін ынталандыруға бағытталған мемлекеттік субсидиялар маңызды рөл ойнайды.

30. Табиғи ресурстарға меншік құқығының

Меншік құқығы туралы Қазақстан Республикасының Конституциясына сай 6-бапта «1. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк танылады және бiрдей қорғалады.2. Меншiк мiндет жүктейдi, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игiлiгіне де қызмет етуге тиiс. Меншiк субъектiлерi мен объектiлерi, меншiк иелерiнiң өз құқықтарын жүзеге асыру көлемi мен шектерi, оларды қорғау кепiлдiктерi заңмен белгiленедi.3. Жер және оның қойнауы, су көздерi, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншiгiнде болады. Жер, сондай-ақ заңда белгiленген негiздерде, шарттар мен шектерде жеке меншiкте де болуы мүмкiн.» деп айқындалған. Заңнамалық тұрғыдан жан-жақты қамтамасыз етіліп, меншігіне бекітілген мүлікті меншіктенушінің өз қалауы мен мүддесіне орай иелену, пайдалану және оған билік ету мүмкіндігі, сондай-ақ өз шаруашылығының үстемдік аясына өзгелердің араласуына жол бермеу мүмкіндігі. Бұл мүмкіндіктер заңға қайшы келмейтін және өзгелердің заңды құқықтары мен мүдделерін таптамайтын кез келген әрекет арқылы жүзеге асады. Бұл тұрғыда меншік құқығы үш түрлі бөліктен тұрады:Иелену хақысы – меншіктенушінің мүлікке деген шаруашылық үстемдігі. Яғни мүліктің иесіне заң жүзінде бекітілуі;Пайдалану хақысы – мүлікті іске асырып, пайдаға жарату;Билік ету хақысы – құқықтық әрекеттер жасау арқылы мүліктің тағдырын белгілеу.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных