Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Экологиялық құқығының қайнар көздерінің түсінігі




«Экологиялық құқықтың қайнар көздері» деген ұғым «Экологиялық заңдар» деген ұғымнан кең. Экология құқықтарының қайнар көздері белгілері бойынша үшке бөлінеді: 1) кешенді; 2) ресурстық; 3) әлеуметтік - экологиялық. Экология құқықтарының кешенді қайнар көздеріне нормативтік актілер жатады, егер құқықтық реттеудің объектісіне бүкіл табиғи ресурстар мен табиғи орта жатса, оған «Айналадағы қоршаған ортаны қорғау туралы», «Экологиялық сараптама туралы» заңдарды жатқызуға болады. Экология құқықтарының ресурстық қайнар көздеріне нормативтік актілер, егер құқықтық реттеудің объектісіне жеке табиғи ресурстар жататын болса, мұнда Жер кодексі, Су кодексі, Орман кодексі және т.б. жатады. Экология құқықтарының әлеуметтік-экологиялық қайнар көздеріне адамдардың өмір сүруіне қолайлы ортаны қамтамасыз етуге бағытталған факторлар жатады. Оған «Қазақстан Республикасында халық денсаулығын сақтау туралы», «Семей облысындағы ядролық полигон туралы» заңдарды жатқызуға болады: 1) экология құқықтарының ең негізгі қайнар көзіне Қазақстан Республикасының Конституциясы жатадың; 2) Экология құқықтарының қайнар көзіне «Айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңы жатады. Бұл заң қазіргі және болашақ ұрпақтың мүдделерін көздеп, айналадағы табиғи ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілеуге және адам қызметінің осы табиғи ортаға зиянды ықпал жасауына жол бермеу шараларына бағытталған; 3) Экология құқықтарының қайнар көздеріне министрліктер мен ведомстволардың нормативтік – құқықтық актілері жатады. Министрліктер мен ведомстволардың актілері салалық басқаруды жүзеге асырады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных